Бақылау сұрақтары:
1.Мәдениет, ӛркениет және этнос.
2.Жаһандану жағдайындағы мәдениет.
3.Бұқаралық мәдениеттің феномендері.
4.Педагогиканың үш типі: қалыптастыру педагогикасы, дамыту
педагогикасы, бірігіп жасау педагогикасы.
5.Қазақстан мәдениетін дамытудың жағдайы мен болашағы қандай
ХІV Бӛлім
Диалектика және эпистемология теорияларының мәселелері
14.1 Диалектиканың басты ұстанымдары, заңдары мен
категориялары
«Диалектика» (грек тілінен – сұхбат, пікірталас жүргізу ӛнері) термині
түрлі мағыналық реңктерге ие. Сократ диалектиканы алғашқы болып,
шындыққа түрлі ойлардың қақтығысуы арқылы қол жеткізетін диалог ӛнері
ретінде қолданды. Платон диалектиканы ұғымдарды түрлерге немесе
«тектерге» бӛлу процесі ретінде қарастырды. Гегель диалектика түсінігін
кеңейтті, оны ойдың қозғалу шеңберінен алып шықты, мәдениетте, тарихта
болмыстың ӛзінде болатын қарама-қайшылықтардың қақтығысуы мен
бірігуін кӛре білді. Марксистік философияда диалектика дәстүрлері қарама-
қайшы бастаулардың қақтығысы негізінде жүзеге асатын жалпы байланыс
пен даму тұрғысынан анықталды.
Диалектиканың қазіргі нұсқаларында оны дамыту ілімі ретінде
түсінушілік жоқ. Диалектиканы біздің ӛмірімізді, санамыз бен тарихымызды
түйреуші қарама-қарсылық, кереғарлық формасы ретінде ұғыну басым болып
отыр. Диалектиканы түсіндірудің түрлі нұсқалары мүмкін болған үйлесімді
синтезден бітімге келмейтін қарсылыққа дейінгі қарама-қайшылықтардың
ӛзара байланысу принциптерін ұсынады. Алайда диалектиканың дерлік
барлық моделі осы қарама-қайшылықтарды қосу құрылғысына ие не
болмағанда диалектикалық қайшылықта басты қызмет кӛрсететін тұлға –
адамдағы қайшылықтарды біріктіруге жол кӛрсетеді.
Принцип – білімнің күрделі, шоғырланған формасы, ол зерттеудің
басты бағыттарын топтайды. Мұндай принциптерге негізінен даму
принципін, диалектиканың, логика және таным теориясының теңдік (бірлік)
принципін, жаппай байланыс принципін, абстрактіден нақтыға қарай
кӛтерілу принципін, тарихи және логикалық бірлік принципін жатқызады.
Дамыту принципі қозғалысты материяның негізгі қасиеті (атрибуты)
ретінде танудың тікелей нәтижесі болып табылады. Сонымен қатар дамыту
принципі қозғалыстың кӛптеген түрінде оның жетекші формасы – дамытуды
бӛліп кӛрсетеді. Қозғалыс айналмалы (кері қайтатын), регрессивті және
прогрессивті (қозғалыстың кері қайтпайтын формалары) болуы мүмкін.
Дамыту қозғалыстың барлық үш түрін ӛзіне шоғырлайды, ол кері қайтпауды
(бастапқы нүктеге толық оралуға мүмкіндіктің болмауы), сабақтастықты
(ескімен жаңаның байланысы), бағыттылықты, кезеңділікті дұрыс деп
есептейді.
Жаппай байланыс принципі дамыту процесінің ажырамас бӛлігі, ол
бірінші принциптің жүзеге асу шартын ашып кӛрсетеді. Пайда болу, ӛзгеру,
даму құбылыстары ӛздігінен, оқшау түрде жүзеге аспайды, ол ішкі және
сыртқы байланысқа негізделеді. Ақыр аяғында, дамыту принципінің негізгі
мазмұны ретінде қарама-қайшылықтың ӛрістетілуі қарсы байланыстың
ерекше формасы болып табылады.
Диалектиканың, логика және таным теориясының теңдік (бірлік)
принципі табиғат, адам ойы және қоғамды қамтитын дамыту процесінің даму
заңдарының бірлігі, жалпылығын білдіреді. Гегельдің диалектикасында бұл
принцип ӛзінің мүмкін болған нәтижелерімен (ойлау мен тұрмыстың теңдесу
принципі) қанықтырылды. Материалистік диалектикада оны қолдануда
қиындықтар туындады. Оның басқаша тұжырымы – объективті диалектика,
табиғат диалектикасы және субъективті диалектика, ой диалектикасы.
Диалектиканың әр түрлі формалары осындай тұжырымдарда танылады,
бәрақ ашылмайды. Үш түрлі пәндердің атаулары – диалектика, логика, таным
теориясы пайда болғанда олардың әр түрлі формаларда дамуы анық және
«принципшіл» болады. Ұсынылатын жауаптардың бірі келесідей анықтамаға
саяды: диалектика табиғаттағы даму кӛріністерін зерттейді, бұл
объективтілік диалектикасы; логика адам ойының даму ерекшеліктерін
зерттейді; таным теориясы объективтілік диалектикасын субъективті
диалектикаға байланыстыруға ұмтылады.
Абстрактіден нақтыға ӛрлеу принципі диалектика категориялары мен
заңдарының танымдық мүмкіндігін ӛзіне шоғырлайды, ол таным процеін
ұйымдастырады. «Абстракті» және «нақты» деген түсініктердің бірнеше
мағыналары бар. Күнделікті ӛмірде кӛбіне нақтылық ұғымына жататын
сезімділік, бейнеліліктен бӛлек, абстракт дегенді парасаттылықтың синонимі
ретінде түсінеді. Бұдан бӛлек, абстракт ұғымы – жойылған қасиеттердің
қатардан шығуы және олардың бастыларының ерекшеленуі. Бұл тұрғыда
таным әрқашан абстрактілі, себебі ол ұғымдарға сүйеніп, жекені
жалпылайды. Абстрактілі ұғымдарға жатқызылатын нақты ұғымдар
объективті болмыс болып табылады, онда жандылар мен жансыздар
бӛлінбейді.
Логикалық және тарихи ұғымдардың бірігу принципі нақты ұғымның
болмыста нақты танымға алмасуын түсінуге кӛмектеседі. Логикалық ұғым –
шынайы даму заңдылықтарының теориялық ашылуы. Тарихи ұғым –
болмысты және оның нақты формаларын ӛз уақытында, әр алуандығын
сақтап ӛрістету процесі.
Кез келген ғылым, материалдық болмыстың қай аумағын зерттесе де
тек қана заңдар жүйесін ғана құрмайды, ол әрбір ғылымның даму жолында
жасалатын және оның негізі болып табылатын жалпы ұғымдардың белгілі бір
категорияларын жасайды. Философиялық категориялар – бұл болмыстың
жалпы сипаттары мен байланыстарын, тараптары мен қасиеттерін кӛрсететін
ұғымдар. Бұлар ең алдымен материя және таным, сондай-ақ қозғалыс,
кеңістік пен уақыт категориялары. Қарама-қайшылық, мӛлшер, сапа, жоққа
шығару, жеке және жалпы, мазмұн және форма, мағына және болмыс, себеп
және салдар, қажеттілік және кездейсоқтық, ықтималдық және болмыс
секілді категориялар. Бұл категорияларды зерттеу біздің жаппай даму және
материалдық әлемдегі қатынастар туралы, диалектиканың негізгі заңдары
туралы ойларымызды едәуір толықтырады.
Диалектиканың заңдары мен категориялары ӛзара байланысты.
Диалектиканың жаңа заңдарын зерттегенде, олардың категориялар
байланысы мен қатынасының мәнін кӛрсететінін байқаймыз.
Материалистік диалектиканың іргелі заңдарына жатады: қарама-
қайшылықтардың бірігу және күресу заңы; сандық және сапалық
ӛзгерістердің алмасу заңы; қарсылыққа қарсы келу заңы.
Қарама-қайшылықтардың бірігу және күресу заңы – диалектиканың
ядросы болып табылады. Бұл кездейсоқ емес, ол диалектикалық ӛзгерістің,
дамудың себебі мен бастауын кӛрсетеді. Осы заңға сәйкес, әрбір зат және
болмыс ішкі қайшылықтарға толы. Олар ӛзара байланыста болады: бір-бірін
таңдай отыра, ӛз ішінде күрес жүргізеді. Ішкі қайшылықтар күресі
материалдық әлемнің ӛзін ӛзі жетілдіру, ӛзін ӛзі дамыту кӛзі болып
табылады.
