Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық


жалғастыру  мүмкіндігі,  әрбір  жаңа  түсіндірушінің  жаңа  мағынаны



Pdf көрінісі
бет281/313
Дата31.12.2021
өлшемі1,78 Mb.
#22005
түріОқулық
1   ...   277   278   279   280   281   282   283   284   ...   313
Байланысты:
treatise20490

жалғастыру  мүмкіндігі,  әрбір  жаңа  түсіндірушінің  жаңа  мағынаны,  іс 
жүзінде жаңа мәтінді қалыптастыруы ретінде қарастырады.  
 Уақыт  ӛте  келе,  Гадамер  герменевтиканы  мәтінді  түсіндірудің 
техникалық  құралы  –  әдісі  ретінде  түсіндіруге  кӛбірек  қарсы  шығатын 
болады.  Мұндай  герменевтиканың  мағынаға  ешбір  қатысы  жоқ.  Ол 
герменевтиканы  рухани  шындықты  ұғыну  әдісі  ретінде  түсінуге,  мәтінді 
мағынаны  білу  үшін  ұғынуға  қарсы  шығады,  себебі  мұндай  түсіндіруде  де 
герменевтикалық мәтін сӛздің нағыз герменевтикалық мағынасындағы мәтін 
болудан  қалып,  ғылыми-жаратылыс  ілімінің  объекті  тәрізді  зерттеу 
нысанына айналады.  
 Гадамер бойынша, ұғынудың мақсаты мәтіннің қажетті түсіндірілуінен, 
түсіндірілетіннің  идеялары  мен  пікірлерін  қайта  құрудан  емес,  диалогтық 
сұрақ-жауап  жүйесін  қалыптастыру  арқылы  жеке  ойлау  процестерін 
жандандырудан  тұрады.  Мәтінді  түсіндіру  герменевтикалық  тәжірибенің 
ӛнімді, шығармашылық тұсына айналады. Ұғыну мәселесіне онтологиялық 
тұрғыдан назар аударуға кӛңіл бӛле отырып, Гадамер «ұғынуды болмыстың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   277   278   279   280   281   282   283   284   ...   313




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет