тәжірибе, билік және әлеуметтік сәйкестіктер арасындағы ӛзара байланыс
күшейе түсетіндігі туралы болжам айтады.
Кастельстің пікірі бойынша, «даму тәсілдері – еңбектің материалға әсер
етуін жүзеге асыратын технологиялық сызбалар, олар ӛнім жасау үшін,
ақырында экономикалық артықшылықтың кӛлемі мен сапасын детерми-
нациялайды». Оның ойынша, «дамудың жаңа, ақпараттық тәсілінде
ӛндірімділік кӛзі білімді қалыптастыру, ақпарат пен символикалық коммуникацияны ӛңдеу технологиясында қамтылады. Әрине, білім мен
ақпарат дамудың барлық тәсілдеріндегі ең маңызды элементтер болып
табылады, себебі ӛндіріс процесі әркез білім деңгейі мен ақпараттың
ӛңделуіне негізделеді. Дегенмен, дамудың ақпараттық тәсілі үшін, білімге негізгі ӛндірімділік кӛзі ретіндегі білімнің әсер етуі ӛзіндік ерекшелік
болып табылады».
Американдық философ әрі әлеуметтанушы Льюис Мэмфорд (1895-
1990 жж.) қоғам дағдарысының себебін «мегамашиналар» рӛлінің тым
күшейіп кетуінде кӛреді. «Машина туралы миф» кітабында ол адамды
құрал ӛндіріп, оны басқарушы ретінде технократиялық бейнелеу енді артта
қалғандығын айтады. Жағымсыз технологиялық детерминизм тұрғысынан
Мэмфорд бүгінде техниканы пайдаланып басқаратын адам емес, керісінше
техника адамдарды пайдаланып басқаратындығын кӛрсетеді. Оның
айтуынша, адамдардың техниканы басқару процесі ӛзінің шоғырлан-
дырылған кӛрінісін жансыз әрі келбетсіз Мегамашинадан тапқан. Бұл
Мэмфордтың айтуынша, адам қызметінің ӛте ұтымды, технократиялық
әлеуметтік ұйымдастырылуы болып табылады.
Техниканың әлеуметтік функциясының қалыптасуының жарқын
кӛрінісі ретінде энергия мен білімді қолдану арқылы ӛндіріс құралдарын