Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық


«Христиандық  сенімнің  мекемесі»



Pdf көрінісі
бет135/313
Дата31.12.2021
өлшемі1,78 Mb.
#22005
түріОқулық
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   313
Байланысты:
treatise20490

«Христиандық  сенімнің  мекемесі»  атты  кітабында  Ж.Кальвин 
Писаниедегі  Тәңірлік  сӛздің  арқасында  ғана  аман  қаласың.  Басқаша 
айтқанда,  Құдай  адамды  жаратпай  тұрып,  оның  тағдырын  белгілеп  қойған, 
біреулерге – жұмақ, енді біреулерге – тозақ оты дайындалған, Құдайдың бұл 
шешіміне  ешкім  қарсы  тұра  алмайды.  Адамның  бұлардан  құтқарылуы  тек 
Құдайдың  қолында,  еркіндіктің  жоқтығын  айтады.  Оның  пайымдауынша, 
адам Құдайдың әмірлерін орындаушы, ол жақсылық жасағандарды құтқарып
басқаларына  ӛзінің  әділ  шешімін  тауып  жамандық  жібереді.  Басқаша 
сӛздермен айтқанда, тек таңдаулы адамдар үшін ғана дұға тілеудің, сенудің, 
қорқудың  орны  бӛлек,  ал  ӛлім  кітабына  жазылғандар  Құдайдың  ӛзгермес 
тамыры  болып,  қарғысқа  ұшырайды,  тіпті  оның  жасаған  жақсылықтары 
теріске шығарылып, қанша жерден сенсе де ол оған еш кӛмектеспейді.  
Кальвин  кімнің  оған  құлшылық  етіп,  жұмаққа  жол  тартатынын,  ал 
кімнің ақиқатқа кӛзі жетпей соңында азап шегетіндігін Құдай адамды о баста 
жаратқанда  –  ақ  белгілеп  қойған  дейді.  Кімде-кім  бір  істі  бастағанда  жол 
тауып,  алдынан  тек  сәттіліктер  шықса,  оған  ерекше  құрметпен  жаратқан 
Құдай  кӛмектесуде,  келешекте  оған  жұмақ  есіктері  айқара  ашық  деп 
түсіндіреді. Егер де адамның соңына жамандық, сәтсіздіктер түссе ол тозаққа 
жол тартуда. 
Бұл догмат адамзатты адамгершілікке шақырады. Бұл аскетизмнің мәні 
әрбір  христиан  дінін  ұстанушы  адам  ӛз  міндетіне  берік  болып,  Құдай  ӛз 
заңында  кӛрсеткендей  адал,  үлгілі  болуы  керек.  Бұдан  байқағанымыз, 
буржуазия  қоғамда  бірінші  орынға  шығуы  керек.  Адам  байлыққа  басқа 
адамдардың немесе қулық пен қорлықтың арқасында кенелмейді, оған Құдай 
кӛмектесуде.  Сондықтан  да  бай  адамдарға  жаман  кӛзбен  қарауға,  оларды 
сӛгуге  болмайды,  себебі  бұл  Құдаймен  дауласумен  тең.  Англия  мен 
Голландиядадағы 
буржуазиялық 
революцияның 
қалыптасуына 
кальвинизмнің  берері  мол.  Кальвинизм  о  бастан-ақ  әрбір  дүниеге 
шыдамсыздық  танытудан  тұрған.  Кальвинизм  осылайша  христиандық 
мәдениетті  шіркеулік  қоғамға  бұрды.  Католиктік  салттардың  (икона,  шам, 
т.б.) барлығы жат деп табылды. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   313




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет