Дж.Ф. Ферье (1808-1864 жж.) қолданған. Erkenntnistheorie (таным теориясы)
немісше түсінігі К.Л. Рейнхольдом (1758-1823 жж.) тарапынан енгізілген.
Орыс тілі әдебиеттерде эпистемология ұғымының орнына кӛбіне таным
ұғымы қолданылады.
Таным теориясы (гносеология) – бұл философияның таным табиғатын,
оның мүмкіншіліктері мен шекараларын, шынайылық пен білімнің қарым-
қатынасы мәселелерін зерттейтін саласы. Ол таным процесінің жаппай
алғышарттарын, білімнің деректілік шарттарын, таным формалары мен
деңгейлерін және басқа да мәліметтерді зерттейді.
Таным – ең алдымен қоғамдық-тарихи тәжірибемен шартталатын білім
алу және оны дамыту, оны үнемі тереңдету, кеңейту және жетілдіру процесі.
«Білім» термині әдетте үш негізгі мағынада қолданылады:
- бір нәрсені жасау, жүзеге асырудағы білгірлікке негізделетін
қабілеттер, икемділік пен дағдылар;
- кез келген танымдылық мәні бар ақпарат;
- адамның болмысқа қатынасының ерекше танымдық бірлігі,
гносеологиялық формасы, ол ӛзінің тәжірибелік байланыс атты
«жолдасымен» бірге не ӛзара байланыста ӛмір сүреді.
Екінші жіне үшінші аспектілер – гносеологияны, таным теориясын
талқылау пәні болып табылады.
Таным және оны зерттеу бір рет қана берілетін ӛзгеріссіз құбылыс емес,
ол белгілі бір заңдар бойынша дамитын «әлдебір диалектикалық» құбылыс.
Ӛзінің даму жолындағы әрбір кезеңінде білім таным теориясы тарихының
бейнесін жасайды.
Таным қоғамдық тәжірибемен тығыз байланыста дамиды және жетіле
түседі. Тәжірибе – бұл адамның қоршаған ортаны материалдық жағынан
игеруі. Бұл әлемде адамдар ӛздерінің мәнді күштерін мүлт кеткізіп,
материалдық заттар жасайды.
Заманауаи философияда таным процесіндегі тәжірибенің рӛлі
талқыланады. Мысалы, К. Поппер теория мен практиканың бірлігін жоюдың
немесе (мистицизм секілді) оны мифпен алмастырудың ретсіздікке алып
келетінін айтады. Ол тәжірибе – теориялық білімнің дұшпаны емес, ал «оған
баратын ынталандырғыш» деп кӛрсетеді.
Танымның кез келген формада болса да тікелей мақсаты – ол
шындық.Оған барар жол әдетте күрделі, қиын және қарама-қайшылықтарға
толы. Заманауи философия сӛздігіне сәйкес, «ақиқат (грек тілінен aletheia
«жасырын болмау») – ӛз затына сай келетін білім. Ақиқаттың басты
қасиеттері мен белгілерінің қатарына: ӛзінің сыртқы бастауына байланысты
объективтілік және ішкі мінсіз мазмұнына байланысты субъективтілік;
процессуалдық сипат (ақиқат «жалаң нәтиже» емес, ол процесс); мазмұндағы
абсолютті, тұрақты және салыстырмалы, нақты, ӛзгермелі сипаттардың
бірлігі (яғни, «мәңгі ақиқаттар»); абстракті және нақтылықтың ӛзара
байланысы («ақиқат әр уақытта нақты»). Кез келген шынайы білім
(ғылымдағы, философиядағы және ӛнердегі) ӛз мазмұны мен қолданылуы
жағынан анықталады. Ақиқаттың қарама-қайшылығы және оған қарай
танымның жылжуы адасу болып табылады. Ақиқат критерийлері
эмпирикалық (машық, тәжірибе) және эмпирикалық емес (логикалық,
теориялық және қарапайымдылық, сұлулық, білімнің іштей жетілуі секілді) .
Ақиқаттар эмпирикалық және теориялық болады. Эмпирия – бұл
тәжірибе. Тәжірибелерден біз жеке эмпирикалық ақиқаттар туралы түсінік
аламыз. Кӛбіне олар үстіртін болып келеді, заңды мәртебеге таласпайды және
әр түрлі жағдайлармен жеңіл әшкереленуі мүмкін. Теориялық шындықтар
эмпирикалық шындыққа толықтай қарама-қайшы болып келеді. Олар заңның
қатаң тұжырымдарында бекітілген, яғни кездейсоқ немесе үстіртін емес,
терең заттық байланыста болып келеді.
Адам
ақиқатты
ашпай,
ӛзінің
субъективті
образдарын
айналасындағылармен салыстырмай ӛмір сүре де, дами да алмайды.
Сондықтан да ақиқат туралы шындық ежелгі уақыттарда пайда болды. ,
ақиқатты ашу шарттары және оның тұрмыстағы жағдайы туралы
сұрақтармен бірге олардың жауаптары да туындап отырды.
Біріншіден, кӛне замандардан бастап тарихтың бүкіл кезеңдерінде
скептицизм бағыты (немесе басқаша релятивизм) ӛмір сүрді. Скептиктер
барлығына ортақ шындықты іздеу – нәтижесіз, қайырымсыз жұмыс деп
есептеген. Мораль не болмаса табиғат мәселелері болсын, кез келген
сұрақтар бойынша екі тікелей қарама-қарсы пікірлерді қалыптастыруға
болады, олардың екеуі де теңдей негізделеді.
Ақиқатты танудағы екінші ірі бағыт объективті идеализм деп
аталатын ілімдерге байланысты. Оның мәні ежелгі грек философы
Платонның тұжырымдарында кӛрсетілген. Платон объективті идеялар
(эйдостар) әлемі ӛмір сүреді, ал біздің күнделікті ӛміріміз – тек қана оның
кӛлеңкесі, жартылай кӛрінісі деп есептейді. Сұлулық, Әділдік, Махаббат
идеялары шынайы тұрмысты құрайды. Олар барлығы үшін ақиқат, ядро,
нұсқа болып табылады.
Шындықты ұғынудың және бір бағыты – бұл субъективті идеализм. Ол
әсіресе XVIII ғасырдағы ағылшын епископы Джорж Беркли еңбектерінде
жарқын кӛрініс тапты. Беркли біз нақтылықпен біле алатын жалғыз шындық
ол біздің сезімдеріміздің шындығы. Қалғандарының барлығы – ақылдың
құрылымдары.
XVII ғасырдағы неміс философы, таным мен сананың белсенділік
идеясын алға тартқан Иммануил Канттың берген түсініктері үлкен
эвристикалық құндылықты (танымға себепші болатын) құрайды. Ол біздің
танымдық қабілетімізді күрделі құрал деп есептеді, оның кӛмегімен әлем
бейнесі дәйекті түрде ӛзінше құрылымданады. Бірақ әлем бейнесін жасайтын
танымдық қабілет материалы сыртқы әлемнен, яғни «ӛзімен ӛзі жатқан»
әлемнен алынады. Біздің миымызда ӛмір сүретін әлем бейнелері, Канттың
ойынша, адамгершіліктен тыс болмысты кӛрсетпейді, және біз адам
кӛзқарасынан тыс болмыс кӛрінісінің қалай болатынын білмейміз және біле
де алмаймыз, бірақ сонда да таным объективтілікке деген сүйенішсіз мүмкін
емес. Танымның ӛз бейнесін жасайтын материалы сананың ӛзіне байланысты
емес. Осылайша, ақиқат әлемнің ӛзінен шығатын сәттермен қоса субъективті-
объективті болып табылады.
Ой тарихында шындық туралы екі қарама-қайшы түсінік бар. Бір
кӛзқарас шындықты объективті, ешқандай жеке ойларға тәуелді емес,
сондықтан да абсолютті деп қарастырады. Шындықтың абсолюттілігі – бұл
толық кӛлемдегі білім, оның мазмұны толығымен болмысқа сәйкес келеді
және ғылымның ары қарай даму жолында ӛзгертілмейді. Бұл дегеніміз осы
шындықтың
ешқайда,
ешқашан,
ешкімнің
тарапынанто
бұрмаланбайтындығын білдіреді. Ол ашылған сәтінен бастап барлық
халықтар мен уақыттар үшін сол қалпында қалады. Және тек қана адамдар
үшін ғана емес, кез келген саналы зат үшін ақиқат сол күйінде қалады.
Скептиктер тарапынан насихатталған ақиқатқа деген және бір кӛзқарас
біздің білімдерімізде ешқандай ерекшелік жоқ, барлығы релятивті, яғни
ӛткінші, ӛзгермелі деп түсіндіреді. Салыстырмалы шындық дегенде олар
ӛзінің бүкіл объективті мазмұны бойынша аяқталмаған және толық емес
болып табылатын білімді меңзейді, яғни бұл білім ерте ме кеш пе ӛзгеріске
түседі. Әрбір кезең және әрбір дәуір ӛзінің жаңа кӛзқарастарын енгізеді.
Осы жерде мынадай сұрақ туындайды: кімдікі дұрыс, абсолюттік
шындықты жақтаушылар ма, әлде релятивистер ме? Ойымызша, екеуі де
емес. Шынайы білім – бұл болмыстың дамушы моделі, сондықтан да ол
тұрақтылық пен ӛзгергіштік сипаттарын қатар алып жүреді.
Заманауи философияда шындықтың үш тұжырымы ерекше түрде бӛліп
кӛрсетіледі:
сәйкестік
(корреспонденция),
когеренттілік
және
прагматикалылық тұжырымдамасы.
Сәйкестік тұжырымдамасы бойынша шындық субъект және объект
психикасының ӛзара сәйкесу формасы. Аристотель шынайы және жалған
ұғымдар заттарда емес, ойда ӛмір сүреді деп есептеген. Сезім мен ойдың дәл
сәйкестенуінің қарабайыр схемасы объектіге жеткіліксіз болып табылады.
Жеке ойлау тек ойлау жүйесінде ғана ӛз мәніне ие болады. Жол-жӛнекей
кӛпдыбысты
логикалық
құрылымдар
болса,
пайымдаулар
мен
талқылаулардың нәтижелілігін, байланыстылығын есепке алуға тура келеді.
Бұл тұрғыда шындықтың когерентті байланысы туралы айтуға болады.
Когеренттік дегеніміз айтылымдардың ӛзара үйлесімділігі. Шындықтың
когерентті концепциясын дамытуға Лейбниц, Спиноза, Гегель елеулі үлес
қосты.
Шындықтың
когеренттілік
концепциясы
сәйкестілік
тұжырымдамасын жоққа шығармайды.
Тәжірибені шындықтың критерийі ретінде есептейтін тұжырымдама ӛз
бастауын грек софистикасы мен ежелгі Қытай философиясынан алатын
шындықтың прагматикалық тұжырымдамасы деп аталады. Прагматикалық
тұжырымдаманы дамытуға ӛзіндік елеулі үлес қосқан марксизм және
американдық прагматизм жақтастары. Марксистер шындық істердің
объективті жағдайын кӛрсетеді деп санаған; ал прагматиктер шындықты
сезімдер, ойлар, идеялардың «жұмысқа қабілеттілігі», олардың кӛзделген
мақсатқа қол жеткізудегі пайдалылығы деп санады.
Американдық философ Н. Решердің ойы құнды болып табылады, оған
сәйкес шындықтың үш концепциясы жойылмайды, керісінше бір-бірін
толықтырып отырады. Философиядан проблематиканы алып тастауға деген
ұмтылыс сәтсіздікке ұшырады.
Ғылыми рационалдылықтың қазіргі даму жолында ғалымдар және
әдіскерлер тарапынан кӛп қайтара болып жатқан зерттеулер шындық
критерийлерінің жойғыш реестрінің мүмкін еместігін мойындауға алып
келеді. Бұл әр уақытта үдемелі дамып отыратын ғылым дамуымен, оның
трансформациясымен, жаңа, классикалық емес сатыға алмасуымен
ерекшеленеді. Критерийлердің кетігін толтыру үшін, жаңа үлгідегі
прогрессизм немесе қарапайым еместік, нақтылық, сыншылдық, қажеттілік
секілді ұғымдарға арқа сүйейміз. Заттық-тәжірибелік қызмет, объективтілік
секілді ұғымдар бірінші орынға қойылатын, ал екінші орынға логикалық
қайшылықсыздық, қарапайымдылық және эстетикалық ұйымдастырушылық
секілді ұғымдар қалдырылатын бұрынырақ белгіленген ӛлшемдер шынайы
білім ӛлшемдерінің қатарына жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |