Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық


 Ежелгi Қытай философиясы



Pdf көрінісі
бет40/313
Дата31.12.2021
өлшемі1,78 Mb.
#22005
түріОқулық
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   313
 
2.11. Ежелгi Қытай философиясы 
 
2.11.1. «Ӛзгерiс кiтабы» 
 
Қытай  ӛркениетi  –  Шығыстың  ең  ежелгi  ӛркениеттерiнiң  бiрi. 
Зерттеушiлер ақылды адам бұдан 200 мың жыл бұрын қазіргі Қытай жерінде 
пайда болған дейді. Ежелгi Қытайдағы философиялық ойлау барлық табиғат 
жанды, жанның жетекшісі аспан («шан-ди», немесе «тянь») болып табылады, 
ал  адам  –  табиғаттың  бӛлігі  және  дүние  орталығы  (ұрық)  деген  мифтен  ӛз 
бастауын  алады.  Тең  құқықты  ғаламның  бiр  бӛлiгi  әлемге  үндес.  Олардың 
алдында мынадай мәселе тұрды: дүниемен, қоғаммен және ӛзіңмен ӛзің бірге 
ӛмір сүру. Бұл – барлық қытай мифологиясының негiзгi идеясы және ежелгi 
мәтiндердегi дәлелдеу алған басты философиялық қағида. 
Біздің дәуірімізге дейінгі IX-VII ғғ. қытай мифтерінің барлығы даналар 
жазған «Таулар мен теңіз кітабына» («Шань хай цзин») енгізілген. Ол «қытай 
білімділігінің  классикалық  кітаптарына»,  тарих,  этика,  поэзия,  философия, 
заңдылықтар  негізі  бойынша  мәліметтер  жиынтығына  кезек  береді.  Бұл  – 
«Әндер кітабы», «Тарих кітабы», «Тәртіп кітабы» (дін нормалары, саяси және 
әлеуметтік әрекеттер), «Кӛктем мен күз кітабы».  
Бірақ,  Ежелгі  Қытайдың  барлық  жазба  түпнұсқалары  мазмұны  мен 
құндылығы  жағынан  «Кітаптың  кітабына»  сәйкес  келіп,  ӛркениетке  дейінгі 
әйгілі «И Цзиннің» «Ӛзгеріс кітабына» ұқсайды. Белгілі қытай философы Чэн 
Чжун-ин  «И  Цзиннің»  бастауы  адам  мен  аспанның  ӛзара  қатынастары 
туралы,  туу  және  затқа  айналуынан  шығады  деп  есептейді.  Бұл  қасиетті 
классикалық  кітап  –  қытай  әмбебаптығының  негізі.  Ӛзінің  мазмұны  мен 
тереңдігіне  қарай  Вед,  Тәурат,  Құранмен  қатар  тұрады  және  қазіргі  қытай 
мәдениетінің  іргетасы  болып  табылады.  Осыдан  философиялық  ойлау 
тарихы  басталады.  Бұл  кітаптың  қытай  мәдениетінде  алатын  орны  ерекше, 
тіпті  күні  бүгінге  дейін  қытай  халқы  осы  кітапқа  жүгінеді.  Бұл  трактаттың 


алғашқы фразасы – «... не Ин, не Ян – бұл Жол (Дао) және солай айтылады» – 
барлық қытай философиясының негізін салушы ұстанымына айналды.  
Ин  және  Ян  – дүниенің бастауында  тұрған  мәндер.  Бірақ олар  туралы 
ілім дуалистік сипатта емес, себебі, барлық болмыс ол екеуінің біртұтастығы 
арқылы  ғана  бар  бола  алады.  Демек,  олар  диалектикалық  бірлікте  болатын 
қарама-қарсылықтар.  Ин  және  Ян  қағидалары  аспан  мен  жер,  ұрғашы  мен 
еркек  арасындағы  қатынастармен  тығыз  байланысты,  әрі  олардың  дамуына 
нұсқайды.  Белсенділік  кӛбіне  Янға  тән  болады  да,  Ин  енжарлық  танытып 
отырады. Бірақ олардың бірлігі – диалектикалық дамудың кӛзі. Нәтижесінде 
заттар мен құбылыстар ӛзгерістерге ұшырайды. Мұндай ӛзгерістер адамдарға 
да қатысты болады. Аспан, жер, адам – бұлар үштік бірлікте белгілі бір даму 
жолымен (дао) тіршілік кешеді. 
 «И  Цзиннің»  негізін  8  триграмма  құрайды,  үш  түрлі  аралас:  біркелкі 
(ян  символы)  және  үзілмелі  (ин  символы),  сондай-ақ  64  гексаграмма 
(графикалық символдар),дүниені үнемі және кезекпен ӛзгертетін жабық жүйе 
туралы білімнен тұрады.  
«Ӛзгеріс  кітабында»  сондай-ақ,  Конфуциядан  біздің  уақытымызға 
дейінгі  қытай  философиялық  ойлауында  кеңінен  пайдаланылатын  негізгі 
философиялық категориялар анықталған. Мысалы, Дао (дүниелік заң, дүние 
және заттар жолы); ин-ян (белсенді емес түссіз және белсенді түсті бардың 
басы). Мұнда адам жетекшілік етуге міндетті негізгі ұстанымдар кӛрсетілген: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   313




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет