6.3. Н. Макиавеллидің саяси философиясы және Т. Мор мен Т. Кампанелланың саяси утопиясы Қайта ӛрлеу дәуірінде саяси және әлеуметтік мәселелер бірінші орынға
шықты. Мемлекеттер арасындағы соғыстар мен шекаралық мәселелердің
кесірінен еуропа елдерінің орталықтандырылуға ұмтылыстары арта түсті.
Ішкі талас-тартыстан шаршаған халық мемлекеттің тұрақтылығы мен
бірлігіне мұқтаж болды. Елді біріктіруші күш тек кӛзі ашық саяси билікте
еді. Сондықтан еуропа елдерінің саяси шешімдері елді канондар мен
ортағасырлық теологиялық реттеулерден автономды түрде діни және әдет
философиясынан құтылуға ұмтылдырды.