М.А. Бакунин (1814-1875 жж.) – ресейлік батыс радикалдардың
кӛрнекті ӛкілі. Оның философиялық білімі Кант, Фихте, Гегельдің идеяларын
меңгеруден басталды. Жас Бакунинге еуропалық мистиктердің, әсіресе Сен-
Мартеннің шығармалары әсер етті. «Германияға реакция» мақаласында ол
«революциялық күйреу және шығармашылық» үдерісі ретінде абсолюттік
рухтың гегельдік диалектикасы туралы жазды. Ол кезде оның философияға
деген қарым-қатынасы сыни түрде болды.
Бакунин: «ақырғы және шексіздік туралы логикалық және теориялық
қиялдау жойылсын: мұндай нәрселерді жанды іс ретінде ғана ұтуға болады»
– деді. Осындай «жанды іс» үшін ол революциялық утопизм мен экстремизм
пафосы оның барлық шығармашылығына ене бастады. Ол: «Қиратудың
қуанышы – бір мезгілде шығармашылық қуаныш та бола алады», – деді. Бұл
оның кӛп пайымдауларының бірі еді.
Бакунин – революционер ӛз ӛмірі мен басқалардың ӛмірлерін құрбан
ететін «Жарқын болашақ» атты оның жазбаларында ғаламат утопия ретінде
кӛрінеді. Ол: «Біз ұлы әлемдік тарихи тӛңкерістің алдында тұрмыз... Ол саяси
сипатта емес, бір беткей, діни сипатта болады...»
1873 ж. «Мемлекет және анархия» еңбегінде ол гегельяндікті
«сомнамбуликалық кӛрініс пен тәжірибе тізбегі» ретінде жазды. Ӛзінің
радикальды сындарында Бакунин философиялық идеализмді қабылдамауын
шектемеді, метафизикалық түрде ол Л. Фейербахты, философ-позитивистерді
тіпті Бюхнер және Маркс сияқты материалистерді де кінәлады.
Философиялық ойлардың ұқсас ақыл шабыт сияқтылар белгісіз бір
психологиялық бірлікте жинақталып, ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы
«жаңа адамдардың» алдыңғы ұрпақтан айырмашылығы ретінде бастан
ӛткізіледі. Осы кезеңнің материализмі мен радикализмінің ӛкілі және
идеялық кӛсемі Н.Г.Чернышевский болды.