материализмнің ең жоғары әрі заманауи формасы. Ол тек тарихи
материализм мен саяси экономияны емес, диалектика мен таным теориясы
мәселелерін де қамтиды.
Материалистік диалектиканы қолдана отырып, ол қоғамның дамуы ішкі
қайшылықтардың күресі нәтижесінде дамиды деген тұжырым жасайды. Осы
қайшылықтарды шешудің әдісі ретінде революцияны «қоғамдық ӛмірдің
ажырамас заңдылығы» және оның мәні «сандық ӛзгерістерді сапаға
айналдыруында» деді. Бұл тұстағы маркстік теория сол кездегі құрылысты
құлатуға бағытталған болатын, сол себепті де оған қарапайымдылық,
аңғырттық тән еді. Дегенмен, ол Қазан революциясына сынмен қарады.
Плеханов социалистік революция тек экономикалық жағынан жоғары
дамыған елдерде басталуы мүмкін, себебі ӛндіріс пен әлеуметтік ӛмірдегі
ішкі қайшылықтардың пісіп жетілуі сол кезде ғана мүмкін деп ойлады. Ал
Қазан революциясы «тарихтың заңдарын бұзады» деп есептеді.
Алғашқы
марксистің
философиялық
кӛзқарастарында
тарихи
материализм мәселелері де басты орында тұрды. Тарихты материалистік
тұрғыдан емес, әрі монистік тұрғыдан да түсіндіруді жақтаушылардың бірі
бола отырып, ол Маркстің экономикалық қатынастардың маңыздылығы
турасындағы ойларын географиялық детерменизмнің ықпалымен түзетуге,
«жӛндеуге» тырысты. Ол экономикалық ӛмірді анықтауда географиялық орта
шешуші рӛл атқаратынын дәлелдеуге тырысты. Плехановтың кӛзқарасы
бойынша, географиялық орта ӛндіріс күштерінің сипатын белгілеп,
қондырғының дамуына қажетті объективті алғышарттарды қалыптастырады.
Тарихты жасайтын қалың бұқара, оған жеке тұлғалардың қыңырлығы
мен бассыздығы әсер етпейді, ол тарихтың заңдарына негізделеді деп
пайымдады. Солай бола тұра, Плеханов ХІХ ғасырдағы әлеуметтік
теорияларында үстем болып келген «инертті тобыр», «алып батыр» туралы
субъективтік-идеалистік теорияларды мойындамайды. Ұлы адамдардың рӛлі,
оның ойынша, қоғамдық жаңа қажеттіліктерді бәрінен бұрын түсініп,
қоғамдық қатынастарды ӛзгертуді басқаларға қарағанда қатты тілейтінімен
ғана шектеледі.
Маркстік философияның дамуының
жаңа кезеңі В.И.Лениннің (1870-
1924 жж.) шығармашылық қызметімен байланысты. Оның негізгі
философиялық еңбектері
«Халықтың достары» деген не және олар
Достарыңызбен бөлісу: