Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық


 Қазіргі заманның ғаламдық мәселелер философиясы



Pdf көрінісі
бет310/313
Дата31.12.2021
өлшемі1,78 Mb.
#22005
түріОқулық
1   ...   305   306   307   308   309   310   311   312   313
Байланысты:
treatise20490

 
15.2. Қазіргі заманның ғаламдық мәселелер философиясы 
 
Ғаламдық  мәселелер  (француздың  global  сӛзінен  аударғанда  «жалпы», 
от  латын  globus  (terrae)  сӛзінен  –  жер  шары)  кенеттен  әрі  бүгін  ғана  пайда 
болған  жоқ.  Олар  бұрын  да  азды-кӛпті  түрде  жергілікті,  ӛңірлік 
қайшылықтар  түрінде  болып  келген,  қазіргі  заманда  әлеуметтік-
экономикалық  және  ғылыми-техникалық  ілгерілеудің  біркелкі  болмауының, 
сондай-ақ,  бүкіл  қоғамдық  қызметтің  ұлғайып  келе  жатқан  интерна-
ционалдандырылу  процесінің  және  осыған  байланысты  адамзаттың 
ықпалдасуының күрт шиеленісуі салдарынан ғаламшарлық сипатқа ие болып 
отыр.  Ғаламдық  мәселелерді  анықтаудың  критерийлеріне  сандық  және 
сапалық критерийлер жатқызылады. Сандық критерий ретінде аумақ кӛлемін 
атауға  болады.  Бұл  критерийге  сәйкес,  бір  мемлекетке  немесе  мемлекеттер 
тобына тән келетін ӛңірлік немесе жергілікті мәселелерге қарағанда, тұтастай 
ғаламшарға, оның жалпы бір ӛңіріне қатысты кез келген мәселені ғаламдық 
деп  атауға  болады.  Ғаламдық  мәселелерді  анықтаудың  сапалық  тұсы 
олардың қандай да бір сипаттамаларынан кӛрініс табады, мысалы: 
– бұл  мәселелер  бүкіл  адамзаттың  және  әрбір  жеке  адамның  ӛмірлік 
мүдделеріне қатысты болады; 
– олар  болашақ  әлемдік  дамудың,  қазіргі  ӛркениеттің  тіршілік  етуінің 
объективті факторы болып табылады; 
– ғаламдық  мәселелерді  шешу  (жеңу)  үшін,  бүкіл  халықтардың,  кем 
дегенде ғаламшар халқының басым бӛлігінің күш-жігері қажет етіледі; 
– ғаламдық  мәселелердің  шешілмеуі  мен  шешілмегендігі  болашақта 
түзетуге келмейтін салдарға алып келуі мүмкін. 
Қоғамдық  дамудың  ғаламдық  мәселелеріне  ӛзіндік  икемділік  тән, 
себебі  олар  үнемі  ӛзгеріп  отыру  арқылы  түрлі  қарқындылыққа,  демек, 
қайсыбір  тарихи  замандағы  маңыздылыққа  ие  болады.  Ғаламдық 
мәселелердің  кейбіреуінің  шешілуімен  соңғылары  әлемдік  ауқымдағы 
ӛзектілігінен  айрылып,  басқа деңгейге,  мысалы,  жергілікті  деңгейге  ауысуы 
немесе мүлдем жойылып кетуі мүмкін. Барлық ғаламдық мәселелер күрделі 
ӛзара байланыста әрі ӛзара тәуелділікте болады. Бұл қандай да бір мәселенің 
шешілуі оған басқа мәселелер жиынтығының әсерін ескеруді болжайды.  
Әлемнің  кез  келген  бӛлігінде  үнемі  жаңа  мәселелер  пайда  болып 
жататындығын байқаусыз қалдыру мүмкін емес, мұндай мәселелер тез арада 
әлемдік,  жалпы  адамзаттық  мәселелер  деңгейіне  ӛтіп  жатады.  Мәселен, 
соңғы  кезде  адамзат  жердің  озон  қабатының  жұқаруы  булану  әсерін 
бергендігінің  куәсіне  айналды,  бұдан  басқа  жүре  пайда  болған 
иммунтапшылығы  синдромы  (СПИД)  да  бар,  және  басқа  да  кӛптеген 
мәселелер. 
Ғаламдық  мәселелер  бір-бірімен  тығыз  байланыста  болады,  олардың 
пайда  болу  және  даму  кӛздері  де  ортақ,  сондықтан  оларды  белгілі  бір 


тәсілмен  жіктеп,  жүйелендіру,  олардың  пайда  болу  себептері  мен  қоғам 
оларды шеше алатындай жағдайларды ұғыну аса маңызды. Жоғарыда аталған 
критерийлер мен ерекшеліктердің негізінде келесі ғаламдық мәселелер бӛліп 
кӛрсетіледі: 
– әлемдік термоядролық соғыстың алдын алу; 
– барлық халықтардың дамуына бейбіт жағдайды қамтамасыз ету;  
– артта  қалушылықты  жою,  жер  бетінде  аштықты,  қайыршылық  пен 
сауатсыздықты болдырмау  арқылы дамыған  және  дамып келе  жатқан  елдер 
арасында  экономикалық  деңгей  мен  адам  басына  шаққандағы  табысы 
арасында ұлғайып бара жатқан алшақтықты жою;  
– дамып  келе  жатқан  елдерде  халық  санының  қарқынды  ӛсуін 
(«демографиялық  дүмпу»)  тоқтатып,  дамыған  капиталистік  елдерде  «де 
популяция» қаупін жою;  
– қоршаған  ортаның,  соның  ішінде  атмосфераның,  Дүниежүзілік 
мұхиттың апатты ластауының алдын алу;  
– адамзаттың  одан  әрі  экономикалық  дамуын  қалпына  келетін  және 
қалпына  келмейтін  қажетті  табиғи  қорлармен;  оның  ішінде  азық-түлікпен, 
ӛнеркәсіптік  шикізатпен  және  қуат  кӛздерімен  қамтамасыз  ету;  ғылыми-
техникалық революцияның тікелей алшақ кері салдарының алдын алу. 
Ӛткен  ғасырдың  70-жылдарындағы  осы  мәселелері  Рим  клубының  ӛз 
қатарында  түрлі  елдердің  белгілі  ғалымдарын,  мәдениет  қайраткерлерін, 
кәсіпкерлерін, мемлекеттік қайраткерлерін біріктіретін кӛрнекті дүниежүзілік 
ұйымның  зерттеу  нысанына  айналды.  Бірнеше  жыл  қатарынан  бұл  ұйымды 
ірі  итальян  кәсіпкері  әрі  экономист  Аурелио  Печчеи  (1908-1984  жж.) 
басқарып келген. 
Ӛзінің  атақты  «Адами  қасиеттер»  кітабында ол  70-жылдардың  басына 
қарай әлемде қалыптасқан экологиялық жағдайды дағдарыстық жағдай реті-
нде атайды. Ол материалдық құдыреті ӛз шыңына жеткен адам ғаламшарды 
ӛз  империясына  айналдыра  бастағанын  баса  кӛрсетеді,  ал  бұл  экологиялық 
апатқа  апарары  сӛзсіз.  Адам  баласы  ӛзінің  күннен  күнге  ӛсіп  бара  жатқан 
ұмтылыстары мен қажеттіліктерінің салдары жӛнінде еш ойланбастан, ӛзінің 
тойымсыз 
тұтыну 
тәбетін 
одан 
бетер 
ұлғайтуда. 
Адаммен 
қалыптастырылатын алуан қырлы жасанды әлем табиғатты одан әрі шеттету-
де.  
А.  Печчеи  ғаламшар  кӛлемінің  шектелгендігі  адамның  табиғатқа 
қатысты экспансиясының да шегін болжайтындығы туралы тұжырымға келе-
ді.  Мұндай  тұжырым  әлемдік  мәдениетте  басым  келетін  ӛндірістік 
кӛрсеткіштердің тоқтаусыз ӛсуіне бағдарланған бағытқа қайшы келіп, адам-
ның табиғатқа қатысты ойлауының жаңа стилінің символына айналды. Осы-
ның нәтижесінде адамның табиғатқа деген жаңа құндылықты қатынасы, яғни 
қоғам  қажеттіліктері  мен  табиғат  мүмкіндіктерінің  салыстырмалы  түрде 
ӛлшеулі қатынасы қалыптаса бастады. 
ХХ  ғасырдың  80-жылдарынан  бастап  шектелген  даму  тұжырымда-
масының орнына Рим клубының адамзаттың үздіксіз дамуы мен органикалық 
ӛсуі  туралы  жаңа  тұжырымдамасы  келеді.  Бүгінгі  әлем  дамуының  жаңа 


үлгісін  негіздей  келе,  Рим  клубы  атынан  М.Месарович  ғаламдық  мәселелер 
ретінде келесілерді атап кӛрсетеді: 
– жер халқы санының ӛсуін азайту; 
– қалпына келмейтін қорлардың пайдаланылуын қысқарту; 
– қоршаған ортаның ластану және қиратылу деңгейін азайту; 
– теңсіздікті азайту; 
– аштық пен кедейлікті жою. 
– Нобель  сыйлығының  иегері,  ғалым  этолог  әрі  философ  Конрад  Ца-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   305   306   307   308   309   310   311   312   313




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет