Вайшешика мектебінде (б.д.д. І ғ.) локаятиктер сияқты материалистік
кӛзқарас дамиды: дүние материалданған, үнемі ӛзгеріп отырады және бұл
үрдіс ӛмірлік, ауыспалы сипатта – бәрі дамиды және құлдырауға әкеліп
соғады. Ӛзгеріссіз тұрмыстың алғашқы негізі – ешкім жасамаған, түрлі
сапалы атомдар қалады. Атомдардың әр түрлі уақытта бірігуінен сезім
деңгейінде танылатын жанды және жансыз заттар пайда болады.
Бұл мектеп ӛкілдері онтология шеңберінде категориялық аппаратты
ойлап табады, барлық түсінікті екі категорияға бӛледі – жалпы және жеке
категориялар. Категория заттардың ӛзіндік ерекшеліктері, яғни құндылығы
мен сапасын кӛрсетеді.
Кейінгі оқуларға жүгінсек, заттардың кӛп қырлы әлемі мен құбылыстар
үшін бірдей, барлық субстанционалды негіздер – материалдық және рухани
түрде.Барлық вайшешиктер 9 субстанцияны кӛрсетеді, жартысы дәстүрлі
үнді философиясы үшін: эфир, кеңістік іспетті от, су, жер, сондай-ақ жан –
жеке және абсолютті әр түрлі психикалық сапа.
Жан туралы оқуда ол ӛмірлік, оның табиғаты материалдық емес, жан
екі формалы деп кӛрсетіледі:
- абсолютті, жоғары жан – болған және барлық жерде («ишвара»);
- жеке жан – ӛмірден-ӛмірге («атман») сансара заңы бойынша
байқалатын.