Б. А. Ердембеков 2019 ж



бет3/8
Дата13.05.2022
өлшемі300,09 Kb.
#34244
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8
3 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

Магистрлік диссертация дегеніміз - белгілі бір білім беру бағдарламасының сәйкес тақырыптарының бірі бойынша белгіленген формада орындалатын магистранттың өзіндік зерттеу жұмысының нәтижелерін қорыту. Ол түлектің өзі игерген білім беру бағдарламасының ғылыми мәселелерін шығармашылық тұрғыда тұжырымдай және шеше алатын ғалым ретінде жетілгенін көрсетуі керек.

Магистрлік диссертация магистранттың ғылыми-зерттеу немесе тәжірибелік-зерттеу жұмысының соңғы нәтижесі болып табылады.

Магистрлік диссертация ішкі бірлігі бар ғылыми мазмұндағы бітіру жұмысын білдіреді. Диссертацияда ғылымның қазіргі жай-күйіне сәйкес келетін тақырып бойынша өзіндік ғылыми зерттеу нәтижелері баяндалады.

Магистрлік диссертацияның мақсаты – магистранттың ғылыми біліктілік деңгейін көрсету, ғылыми ізденісті өз бетінше жүргізе білу, нақты ғылыми мәселелерді шешу қабілетін тексеру, жалпы әдістер мен оларды шешу тәсілдерін білу.

Магистрлік диссертация магистранттың ғылыми біліктілік деңгейін және таңдаған білім беру бағдарламасы бойынша ҚР МЖБС талаптарына сәйкес ғылыми таным әдіснамасын меңгеру дәрежесін анықтайды.

3.1 Әрбір магистрантқа қабылданғаннан кейін екі ай ішінде магистрлік диссертацияға басшылық жасау үшін ғылыми жетекші тағайындалады.

3.2 Ғылыми жетекші және магистранттың зерттеу тақырыбы Ғылыми кеңестің шешімі негізінде университет ректорының бұйрығымен бекітіледі.

3.3. Магистранттың ғылыми жетекшісінің ғылыми дәрежесі немесе PhD докторы дәрежесі болуы қажет және ғылым саласында (магистрантты оқыту білім беру бағдарламасы бойынша) ғылыми зерттеулермен белсенді айналысуы тиіс. Қажет болған жағдайда ғылымның тиісті салалары бойынша ғылыми кеңесшілер тағайындалуы мүмкін.

3.4 Университет ректоры немесе проректоры 1 қарашаға дейін уәкілетті органға магистратура білім беру бағдарламалары бойынша МАК төрағаларының кандидатураларын ұсынады. Олар шығарылатын мамандардың бейініне сәйкес келетін және осы ұйымда жұмыс істемейтін ғылыми дәрежесі, немесе ғылыми атағы бар болуы тиіс.

3.5 ЖОО-да студенттерді қорытынды аттестаттау кешенді емтихан тапсыру және магистрлік диссертацияны қорғау түрінде академиялық күнтізбеде және білім беру бағдарламаларының жұмыс оқу жоспарларында қарастырылған мерзімде жүзеге асырылады.

3.6 Магистранттарды қорытынды аттестаттауға жіберу университет ректорының бұйрығымен тізім бойынша қорытынды аттестаттау басталғанға дейін екі апта бұрын рәсімделеді және МАК-қа ұсынылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет