Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық


жол», «Ойлау деп нені айтамыз?»



Pdf көрінісі
бет274/313
Дата31.12.2021
өлшемі1,78 Mb.
#22005
түріОқулық
1   ...   270   271   272   273   274   275   276   277   ...   313
Байланысты:
treatise20490

жол», «Ойлау деп нені айтамыз?» және т.б. еңбектері жарық кӛрді, ал олар 
толық шығармалар жинағының 100 томдығын құрады. Алайда «Болмыс пен 
уақыт»,  «Мәнсіздік»  атты  еңбектері  оған  нағыз  салтанатты  шақ  сыйлады, 
олардың негізгі мақсаты болмыс пен адами ӛмір сүрудің мәнін іздеуде еді. 
Айталық,  «Болмыс  пен  уақыт»  жұмысында  Хайдеггер  жаңа  заман 
адамының жеке тұрмысының кӛп бағыттылығын қарастырады. Ол ХХ ғасыр 
басында  «біздің  алдымызда,  нақ  кӛне  дәуірдегі  Сократ  пен  Платон 
кезіндегідей,  болмыстың  мәні  туралы  мәселе  тұр»,  бірақ  оны  осы  заманғы 
жағдайларды  ескере  отырып  шешкен  жӛн.  Болмысты  «нақты»  және 
«идеалды»  деп  бӛлетін  дәстүрден  бас  тартқан  Хайдеггер  оны  зерттеуде 
экзистенциалды  және  феноменологиялық  әдістерді  қолданады.  Ол  адами 
болмысты  «уақыт»  (темпоральдық),  «экзистенция»  (ӛмір  сүру),  шынайы 
және  шынайы  емес  тұрмыс,  ӛмір  мен  ӛлім  сияқты  категориялар  арқылы 
ашады.  Адам  тұрмысы  арқылы  нақты  болмыстың  мәнін  қарастыра  отырып, 
ол «Ӛмір сүру, демек бар болу» принципін негіздейді. Хайдеггер бойынша, 
«адам бар болуы арқасында ӛз мәнін іздеп табады. Адамның ӛмір сүруі «адам 
мәңгілік  емес,  уақытша,  тарихи»  екендігінде  жатыр.  Нақ  адам  болмысының 
уақытшалығы  оның  күнделікті  бар  болу  бірлігін  қамтамасыз  етеді.  Осы 
себепті  «адамның  ӛзі  аяқталмаған  бірдеңе,  жоба».  Ол  мына  ӛмірдегі 
шынайы  немесе  шынайы  емес  болмысты  ӛзі  үшін  таңдауға  ерікті. 
Экзистенциалды болмыс құрылымында Хайдеггер шынайы да шынайы емес 
ӛмірді бӛліп қарайды; уақыт құрылымында оның сәттерін (келер, ӛткен, осы 
шақтарын) атап кетеді. 
 Уақыт  және  уақыт  мінездемелері  Хайдеггер  ілімінде  басты  рӛл 
атқарады.  Мысалы,  ӛткен  кезең  жоқ  нәрсе  емес,  ол  тұрақты,  әрдайым  бар 
және қазіргі мен болашақты айқындайды. Болашақты ол «ӛлімге бағдар», ал 
осы  шақты  «тауқыметті  кез»,  затқа  тәуелділік  (ӛмірдің  материалдық  жағы), 
заттық  болмыс  ретінде  түсіндіреді.  Осы  градация  шеңберінде  ол  адамның 
шынайы  да  шынайы  емес  болмысын  анықтайды.  «Шынайы  ӛмір  сүрмеуде» 
осы шақ алға шығарылады, себебі «заттар әлемі адамнан ӛзінің мәңгілік емес 
екендігін түсінуді алшақтатады».  


 «Шынайы  ӛмір  сүру,  бар  болу»  Хайдеггер  үшін  адамның  ӛзінің 
мәңгілік  емес  екендігін  түйсінуін,  тарихилығын  сезінуін  білдіреді.  Ал  бұл 
ӛлімнің  хақ  екендігін  түсінгенде  ғана  мүмкін.  Ӛлім  –  әлемдегі  шынайы 
болмыстың  бір  бӛлшегі.  Кең  мағынасында,  ол  –ӛмір  феномені.  «Ӛлімді 
ӛмірдің жоқтығы ретінде емес, алда болатын ретінде қарастыру қажет. Ӛлім 
–болмыстың мүмкіндігі».  
 Метафизиканың,  адамның,  ғылымның,  техника  мен  тілдің  негізгі 
мәселелерін  қарастыра  келе,  Хайдеггер  «тіл,  тұрмыс  пен  адамның  ӛмір 
сүруінде»  бастан-ақ  байланыс  барын  кӛрсетеді.  Кейінгі  Хайдеггердің 
философиялық  ізденістерінде  тіл,  ал  ол  оны  лингвистикалық  емес, 
онтологиялық  тұрғыда  қарастырғандықтан,  терең  тұрмыстық  негізге  ие 
«басты да бірден-бір күшке» айналады. Шын мәнісінде, Хайдеггерде тіл мен 
тұрмыс  тұтасып  кетеді.  «Ол  үшін  тіл  –  дербес  күш:  тілмен  сӛйлейтін  адам 
емес, тілдің ӛзі, ол ӛзіне-ӛзі сенімді, ал ол арқылы болмыс та дара, дербес». 
Демек,  Хайдеггер  бойынша,  тіл  –  бұл  «болмыс  үйі»,  «адамның  тұрағы»  (В. 
Семенова).  
 Адам  мәселесін  жете  зерттей  келе,  Хайдеггер  тіршілік  аясында 
үстемдік  етіп  және  тіршіліктің  антрополиялық  түсінігін  қалыптастыра 
отырып  ӛзіне-ӛзі  арқа  сүйеуге  мәжбүр  болған  жағдайда  ғана  ол  адам  бола 
бастайтындығын кӛрсетеді. Жаңа ӛмірде адам үшін «әлем де, игілік те, Құдай 
да  сенімді  емес,  тек  ӛзі  ғана  ең  анық  болып  саналады».  Сонымен  адамның 
жағдайы  ғана  емес,  сол  сияқты  оның  мән-маңызы  да  ӛзгереді.  Тұрмыстың 
ӛзіндік  тәсілін  таңдай  отыра,  адам  ӛзін  әлеммен  байланыстырушы  барлық 
желілерді ӛз қолына шоғырландыра алады. «Ӛз дәуірін таңдамай, ол ондағы 
ӛзін ғана таңдайды» (Т.М. Тузова). 
 Ӛзінің «адам жобасын» негіздей отырып, Хайдеггер адамның болмысқа 
әу  бастан  «жұтылуын»,  олардың  ӛзара  байланысы  мен  ӛзара  қажеттілігін 
кӛрсетеді.  Батыс  ӛркениетінің  дамуы,  батыс  әлемінің  бар  тарихы  адамның 
табиғи  жай-күйін  қирату  мен  теріске  шығару  болып  табылады,  ал  бұл 
«нысанның  (субъектінің)  ӛліміне»  алып  келеді.  Жаңа  еуропалық  адамның 
ӛзін  қоршаған  кескінсіз  әлемге,  ӛмірдің  бағытына  және  осы  ӛмірді 
жаңғыртуға  қатысты  санаға  тәуелділігіне  кӛңіл  аудара  отырып,  Хайдеггер 
«осындай  әлемде  бәрі  де  «басқаша»,  тіпті  ӛзіне  қатысы  бойынша  да  адам 
«ӛзге»  болып  саналады;  тұлға  ӛледі,  сұрқай  ӛмірге  сіңіп  кетеді»,  –  деп 
кӛрсетеді. 
«Уақыттан тыс» бақылаушы позициясын ұстанған, яғни ӛзінің тарихтан 
тыс  екендігімен байланысты  пікір  еркіндігіне ие, демек ақиқат  «білімге»  де 
ие адам болғандықтан, Хайдеггер осы жағдайдан шығудың жолы «адамды тіл 
арқылы  болмысқа  араластыру»  деп  есептейді.  Тіл  арқылы  ӛзінің  болмысқа 
жататындығын  сезіне  отырып,  адам  ӛзін  ақиқат  болмыстың  бір  бӛлігі 
екендігіне 
кӛз 
жеткізеді. 
Хайдеггер 
үйреншікті 
адам 
тілінің 
метафизикалығын  жеңіп  шығатын  мүлдем  жаңа  тіл  құруға  үміт  етті. 
Болмыстың  герменевтілігі  туралы  идеяны  алға  тарта  отырып,  ол  одан  адам 
ӛмірінің болмашы деректерін емес, тап осындай ӛмірді күтті.  


Француз жазушысы, драматургы, эссеист Ж.-П. Сартрдың (1905-1980 
жж.)  экзистенциалды  философиясы  Бергссон,  Гуссерль  мен  Хайдеггердің 
әсерімен қалыптасты. Оның философиясы Гуссерльдің феноменологиясының 
заманауи  тармақтарының  бірі,  оның  әдісін  «нақты  жағдайлар  әлеміне 
лақтырылған»  индивидтің  «тірі  санасына»  (сананың  субъективті  жағына) 
қолдану  болып  есептеледі.  Гуссерльдің  феноменологиялық  әдісінің  мәні 
заттың  маңызын  тікелей  қарауда,  бұл  затты  бастан  кешіру  процесінде, 
«түсіну актісінің» маңызын анықтауда жатқаны әмбеге аян. 
 Сартрдың  атын  шығарған  «Жеркенішті»  романы  мен  «Қабырға» 
әңгімелер жинағы. Оның «Болмыс һәм ештеңе» кітабындағы философиялық 
тұжырымдамасы  «объективтілік»  пен  «субъективтілік»,  «қажеттілік»  пен 
«еркіндік»  ұғымдарын  абсолюттік  қарама-қарсы  қою  негізіне  құрылған. 
Заманауи адамды Сартр шеттетілген тіршілік иесі ретінде түсінеді және бұл 
шеттетуді  адам  ӛмір  сүруінің  метафизикалық  мәртебесі  (статусы)  деңгейіне 
дейін  кӛтереді.  Ол  осы  заманғы  қоғам  шындығы  мен  оның  мәдениетін 
қабылдай  алмайды,  себебі  онда  жекелік  бірізді  (стандартты)  болып  кеткен, 
экзистенциядан  айырылған,  ал  ӛзінен  де  шеттетілген  адам  «шынайы  емес» 
тіршілік  кешуге  мәжбүр.  «Бұндай  қоғамда  тек  «азғындар»  ғана  аман-есен 
болып,  ал  нағыз  адам  «жеккӛрушілік»  пен  «алапат  үрей»  құшағында 
қалмақ»,-  деп  есептейді  Сартр.  Сол  сияқты  Сартр  активті,  яки  белсенді 
субъективтілік  –  шынайы  адамгершілік  деп  санайды  және  ӛз  позициясын 
экзистенциализмнің  «...ӛмір  сүру  мән-маңыздың  алдында  тұрмақ»  деген 
қысқа формуласымен білдіреді.  
 Сартрдың пікірі бойынша «ешбір тірегі мен қолдауы жоқ адам әр сәтте 
адам  ойлап  табумен  жазаланады»,  ал  бұл  «адамның  еркіндікпен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   270   271   272   273   274   275   276   277   ...   313




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет