Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық


«Аристотельдің  категорияларына  кіріспе



Pdf көрінісі
бет81/313
Дата31.12.2021
өлшемі1,78 Mb.
#22005
түріОқулық
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   313
«Аристотельдің  категорияларына  кіріспе»  деген  еңбегі  әйгілі.  Бірақ  ол 
Плотиннен гӛрі, практикалық философиямен кӛп айналысты.  
Плотин  мен  Порфирийдің  ойларын  антикалық  дәуірдің  белгілі 
философы  Проколмен  (  б.д.д.  410-485  жж.)  дамыды.  Оны  «Диадох»  деп 
атады, яғни ізбасары, ол жоғары сана тек кӛктен бір ғажайып түскенде ғана 
болады  деп  есептеді.  Махаббат  Проклға  ғажайып  сұлулықпен  байланысты 
орналастыруға кӛмектеседі, ақиқат ғажайып сананы ашады, ал сенім адамды 
Құдайдың мейіріміне қосады.  
Порфирийдің  ізбасары  Сириялық  Ямвлих  (б.д.д.  280-330  жж.)  кӛне 
мифологияның  диалектісін  бір  жүйеге  келтірген.  Ол  философияның 
практикалық жағына кӛңіл бӛлген, сыртқы ӛмірдің экстатикалық жаңдануын 
бақылаған. 
Неоплатонизм  философиясы  кӛбінесе  эклектикалық,  антикалық 
мифологияның  реконструкциясы  болып  табылады.  Бұл  ілімнің  бірқатар 
элементтері  христиандық  философияда  дамып,  қабылданған.  Олар  дәстүрлі 
емес мазмұнға негізделді.  


Осы  бір  акценттер  сменасы  соңғы  антикалық  дәуірде  философиялық 
ілімнің ӛзгерістеріне әкеп соғады. Рационализммен шаршаған «Саналы адам» 
сана-сезімін түсіну үшін жаңа жолдарды іздейді. Философияға барлығы қол 
жеткізе алады. Эллинистік ойлау стилі философияны ӛзінің ортасына әкеледі. 
Эллинистік  философияның  ең  басты  белгісі  философиялық  ізденістердің  ең 
басына  оралады,  грек  философиясын  аяқтап,  жаңа  горизонттарды 
қарастырады:  әлемнің  пайда  болуын  жеке  индивидтің  универсалды 
проекциясы  ретінде  қарастырады,  философия  мен  ӛмірдің  арасында,  теория 
мен практика арасында қашықтықты алыстатады.  
Неоплатонизм  ӛз  дәуіріне  тән  философиялық  бағыт  болғандықтан  сол 
заманның  қоғамы  мен  адамының  әлеуметтік  тәжірибесін  дәл  ұғынып,  оны 
абстракциялық  философиялық  формулаларда  шебер  кӛрсете  білді.  Тіл 
жеткісіз тұтастық пен оның алуантүрлілікпен байланысын іздеу, тұтастықты 
абсолюттендіру  және  тұтастық  пен  материалдық  ғарыш,  Құдай  мен  адам 
арасындағы  шексіз  аралық  сатыларды  іздеу  мифологиялық  ойлауды 
философиялық  тұрғыда  жаңғыртуға  әкелді.  Тәнге  қатысты  барлық 
нәрселерге қарсы шығу, аскетизм мен экстаз туралы ілімге басымдылық беру 
тек  ерте  христиандық  философияға  ғана  емес,  бүкіл  ортағасырлық 
теологиялық ойлауға ӛзінің едәуір ықпалын тигізді. Христиан дінінің жеңіске 
жетуі  ертедегі  гректердің  ойлау  тәсілін  игере  отырып,  теріске  шығару 
арқылы  жүзеге  асты.  Бұл  ортағасырлық  ӛркениетте  бастапқыда  антиктік-
христиандықты, ал кейінірек еуропалық христиандықты даярлады. 
Әйтсе де, христиандық барлық мәдениетте және батыс елдерінде басты 
рӛл ойнаған, ол сол елден қуылған Платон мен Аристотельден кӛрінеді. 529 
жылы  император  Юстинианнның  бұйрығы  бойынша  барлық  философиялық 
мектептер мен академиялар, тіпті Аристотельдің ликейі де жабылады.  Елден 
қуылған  философтар  мен  ғалымдар  Таяу  Шығыстан,  Сирия  мен  Ираннан 
қоныс табады, мұнда қалалық ӛмір жанданған жерлерде ғылыми орталықтар, 
философиялық  мектептер,  кітапхана,  аударма  орталықтары,  соңынан 
академиялар  ашылды.  «Даналық  үйі»  деп  аталатын  діни-мәдени 
орталықтарында, философиялық және теологиялық ілімнен басқа медицина, 
математика,  астрономия,  география  оқытылды.  Мұнда  грек  тілінен  сирия 
тіліне  орта  ғасырлық  парсы  тіліне,  араб  тілдеріне  антикалық  ғұмырдың 
жұмыстарына  аударма  жасалды.  Шығыс  елі  Батыс  үшін  антикалық 
философия  мен  ғылыми  таңба  қалдырды.  Философиялық  ойлар  араб  елдері 
үшін  антикалық  философиямен  байланыстырушысы  болды,  арабтар  оны 
басқаша  мазмұнмен  жаңартты.  Ортағасырлық  араб-мұсылман  философиясы 
мен  схоластика  қатар  дамыды.  Барлық  халифаттың  арасында  аударма 
жұмыстары белсене іске асты. ІХ ғасырда оның орталығы болып Бағдадтағы 
«Даналық үйі», оны халиф Харун-Ар-Рашид құрады. Араб ғалымдары әйгілі 
болды,  олардың  ғылыми  және  философиялық  шығармалары  грек-рим 
әлемінен  болды,  Птоломейдің  астрономиясы,  Эвклид  пен  Архимедтің, 
Гиппократ,  Гален,  Платон,  Аристотель,  Плотин,  Порфирийдің  жұмыстары. 
Ал еуропалықтар бұдан ХІІІ ғасырға дейін тыс болды.  


Неоплатонизм  ойлары  араб-мұсылман  философиясына  ғана  әсерін 
тигізіп  қойған  жоқ  (әл-Кинди,  әл-Фараби,  Ибн  Сина),  иудаизм  мен 
христиандыққа  да.  Христиандық  неоплатонизм  Ареопагитиктерде  айқын 
байқалады,  ол  Проклдың  философиясына  тәуелді.  Византиялық  философия 
ойлары  неоплатонизммен  ерте  патристика  дәуірінде  кеңінен  таралды. 
Кападокийлер  мектебінің  кӛрнекті  ӛкілдері  Ұлы  Василий,  Григорий 
Назианзин,  Григорий  Нисскийдің  арқасында.  Неоплатонизм  пұтқа 
табынушылыққа  қарсы  христиан  дінінің  догматтарын  қорғайтын,  діни 
нанымның  ежелгі  философиямен  үйлеспейді  дейтін  "шіркеу  әкелерін” 
мадақтау, қостау. Августин, Ансельм Кентерберийский, Иоанн Скот Эриуген 
және т.б. неоплатонизм идеясының терең ықпалында болды.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   313




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет