қатынастар (яғни материалдық игіліктерді ӛндіру барысында қалыптасатын
адамдардың арасындағы қатынас) қоғамның материалдық базисін құрайды,
ал ғылым, мәдениет, ӛнер, саясат, құқық, мораль, философия, дін сияқты
қоғамдық сананың түрлері осыған «қондырылады».
Маркс адамзат қоғамының тарихы – бірін-бірі алмастырып отыратын
қоғамдық-экономикалық формациялардың тізбегі және онда материалдық
игіліктерді ӛндірудің әдістері ең басты рӛлді атқарады деген тұжырымды
ұстанды. Ол екеуден беске дейін жалғасатын формацияның түрлерін
анықтады: алғашқы қауымдық құрылыс; құл иеленушілік құрылыс;
феодалдық құрылыс; капиталистік құрылыс; коммунистік (социалистік)
құрылыс.
Ф. Энгельстің «Анти-Дюринг», «Табиғат диалектикасы» атты
еңбектерінде диалектиканың басты заңдары беріледі: 1) қарама-
қайшылықтардың күресі мен бірлігі заңы (диалектикалық қайшылықтардың
заңы); санның сапаға және сапаның санға айналу заңы (сандық ӛзгерістердің
сапаға айналу заңы); 3) терісті теріске шығару заңы.
Үшінші кезең маркстік философияның түрлі ұлттық мәдениеттерге
таралуымен ерекшеленеді. Ресейде ол Г.В. Плеханов пен В.И. Лениннің,
Германияда – Ф.Меринг пен К. Каутскийдің, Италияда – А. Лабриола мен А.
Грамшидің шығармашылығы арқылы танылды.
Ресей марксизміне тән басты ерекшелік – ол қоғамдық-саяси
құрылысты практикалық тұрғыдан ӛзгертуге бағытталды. Орыстың ең
бірінші марксисі Г.В. Плеханов (1856-1918жж.) болды. «Тарихқа монистік