бағдарламаны декабристер самодержавиеге қарсы қарулы кӛтеріліс жолымен
ӛмірге енгізуге тырысты.
Сол кездегі құрылысты сынағаны үшін Ұлы Мәртебелі Екатерина
Радищевті Сібірге айдады. Айдауда жүріп ол
«Адам туралы, адамның
шексіз ӛмірі мен ӛлімі һақында» деп аталатын тӛрт бӛлімді трактатын
жазады. XVIII ғ. орыстың Қайта ӛркендеу дәуірінің басқа да ӛкілдері сияқты
Радищев те бұл зерттеуінде деист ретінде кӛрінді – жанның ӛлетінін, сосын
барып жанның мәңгілік ӛмір сүретінін дәлелдеді. Ол былайша пайымдайды:
ӛмірдің басты мақсаты жетілуге ұмтылу, сол себепті де «1) ӛлген соң, адам
бұрынғы тәнінен айырылып, ӛзінің жеткен жетістігіне лайық дамыған, одан
да жетілген басқа тәнге ие болады; 2) адам үздіксіз жетілу үстінде болады деу
орынды». Осы ойын дамыта отырып, Радищев адамның басқа тіршілік
иелерінен айырмашылығы – сана-сезімі бар, бірақ ең бастысы әрі маңыздысы
моральдық әрекеттерді жүзеге асыра алады деді: «Адам жақсылық пен
жамандықтың не екенін білетін жер бетіндегі жалғыз тіршілік иесі» және
«адамның басты қасиеті – қаншалықты шексіз жетіле алатын болса,
соншалықты да азғындалуы мүмкін».
А.Н.
Радищевтің
әлеуметтік
кӛзқарастарына
француз
ағартушыларының жаратылыстану құқығы мен қоғамдық келісім теориясы
негіз болды. Ломоносов та, Радищев те адамдардың әуел бастан тең құқылы
екенін,
құқықтың
теңдігін,
еркіндігі
мен
міндеттерін
институционализациялау керектігін сеніммен айтты.
Достарыңызбен бөлісу: