Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық



Pdf көрінісі
бет227/313
Дата31.12.2021
өлшемі1,78 Mb.
#22005
түріОқулық
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   313
Байланысты:
treatise20490

«Қамар  сұлу»  романында  ол  қоғамдық  қатынастарды  ізгілендірудің 
қажеттілігін 
кӛрсетеді, 
рационалдық 
ойлаудың 
мүмкіндіктерін 
абсолюттендіруді  қолдамайды.  Техника  мен  ӛркениеттің  жетістіктеріне  бас 
ұрудың  қажетсіздігін  айтып,  адамдарды  табиғатқа  жанашырлықпен  қарауға 
шақырады.  
Ж.  Аймауытов  ӛзінің  шығармаларында  адамгершілік  мұраттарды 
насихаттайды, 
масайраған 
адамның 
тоғышар 
мінезін 
сынайды. 
Тоғышарлықтан  ақылдың  күшін  кӛбейту,  ақиқатты  іздеу  арқылы  арылуға 
болады дейді.  
М.  Жұмабаев  (1893-1938  жж.)  ХХ  ғасырдың  басындағы  әлеуметтік 
шындықтың қайшылықты тұстарын поэтикалық формада жеткізуге тырысты. 
Оның  шығармашылығына  қазақ,  орыс,  сол  сияқты  батыс  пен  шығыс 
мәдениеті 
ықпал 
етті. 
«Жұмабаевтың 
образдар 
әлемі» 
атты 
Б.А.Жетпісбаеваның  еңбегінде  былай  делінген:  «кӛптеген  шығармалары 
оның  тек  ӛз  халқының  ғана  емес,  шығыс  поэзиясы  мен  тарихының, 
философиясының,  орыс  және  батыс  әдебиетінің  тамаша  білгірі  екендігін 
дәлелдейді,  себебі  ол  ӛз  заманындағы  рухани  ізденістердің  қайнаған 
ортасында 
жүріп, 
О.Шпенглердің, 
Ф. 
Ницшенің, 
В.Соловьевтің, 
П.Флоренскийдің, Н.Бердяевтің және басқалардың еңбектерінде дамытылған 
философиялық ойларды зерттеді».  
Ол  М.Жұмабаевтың  «Шолпан»  ӛлеңдер  жинағында,  «Педагогика» 
кітабында  және  басқа  да  поэтикалық  және  прозалық  шығармаларында 
лайықты  кӛрініс  тапқаны  сӛзсіз.  Оның  «Түркістан»,  «Кӛктемде»  ӛлеңдер 
циклінен, «Батыр  Баян»,  «Қорқыт» поэмаларынан, «Шолпанның  күнәсі» 
әңгімесінен символизм мен экзистенциализмнің элементтерін кӛруге болады. 
Мысалы, «Батыр Баян» помасында ол тек махаббат туралы ғана емес, ӛмірдің 
мәні, қоғам мен табиғаттың дамуы, адамдық парыз бен намыс туралы айтады. 
Оның  гуманистік  идеяларында  адамның  бақытқа  және  теңдікке  құқығы 
кӛрсетіледі.  
ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында қазақ жеріндегі болып 
жатқан ӛзгерістерді түсініп, ӛзінің халқына пайдасыне тигізе алатын жігерлі, 
білімді, мақсатшыл зиялылар кӛп болды. Бұл тарихи уақыт ішінде қазақтың 
нағыз оқымысты, зиялы қауымы қалыптасты. Олар қоғамдық саланың нақты 
бір саласында үлкен жаңалықтар ашпады. Оларға басқа міндет жүктелген еді 
–  ол  халқының  кӛзін  ашып,  білім  беру,  мәдениетке  жетелеу,  әлемдік  тарих 
сахнасында  ӛз  орнын  табуға  ұмтылдыру,  ӛзінің  заманы  алға  тартқан 
«қитұрқы» мәселелерге жауап іздеу.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   313




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет