ретінде Англия мен оны қоршаған елдер біртұтастың құрылымдық бірліктері
ретінде кіре алатындай неғұрлым жоғары дәрежелі жалпылық мән болуы
керектігін білдіреді. Мұндай мәнді Тойнби «ӛркениет» ретінде, ал нақтырақ
айтқанда – «христиандық Батыс ӛркениеті» немесе жай «батыс ӛркениеті»
деп анықтайды.
Ӛркениеттер генезисінің үш негізгі құраушылары ретінде, Тойнбиге
сүйенсек,
әмбебап мемлекет, ғаламдық шіркеу және тайпалардың
қозғалысы болып табылады. Бұл құраушылардың болуы ӛркениеттің
болғандығы туралы айтуға мүмкіндік береді. Дегенмен, ӛркениеттер
ӛздігінен пайда бола алмайды; оның дамуы басталуы үшін, ерекше тарихи
жағдай қажет етіледі. Осы тәрізді жағдайды Тойнби «Үндеу-және-Жауап»
жағдайы түрінде белгілейді. Ал ӛркениет генезисінің барлық үш негізгі
құраушысы бола тұра, Үндеу болмаған жағдайда, Жауап та болмайды, бұл
ӛркениеттің де болмайтынын білдіреді.
Тарихи процестің барысын қарастыра келе,
П.Сорокин тарихи
процесті талдау шын мәнісінде сол қоғамның әлеуметтік ӛмірін талдау
екендігіне баса назар аударады. Тарих – статистикалық деректерді бӛлек
жинастыру емес, бұл динамикалық процесс. Климат, географиялық жағдай
және т.б. тұрақты физикалық жағдайлардың мәліметтері шегінде, тарихи
ӛзгерістердің барысына ықпал ете алатын аса маңызды, тіпті жалғыз деуге
тұрарлық бір фактор ретінде қоғам мүшелерінің мінез-құлықтарының басым
қырларын анықтайтын мәдени жүйенің тұрақтылығы немесе керісінше, оның
құлдырауы саналады.
Достарыңызбен бөлісу: