болмайтындығы туралы қорытындыға келеді. Соборлық идеяларға
негізделген православие мәдениеті рационалдық қарама-қарсы қойылды.
«Жалпыеуразиялық ұлтшылдық» еңбегінде Трубецкой осы мәселелер
тӛңірегінде қызықты ойлар айтады.
Оның Батыс адамы «тұтастық» категориясын түсінуге қабілетсіз, ол
логикалық абстракцияны, этиканы казуистикаға, ал ғылымды таза
деструктивті талдауға жатқызуға деп қабылдайды дегеніне келісуге болады.
Оның талдауында ғарыш біртектес, әмбебеп нәрсе емес, кӛпшілік
«әлемдерге» ыдырайтын, мәні әртүрлі деп айтылады. Осыдан келіп
Трубецкой «мәдениет пен тілдер әрқайсысы ӛзінше бӛлек» деп қорытады.
Ресейдің мәдени полифонизмі, геосаяси жағдайы оның ерекше тарихи
жолымен байланыстырды. Ол орыс мәдениетіне әртүрлі бағыттарда ізденуге
тура келеді, әртүрлі халықтардың элементтеріне келісуге байланысты барлық
күштерін жұмсауға, бір-бірімен сәйкес келетін екі мәдениеттің
құндылықтарын іздеуге тура келеді – деді.
Трубецкойдың айтуынша, адамға (халыққа) шынайы ӛзін-ӛзі тану ғана
оның ӛмірдегі орнын кӛрсетіп береді. Сонымен қатар ол ӛзіндік ұлттық
мәдениет дұрыс, тек сол ғана этикалық, эстетикалық, улитарлық талаптарға
сай деп кӛрсетіп, оны кез келген мәдениет арқылы жоғарылатады.
Еуразиялықтардың жаңа ілімінде жаңалық – қоғам дамуы әлеуметтік-
табиғи тұтастықтың қалыптасуы ретінде қарастырылады және оны әр
халықтың мәдени-тарихи орны ретінде түсінуге болады.
Сол елдің немесе басқа елдің мәдени-тарихи дамуын зерттегенде олар
«орнын дамыту» деген кӛпмағыналылық ұғымын пайдаланады. Ол тарихи
зерттеулерде қоғамның жүйе құрушы уақытша емес, кеңістіктік үйлестіруші
факторы ретінде ғана пайдалануға мүмкіндік береді.
Л.Н. Гумилев ӛзін
«соңғы еуразиялықпын» деп санап, былай деді: «Евразиялық болудың,
идеократиялық мемлекеттің ӛзіне тән басты сипаты – оның барлық
элементтерінің ӛзара байланыстылығы мен ӛзара тәуелділігі».
Гумилевтің пайымдауынша, Идеократия, яғни идеялар ӛкіметі
«евразиялық болудың негізі». Ол евразиялық болудың сипаты идеократиялық
мемлекеттің теориясында барлық теориялық элементтердің ерекшелігі болып
ӛзара байланыстылық пен ӛзара тәуелділік саналатынын айтты.
«Мәдени және тарихи салт-дәстүрлерінде жалпылық» бар халықтар
жиынтығы белгілі бір «даму жерінде» автаркиялық шаруашылық (жердің
ерекшелігене қарай) жүргізеді, – деді.
Гумилевтің пікірінше, «тұтастықты» құрайтын «жекелей де», «тұтастай
да» мәдениеттің ұлттық сипаты мен асыраушы ландшафт пен этностың ӛзара
әрекеттерінің сабақтастығы сақталады.
Достарыңызбен бөлісу: