Веданттар жүйесі Веда аяқталғаннан кейін Упанишадтан пайда болды.
«Брахма-сутрада» Упанишад оқуы пайда болды, оған түсініктемелерді ведант
мектебінің бірнеше негізін салушылары Бадараяна, Шанкара және
Рамунджалар берді. «Веданта» брахманизмде ерекше орын алады, тіпті
қаншама ғасыр ӛтсе де оның бүгінгі таңда да кӛптеген жақтаушылары бар.
XIX ғасырда Ведант мәселелерімен үндінің атақты ғалымы Вивеканада, ал
XX ғасырды Р. Тагор, тіпті мемлекет қайраткері Д. Нерудің ӛзі де
айналысқан. Ведант дүниенің жаратылуын
Брахмамен
байланыстырады. Бұл
күйді Атман деп атайды, ол адамды ажалдан құтқарады. Сӛйтіп ӛліп бара
жатқан тіршілік иесі қайтадан жаңғырады. Бұл оқуда теологиялық білімді
адам үшін шындықта тек Құдай бар, күнделікті ӛмірдегі шындық – ол елес
қана дейді.
Ведант дүниедегі құбылыстың ақиқаттылығын тануға ұмтылыс
жасатады, адам ӛз сезімдері мен ақылына бақылау жасауы керек, ӛз жанын
сыртқы күштер әсерінен аулақтатуы қажет деп оқытады. Бостандыққа жол
авидьиді жарып ӛтуде жатыр, ӛмір сүріп отырған дүниеміздің барлығы
жалған дейді (майя). Нақты ӛзгеріссіз шындық болып, Брахма табылады.
Ведант ақиқаты рухани тәлімгердің жетекшілігін игере отырып, адам
ақырындап Брахманы тани алады. Ол нақты ақылды бола отырып,
материалдық тәуелділіктен босатылады. Оның ақылды және еркіндіктегі
жаны Құдайға жақындап, жер ӛмірінің қайғысынан құтылады.