Сандық және сапалық ӛзгерістердің алмасу заңы жаңа заттың қандай
жолдармен пайда болатынын кӛрсетеді. «Сапа», «мӛлшер» және «ӛлшем»
категорияларынан бастаймыз. Сапа – бұл объектінің анықтылығы, ол заттың
ерекше
белгілерінің,
сипаттамаларының,
басқа
объектілермен
ұқсастықтарының бүтін және тұрақты жиынтығын кӛрсетеді. Саны –
берілген сапа немесе бірдей сапалардың ішіндегі айырмашылықтарды
сипаттау. Мысалы, Күн жүйесінің барлық планеталары бірдей қасиеттерге
ие: масса, кӛлем, тегістік, Күн және ӛз ӛсін айналу уақыты және т.б. Алайда
олардың саны жағынан айырмашылықтары бар. Әлемде тек қана сандық,
немесе тек қана сапалық жақтан сипатталатын зат жоқ. Кез келген затты
толықтай сипаттау үшін тек қана сапалық немес сандық жағын айту
жеткіліксіз. Ӛлшем – бұл берілген сапаның ӛзімен ӛзі қалу аралығы. Ӛлшем
спа мен санның ішкі байланысын кӛрсетеді, себебі берілген сапаның ішіндегі
сандық айырмашылықтар белгілі бір шекарадан аса алмайды. Қарсылыққа
қарсы келу заңы алдыңғы қарастырып ӛткен екі заңмен байланысты. Оның
мәнін былай кӛрсетуге болады: қарама-қайшылықтардың бірлігі мен күресі
негізінде дамыған кез келген жүйе іштей байланысқан бірнеше бірнеше
кезеңнен ӛтеді. Бұл кезеңдер жаңаның бағынбайтындығын және дамудың
әділ сипатын кӛрсетеді, бұл дамудың жоғарғы сатысында кӛрініс береді.
Диалектикалық жоққа шығарудың негізгі мазмұнына екі сәтті жатқызуға
болады: ескінің ӛлуі, жойылуы және сол уақытта дамуға қабілетті жаңа
туманың дұрыс сақталуы. Қарсылыққа қарсы келу ең алдымен мыналарды
болжайды: а) даму процесіндегі қайталанушылық; б) бастапқы жағдайға
оралу, алайда жаңа жетілген деңгейде; в) дамудың нақты кезеңдерінің
аяқталуын; г) дамудың шеңбер бойымен қозғалуға жанаспайтындығы.
Қарастырылып отырған заңның мәні осыда.
Егер диалектика заңдары даму процесін ашса, онда болмыс
құбылыстары мен заттарының ӛзара байланысы категориялар арқылы
кӛрінеді. Тәжірибеде әлем құбылыстары мен заттарына сүйене отырып,
оларды тани отырып, адам олардан кӛзге кӛрінерлік ұқсастықты тапты, ал
бӛлудің нәтижелерін категориялар мен ұғымдарда кӛрсетті. Себеп және
салдар, мазмұн және форма категориялары және басқа категориялар адам
санасында болмыстың осы категорияларына ӛзінің тәжірибе жүзінде
миллиондаған рет қарсы келуіне байланысты қалыптасты. Осылайша,
категориялар адамның тәжірибелік және танымдық қызметін кӛрсетеді, адам
тарапынан қоршаған әлемді тану баспалдақтары болып табылады.
Тәжірибе мен танымның қорытындысы бола отырып, материалистік
диалектика категориялары осы қызметтерде үлкен мәнге ие. Болашақ таным
баспалдақтары ретінде олар адамға қоғам мен табиғаттың күрделі желісінде
жол табуға кӛмектеседі. Сонымен қатар, заттардың бір-біріне тәуелділігі мен
ӛзара байланысын ашуға, олардың дамуындағы белгілі бір тәртіп пен
заңдылықты ашуға және осыған сәйкес тәжірибе жүзінде әрекет етуге кӛмек
береді.
Диалектика категориялардың, олардың пайда болу кӛздерінің мәнін
аша отырып, ең алдымен олардың объективті сипатын айқындайды.
Категориялардың бастауы – адамнан тыс ӛмір сүретін заттар мен
құбылыстар. Мысалы, себеп және салдар категориясында бір зат пен
құбылыс екіншісін тудырады, ал бұл екіншілер алдыңғылардың нәтижелері
болып табылады. Маркстік диалектика тұрғысынан алсақ, категорияның бір
маңызды сипаты олардың ӛзара байланысы, ӛзгергіштігі мен қозғалғыштығы
болып табылады. Категориялардың бұл сипаттары материалдық әлемнің
бірлігін, оның заттары мен құбылыстарының жаппай байланысын кӛрсетеді.
Категориялар байланысының тығыздығы соншалық, кебір жағдайларда олар
бір-біріне ӛтуі, алмасуы мүмкін: себептер салдарға айналады, ал нәтижелер
себепке айналады, қажеттілік кездейсоқтыққа және керісінше кездейсоқтық
қажеттілікке айналады. Бірақ категориялар тек ӛзара байланысты болып қана
қоймай, ӛзгергіш әрі қозғалмалы. Үнемі даму үстінде болатын материалдық
әлемді кӛрсете отырып, олар ӛздері де ӛзгереді. Метафизиктер
категориялардың диалектикалық табиғатын бұрмалайды. Олар әдетте
категорияларды бір-бірінен бӛледі, кейбір категориялардың рӛлін елемей
басқаларының мағынасын абсолюттендіреді. Бұл болмыстың ӛңін
реакциялық саяси қорытындыларға қарай бұрмалауға алып келеді. Тек
диалектикалық материализм тұрғысынан ғана категориялардың табиғатын
тануға болады, оларды ғылыми таным және тәжірибелік қызметтің қаруы
ретінде қолдануға болады. Ары қарай жеке категорияларды қарастырғанда,
біз олардың ғылыми және практикалық мағынасын ашуға тырысамыз.
Материалдық әлемді зерттегенде, ең алдымен адамның назарын сансыз
жеке, жалғыз заттар мен құбылыстар аударады. Сосын оларды салыстыра,
салғастыра келе адам олардың жалпы, ұқсас сипаттары мен байланыстарын
табады. Кез келген зат ӛзіне ғана тән, ерекше сипаттарға ие болады.
Мазмұн – бұл белгілі бір зат немесе құбылысты құрайтын элементтер
мен процесстер жиынтығы. Форма – бұл мазмұнның құрылымы,
ұйымдастырылуы, ол мазмұнға қатыстылығы жағынан сыртқы зат болып
есептелмейді, оған іштей тән болып келеді. Қозғалысқа байланысты
«элементарлық» бӛлшектер мен процесстер химиялық элемент атомының
мазмұнын кӛрсетеді. Осы бӛлшектерді ұйымдастыру, олардың атомда
орналасу реті оның ӛз формасын құрайды.
Мағына ұғымы мазмұн ұғымына жақын. Егер мазмұн аталған затты
құрайтын барлық элементтер мен процесстердің жиынтығын құрайтын болса,
мағына – заттың басты, ішкі, салыстырмалы түрде тұрақты жағы. (немесе
оның тараптары мен қатынастарының жиынтығы). Мағына заттың табиғатын
анықтайды, мағынадан оның барлық жақтары мен белгілері туындайды.
Мысалы, тірі ағзаның мәні оған тән зат айналымы болып табылады. Ол
барлық ӛмірлік хабарламалардың негізінде жатыр, кез келген тірі дененің
ішкі табиғатын құрайды. Құбылыс – бұл мағынаның сыртқы, тікелей кӛрінісі,
кӛріну формасы.
Объективтік әлемде біз, құбылыстардың үнемі әрекеттесуін байқаймыз,
нәтижесінде олардың кейбірі туындайды да, кейін ӛмірге жаңалары келеді, ал
бұлар ӛз кезегінде үшінші болып табылады. Алдыңғыға себеп болып,
келесінің туындауына ықпал ететін құбылыстар немесе әрекеттес
құбылыстар тобы себеп деп аталады. Себептің ықпалымен туындайтын
құбылыс нәтиже деп аталады. Себеп барлық уақытта нәтижеге алып келеді,
алайда уақыт ағымы себептің жеткілікті белгісі болып табылмайды.
Белгілі бір жағдайларда міндетті түрде орын алатын құбылыс немесе
оқиға қажеттілік деп аталады. Қажеттілік мағынадан, дамушы құбылыстың
ішкі табиғатынан туындайды. Ол үнемі осы құбылыс үшін тұрақты болып
табылады. Кездейсоқтықтың қажеттіліктен айырмашылығы ол аталған
заттың табиғатынан туындамайды, ол тұрақсыз, уақытша.
Жаңа, дамушы зат әрқашан да қажетті болып табылады, бірақ ол бірден
пайда болмайды. Алдымен оның пайда болуы үшін белгілі бір алғышарттар,
факторлар құрылады, кейін мұндай алғышарттар дамып, жетіледі және
объективті заңдардың күшімен жаңа зат пен құбылыс ӛседі. Жаңа заттың
пайда
болуының
бұл
алғышарттары
ықтималдық
деп
аталады.
Ықтималдықтар объективтік заңдылықтардан туындайды. Қоршаған орта
мен ағзаның бірлігі заңы сыртқы жағдайды ӛзгерту арқылы ағзаға ықпал
етуге, ӛсімдіктер мен жануарлардың жаңа түрлерін шығаруға мүмкіндік
жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |