ғылымдарының алдында «маңызын тӛмендетті». Тарих мәдениетпен бірге
ӛмір сүретіндіктен, Риккерт үшін құндылықтардың зерттелінуі мәселесі
ерекше мәнге ие болды. Оның ойынша, біз үшін кейбір заттар құнды, ал
кейбіреулері құнсыз болатындықтан, біз олардың бірін байқасақ, бірін
байқамаймыз.
Неокантшылдық ХІХ ғасырдың соңында марксизмнің философиялық
негіздерін қайта қарау мақсатында қолданылған болатын. Мәселен, ІІ
Интернациалдың идеологтары Э. Бернштейн мен М. Адлер және К.
Форлендер неокантшылдық пен марксизмді біріктіруге тырысты.
Философиялық ревизионизмге деген ұмтылыс Г. В. Плехановтың
(«Философиялық ревизионизмге қарсы»), В.И.Лениннің («Марксизм және
ревизионизм») тарапынан сынға ұшырады. Неокантшылдықтың әсері қазіргі
заманғы идеалистік философиялық ағымдардан да байқалады. Ол әсіресе
құндылықтар теориясын мәселесінде кӛбірек айтылуда.
Достарыңызбен бөлісу: