Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық



Pdf көрінісі
бет209/313
Дата31.12.2021
өлшемі1,78 Mb.
#22005
түріОқулық
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   313
Байланысты:
treatise20490

жалпыланған,  сол  сияқты  Құдай  турасындағы  ойлар  да  жалпыланған. 
Сондықтан  кез  келген  парыз  түптің-түбінде  Құдай  алдындағы  парызың 
болып  саналады.  Жақын  адамды  сүю  әр  адамға  парыз  –  сол  сияқты  Құдай 
алдындағы да парызың. Алайда адам бұл жерде Құдаймен қарым-қатынасқа 
түспейді,  ол  ӛзіне  жақын  адамымен  қатынасады.  Сол  себепті  кімде-кім 
Құдайды  сүю  менің  парызым  десе,  ол  қайталанғандық  болып  есептеледі 
(«майлы май» деген сияқты қайталау болады). Бұл жерде этика назардан тыс 
қалды деген ой туындауы мүмкін, алайда бұл олай емес. Сенім арқылы этика 
басқаша, терең сипат алады.  
Кьеркегор  ӛзінің  шығармашылығында  әр  адамның  бойында  болатын 
қорқынышқа,  оның  мәніне  христиандық  тұрғыдан  түсінік  береді.  Осы 
мәселеге  арналған  «Қорқыныш  туралы  түсінік»  деген  еңбегі  формасы 
жағынан  дидактикалық  туынды.  Ол  осы  шығармасын  кекесінмен 
шығармаларының  ішіндегі  «ең  жеңіл  ұғынылатыны»  деп  кӛрсетеді.  Онда 
қорқынышқа  бастау  болған  алғашқы  күнә  туралы  мәселе  қарастырылады. 
Құдайдың пендесі Адамның күнәсі арқылы күнә әлемге енді, ал әр адамның 
күнәсі арқылы қорқыныш әрбір индивидтің санасына енеді. Бірақ қорқыныш 
күнәға  әкелуі  де  мүмкін.  Ең  алғашқы  күні  –  Адамның  жасаған  күнәсі 
қорқынышпен бірге ӛлімге баратын жолды да айқындады.  
Кьеркегордың философиясы ХХ ғасырда ғана қайта жаңғыра бастады. 
Дат  философының  ойлары  Мартин  Хайдеггердің,  Карл  Ясперстің,  Лев 
Шестовтың, Жан Поль Сартрдың, Альбер Камюдің шығармашылығының зор 
әсер 
етті. 
Оны 
ӛмір 
философиясының 
және 
«экзистенциализм 
бастауларының» жаршысы болды деуге әбден болады.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   313




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет