Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық



Pdf көрінісі
бет45/313
Дата31.12.2021
өлшемі1,78 Mb.
#22005
түріОқулық
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   313
2.11.5. Легизм 
 
Легизм  –  бастаушыларына  Цзы-чан  (б.д.д.  VI  ғ.),  Щан  Ян  (б.д.д.  390-
338 жж.), Ан Сы (б.д.д. 280-208 жж.) және осылардың ішіндегі белгілісі Хань 
Фэй  (б.д.д.  280-237  жж.)  мемлекетті  басқару  теориясын  шығарған.  Әйгілі 
заңгерлердің  еңбегіне  сүйене  отырып,  ол  «үш  сайман»  және  «екі  тартпа» 
оқуын  жасап  шығарды.  Бұл  оқудың  негізінде  тезис  жатыр.  Әрбір  заң  екі 
бастаудан тұрады – «кнут және пряник» – жаза және құттықтау. «Кнут» – бұл 
«жаза»,  ал  «пряник»  –  бұл  «құттықтау».  Хань  Фэй  сарай  басшылығының 
табиғатына  қорытынды  жасады  және  ӛзінің  екі  еңбегінде  заң  басшылығы 
жайлы  «Ропот  жалғыздығы»  және  «бес  паразит».  Циньдік  император  Цинь 
Шихуан,  осы  легистің  басшылығымен  Қытайды  сәтті  қосты.  Бірақ  дәл  осы 
басшы 460 белгілі конфуциандықтарды жерге тірідей кӛмуге бұйрық берген 
және осы жан заңына қарама-қайшылық жасаған жоқ. Жан заңын шығарған 
Хань  Фэй:  әйгілі  күрес  кезінде  бірі-бірінен  қалыспау  керек:  «Қазіргі 
уақыттың  басшыларына  бұрынғы  халықтан,  қазіргіден  басқа,  дәстүрлі 
түсінік,  жақсылық,  ӛз-ӛзін  жойды,  ӛмірде  ғана  емес,  саясатта  да  жаза 
қолданбаса  болмайды  –  заң  солай.  Адамды  сүйсінуді  басқаруға  болмайды». 
Заңқойлар  конфуциандық  салтқа  («ли»)  заңды  («фа»)  қарсы  қойды.  Сенген 
әдістерінен бас тартып, олар басқарудың екі басына – құрмет пен жазалауға, 
ал  арды  қорқыныш,  үреймен  алмастырды.  Хань  Фэй  ӛз  дүниетанымында 
даосизмге сүйенеді. Дао олардың ӛздеріне Аспанның ӛзі бағынатын әділетті 
заң  сияқты  қарастырады.  Заңға  бәрі  –  аспан,  заттар,  адам  да  бағынышты. 
Оған бағынбайтын тек Дао мен басқарушы.  «Ақылды басқарушы  – Даоның 
жолымен жүргендер, ӛзеннің ағысымен жүзген қайық сияқты», - деп жазды; 
…Бейімділік  тәртібі  –  барлық  істегі  табыс  кілті».  Хань  Фэй-Цзы  пікірінше 


адам туғаннан эгоист болып жаратылады. Қатыгез бастау табиғаттың ӛзінен 
басталады.  Бұл  табиғат  заңдылығы  ешқашан  жақсылыққа  айналмайды,  тек 
оны жазалау арқылы ғана жақсылықты күтуге болады. Осымен байланысты 
басшы  барлық  адамдарды  ӛзіне  қызмет  етуге  мәжбүрлеп,  құрметтеу, 
жазалауға әуестенуге шақырады. Осымен бірге Хань Фэй-цзы аз құрметтеп, 
қатты  жазалауды  ұсынды.  Мемлекеттің  бірлігі  және  оның  беріктігі 
басшылықтың  заңдылықпен  қамтамасыз  етуінде.  Легистер  мемлекеттің 
шаруашылық  қызметіне  ерекше  мән  беріп,  оның  экономикадағы  рӛлінің, 
яғни 
бағаның, 
нарықтың 
тұрақты 
болуын 
реттеді. 
Ӛкіметтің 
орталықтандырылған  қуаттылығы  үшін  табиғи  байлықты  реттеу  үшін 
мемлекеттік  монополияны  және  пайданы  мемлекеттік  қазынаға  беруді 
ұсынды.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   313




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет