де бұл ілгерілеу жеке тұлғаның рухани жетілуіне қызмет ететін болса.
Прогреске деген ұмтылысты … адам әлем мен ӛмірді ӛздігінен құндылық
ретінде қалыптастыратын оптимистік дүниетанымнан алады.
Швейцердің пікірі бойынша, бүгінгі күннің басты міндеті оптимистік
дүниетанымды негіздеу, бұған тек «ӛмірді қастерлеуді» негізгі ұстаным ету
арқылы қол жеткізуге болады. Бұл – адамды қайта жандандыруға,
шығармашылық белсенділігін, шынайы мәдениет туралы қамқорлық жасауға
бағдарлануды қалпына келтіруге қабілетті әмбебап «ғарыштық этика»
нормаларын қалыптастыру.
Қоғамдық ӛмірдің біртіндеп демократизациялануы, жоғары материал-
дық деңгейге жету, негізгі ӛндірістік процестердің техникалық жабдықталуы
мәдени құндылықтар элиталық құндылық болудан қалып, кӛппен теңескен
сипатқа ие болған бұқаралық қоғамның қалыптасуына алып келді. Бұл
бұқаралық мәдениеттің, яғни бұқаралық ақпарат құралдарымен қалып-
тастырылатын және арнайы индустрия арқылы таратылатын орташаланған
мәдениеттің пайда болуын шарттады. Бұқаралық мәдениеттің тарихи
мақсаты – бұқара халықтың мәдениетінің мүмкіндіктері, оның тілі, ӛнерді
қабылдау үшін қажет дағдылары туралы хабардар ету болып табылады; бірақ
бұқаралық мәдениет шынайы биік ӛнермен тілдесудің орнын баса алмайды.
Дегенмен, ол мәдениеттің жалпы мағынасында кез келген деңгейінде
гуманистік бағдарланған құндылық болып табылады. Ал осындай
құндылықты жоятынның бәрі мәдениетке қарсы нәрселер.
Бұқаралық мәдениет ұғымы мәнді әрі жағымды бола алады, себебі оған
миллиондаған адамдар тартылады. Ал бұл ұғымның жағымсыз мағынасы
кӛбіне адамдарға шынайы мәдениетке дейін жету мүмкіндігі берілу
бермейтіндігінде қамтылады. Керісінше, бұқаралық мәдениет бұқара
халықты мәдениеттің рухани биік, тіпті біртума ұлы үлгілеріне дейін кӛтеруі
тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: