Б. А. Ердембеков 2019 ж



бет2/8
Дата13.05.2022
өлшемі300,09 Kb.
#34244
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8
І ҚОЛДАНУ САЛАСЫ

Осы ереже барлық білім беру бағдарламалары бойынша магистрлік диссертациялардың құрылымына, оны ресімдеу және қорғау рәсімін ұйымдастыру ережелеріне қойылатын жалпы талаптарды белгілейді. Ереже Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің (бұдан әрі-университет) білім алушыларына, магистранттардың ғылыми жетекшілеріне, кафедра меңгерушілеріне, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің қызметкерлеріне арналған.
2 СІЛТЕМЕЛІК ҚҰЖАТТАР

2.1 Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-III ҚРЗ "Білім туралы" Заңы (19.04.2019ж. өзгерістер және толықтырулар енгізілген).

2.2 Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы "Ғылым туралы" №407-IV Заңы (10.04.2019ж. өзгерістер, толықтыруларымен).

2.3 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы №604 қаулысымен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты.

2.4 Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық, аралық және қорытынды бақылау жүргізу ережесі. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығы (өзгерістер, толықтырулармен 17.06.2018 ж. №272).

2.5 Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру ережелері. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бұйрығы (12.10.2018ж. өзгерістер, толықтырулар қосылған №563 бұйрығы)

2.6 Білім беру ұйымдарының типі бойынша студенттерді ауыстыру және қайта қабылдау ережелері. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 19 бұйрығы (2018 жылғы 31 қазандағы жағдай бойынша өзгертілген және толықтырылған)

2.7 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысы. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік ережелері (2018 жылғы 29 қазандағы № 592 толықтыруларымен).

2.8 «Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 391 бұйрығы (16.11.2018 ж. редакцияланған).

2.9 Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығы.

2.10 Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек кодексі. (01.01.2013 ж. Өзгертулер мен толықтырулар енгізілген)





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет