Мысыр тайпалары шамамен б.д.д. XIII ғасырда қазіргі Палестина
жеріне басып кірді. Ханаона адамдарының мәдениеті, ӛз ұлттық
ерекшеліктері бола тұра, Мысырдың дін ғұмырына бағынды.
Александр Македонскийдің шабуылдарынан кейін эминизм тарады.
Александрдың ӛлімінен кейін Мысырды басқарған Лагидтар Мысыр дінін,
оған кӛне мифтерді қосып, оның тарауына себепкер болды. Мысырдың
әмірлік кезінде Исида ғұмырымен бірге Мысыр сиқыры кеңінен тараған, бұл
дін күмәншілік (скептизм) кезі болған, бұрынғы кӛне Құдайлар қоғамдық
сауалдарына сай болмаған, ол Германия, Галия, Британия сияқты алыс
жерлерге де жетеді. Исиданың ғұмыры ӛзінің тақуалығымен (аскенттік) және
салтымен пұтқа табынушылық пен Христиан дінінің аралық басқышы болды.
Авитидің әйгілі «Метамарфоздың» авторы, кӛне
дәуірде мықты сиқыршы деп
танылған және Исиданың абызы (жрец) болған, ғұмырға айналуды ӛз
туындысында тамаша суреттеген. Мысырлық Исида Лютецидің қамқоршысы
болды, қазіргі заманның Парижі, ал Христиан діні тарағаннан кейін оның
мүсіні христиандықтардың киелі бейнесі болды.
Мысыр дінінің үлкен бӛлігі бірақ нақты кӛрінетін мысырлық негізімен
Христиан дініне еш қарсылықсыз кірді. Бастысы, әрине, Осирис тірілген
мифі сияқты, Исаның қайта тірілу мифі жатады. Иса мен Сайтанның күресуі,
содан кейін жерге Құдай патшалығының келуі, бұл Хора (Гора) мен Септің
күресі іспетті.
Фараон ғұмыры дамуымен, Мысыр дінінің дамуы негізінде ӛзгерістер
болды. Табиғаттың кӛне Құдайлары ақырындап мемлекеттік Құдайларға
айналады – мемлекеттің басшылары, фараон және оның билігі. Осылай Ақыл
Құдайы, ӛліп тірілетін табиғат Құдайы – Осирис, о дүниенің патшасына
айналады. Мысырдың тұңғыш патшасы болғаннан кейін оны жиі фараон
ретінде бейнелейді. Абыз уағызы дін догматикасында және бейнелеу
ӛнерінде ажырамас байланыста кӛрсетуге ұмтылған, Аспан Құдайы мен Жер
Құдайының байланысы – фараон.
Мысыр мифологиясында ең басты «символ» ретінде сфинкс саналады.
Сфинкс – бұл Мысырдың ең алғашқы шығармашылығы және де ең маңызды
«символы». Адамның басы бұқаның денесінде тұр, арыстанның
тырнақтарымен және жанында жиналған қыранның қанатымен. Бұл
«символ» нені білдіреді? Бүгінге дейін бұл жайлы кӛптеген ойлар бар. Оған
қарамастан сфинксті Мысырдың ең басты Құдайы – Исиданың бейнесі
ретінде саналады, ол табиғат бірлігінің бейнесін кӛрсетеді. Бұл тӛрт элемент
жиынтығы микрокосмо мен макрокосмо (адам мен табиғат) – жер, су, ауа
және от – бұқа, арыстан, бүркіт және адам бейнесінің бірлігінде ашылады.
Бұқа, арыстан, бүркіт және адам бейнесінің бірігуінде микрокосмо мен
макрокосмоның тӛрт элементі жиынтығы, от, су, ауа
және жер бейнеленген
Сфинкс құпиясының шешімі микрокосмо ретінде адам ӛзіне ӛзге
барлық күштермен бірігеді.
Үлкен пирамида осы символдың кӛрінісі іспетті. Мысырлықтар осы
пирамидалар арқылы әлемдік таным абыздар мен фараондармен тілдесе
алады деп сенді.
Белгілі мысырлық
«Ӛлілер кітабында» ӛлгендердің жандары туралы,
олардың мәні, оларға қауіп тӛндірушілер мен олардан құтылу әдістері жайлы
мазмұндалған. Бұл кітап сиқырлы ӛлілерге арналған формулалар жайлы (180
тараудан астам) кең ауқымды қамтиды. Бұл формулаларды ежелгі
мысырлықтар бастапқыда ӛлілер денесіне жазса, кейінде осы «Ӛлілер
кітабына» жазды.
Сондай-ақ, мысырлықтар жерлеу мәдениетіне де аса зор кӛңіл аударды.
Мысырлықтар белгілі адамдар денесін күрделі бальзамдармен ораса,
қарапайымдар денесін құмға орады.
Ежелгі Мысырдағы философиялық ойлау «қолданбалы» сипатқа ие
болды да Үнді, Қытай ойшылдарының деңгейіне жете қоймады. Сонымен,
мұнда философия қоғамдық танымның ерекше формасы ретінде және ғылым
түрінде танылмады. Мысырлықтар ӛзге түрдегі, яғни мифтік және
мистикалық түрдегі ойлау формаларына негізделген ақыл мен білім
формасын иеленді. Бірақ, мысырлықтардың философиялық кӛзқарастары
эзотериялық және діни оқуларында, белгілі «Ӛлілер кітабында» кӛрініс
тапты.
Мысырлық адамдар дүниенің құрылымын түсіну үшін екі кілт
шығарды: біріншісі: сыртқы ішкіге ұқсас, үлкен де кішіге ұқсайды, бәрінде
де бірдей, екіншісі: адамдар – ӛлі Құдайлар, ал Құдайлар – ӛлі адамдар. Ніл
ӛзенінің тұрғындары адамның кім екенін түсінгендер ғана бақытты, тек қана
сол деп осы сӛздің астарын түсінеді. Осы сӛздерді ӛмір бойы жүректе
сақтаған білім күшке айналады.
Плутарх, Фалестің айтуынша мысырлықтарда су туралы ой барлық
заттың пайда болуының себебі болса, ал Пифагорда – сандар магиясы.
Достарыңызбен бөлісу: