Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық


«Гомилии  на  Шестоднев»  (Құдайдың  жерді  алты  күнде  жаратқаны



Pdf көрінісі
бет89/313
Дата31.12.2021
өлшемі1,78 Mb.
#22005
түріОқулық
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   313
Байланысты:
treatise20490

«Гомилии  на  Шестоднев»  (Құдайдың  жерді  алты  күнде  жаратқаны 
туралы)  трактатында  ең  басты  Болмыс  Кітабының  (Книга  Бытия)  бірінші 
бӛліміне кеңінен түсініктеме берілген. Мұнда христиандық бір Құдайға сену, 
«Құдай» ұғымына сипаттама беріледі. Василий материядан жаралғанымызды 
теріске шығарып, жамандық әлемге материядан пайда болғанын, Құдай жаңа 
ӛмір,  әлемді  жоқ  нәрседен  құра  алады,  мұнда  жамандық  болмайды  деп 
пайымдаған.  Василий  жамандыққа  табиғи  апаттарды,  кедейшілікті,  ауруды, 
ӛлімді қоспайды. 
Әлемнің  пайда  болуын  христиандық  постулаттарында  әжептеуір 
мәселеге айналдырған. Василийдің айтуы бойынша, табиғи заттардың әлемді 
ӛзіндік  орны  бар,  олар  пайда  болатын  және  жойылатын  уақыты  болады, 


ӛткен  шақ  болғаны,  болашағы  сияқты.  Ол  Құдайдың  жаратқан  әлемін 
таңғажайып  деп  таныды,  әлемде  пайда  болған  әрбір  заттың  ӛзіндік  орны, 
атқаратын  ӛз  міндеті  бар  және  ол  жаралған  басқа  нәрселермен  тығыз 
байланыста.  
Әйгілі  Василийдің  ағасы  Григорий  Нисский  (335-394  жж.)  «Адам 
жаратылысы»  атты  еңбегінде  адам  Құдайдың  қалауымен  жаратылған,  бас 
еркіндігі  мен  саналы  сезімге  ие  тұлға  деп  тұжырымдайды.  Яғни  адамның 
ӛлетін  тәні және ӛлмейтін рухы бар  тұлға  болғандықтан, ол  кӛзге  кӛрінетін 
және кӛзге кӛрінбейтін екі әлемнің байланысы.  
Адам – жан мен материяның арасындағы, тән мен жанның байланысы. 
Құдай адамның жанында ғана орын табады. Жаратушы бізге еңбек, махаббат, 
еңбек, әділдік, сұлулық және жақсылық беріп жарылқаған.  
Діни  философияның  ең  кеш  дамыған  түрі  –  гнестоцизм.  Оның 
ізбасарлары Василид, Валентин, Маркион және т.б. «гносис» (сана) терминін 
қолданған. Мұндай түсініктеме эллинистік және шығыс тілдерінде кездеседі. 
Гносиктердің  ең  басты  объектісі  Құдай  бар,  сондай-ақ  ол  адам  жанының 
құтқарылуымен 
байланысты. 
Христиандықтардың 
қызғанушыларына 
ұнамайтын  жақтары  да  болды,  «бұл  әлем  жамандықтан  тұрады,  оны  Құдай 
жаратпаған,  ол  Демиургтен  пайда  болған»  дейді.  Ал  Христосты  кӛктен 
түскен тәні бар тұлға деп санаған. Гностицизм бойынша Құдай мен адамдар 
эондар деп аталады, яғни әлемнің тұрақты бір бӛлшегі. Адам жамандық жоқ 
басқа  бір  әлемнен  пайда  болған.  Бұл  әлемде  біз  қуғындамыз,  біздің 
Отанымыз – басқа әлемде.  
Мұндай  пайымдаулар  әрине  «еретиктерге»,  шіркеу  қызметшілеріне 
ұнамады.  Гностиктердің  ойы  бойынша,  ғылым  –  Христос  пен  бірнеше 
шәкірттеріне  ашылған  құпия.  Гностиктердің  осы  ойлары  туралы  еңбектер 
1945 ж. Египетте табылған «Апокрифтің жаңа заветтерінде» кездеседі. Ол 
ӛткен ғасырдың 70-жылдарында тұңғыш рет жарық кӛрді. 
Жарық  пен  қараңғының,  жақсылық  пен  жамандықтың,  материя  мен 
жанның  күресі  гностиктерге  тән.  Гностицизмнің  тағы  бір  ерекшелігі 
теодицея,  доктрина  болады,  олар  «егер  Құдай  адамға  мейірімді  әрі  әділ 
болса,  неге  жауыздық  та  бар?»  деген  сияқты  сұрақтарды  шешеді.  Осындай 
сұрақтарды  шеше  отырып,  гностиктер  Құдай  –  жаратушы  және  Құдай  – 
жазалаушы деген пайымдауларды енгізеді.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   313




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет