6 МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯНЫ РЕСІМДЕУ ЕРЕЖЕСІ
6.1 Магистрлік диссертацияны ресімдеуге қойылатын техникалық талаптар ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің диссертацияларға қойылатын талаптарына жауап беруі тиіс.
6.2 Библиографияны ресімдеу диссертацияларға қойылатын критерийлерге жауап беруі тиіс (3-қосымша). Пайдаланылған әдебиеттер тізімі отандық және шетелдік ғылым көздерін, материалдарын қамтуы қажет. Магистрант магистрлік диссертацияны орындау барысында шет тіліндегі дерек көздерімен жұмыс істеуге міндетті. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 50-ден кем емес дерек көздерінен тұруы және олардың 10%-ын соңғы бес жылдағы шет тіліндегі ақпараттар құрауы тиіс.
6.3 Магистрлік диссертация А4 форматындағы ақ қағаз парағының бір жағында бір интервал арқылы Times New Roman шрифтімен, 14 кегльмен, сол жағы - 30 мм, оң жағы - 10 мм, жоғарғы жағы - 15 мм, төменгі жағы – 20 мм өрісте компьютерлік тәсілмен орындалуы тиіс. Магистрлік диссертацияның көлемі – техникалық және жаратылыстану білім беру бағдарламалары үшін 45 беттен кем емес және гуманитарлық білім беру бағдарламалары үшін 60 беттен кем емес. Бейіндік магистратура үшін магистрлік жобаның көлемі техникалық және табиғи білім беру бағдарламалары үшін 40 беттен кем емес және гуманитарлық білім беру бағдарламалары үшін 50 беттен кем болмауы тиіс.
6.4 Диссертация бөлімдерінің тақырыптарын жолдың ортасына бас әріптермен, соңына нүкте қоймай жазу керек. Кіші бөлімдердің тақырыптарын абзацтық шегіністен (4-ші әріптен басталады) бастау керек және соңында нүкте қоймай, астын сызбай бас әріппен теру керек. Кіші бөлімдер бір-бірінен бір интервалмен бөлінеді.
6.5 Диссертацияның беттері араб цифрларымен нөмірленеді, нөмір өтпелі, 1 нөмірі қойылмайтын бірінші титулдық парақтан басталады. Беттің нөмірі беттің төменгі жағына ортасында қойылады.
6.6 Иллюстрациялар (графиктер, схемалар, фотосуреттер) олар туралы мәтінде ескертілгеннен кейін тікелей орналастырылады. Иллюстрация "сурет" сөзімен және оның нөмірімен белгіленеді, нөмір суреттің астына орналастырылады (4-қосымша). Әрбір иллюстрацияның атауы болуы керек, ол суреттің астында орналасады. Мысалы, " Сурет 1. Сенсорлардың түрлері". Қажет болған жағдайда иллюстрацияның астына түсіндірме деректер орналастырылады. Барлық диссертация көлемінде иллюстрациялар (араб цифрларымен) ретімен нөмірленеді. Мәтінде әрбір иллюстрацияға сілтемелер берілуі міндетті.
6.7 Сандық материал кесте түрінде ресімделеді, олар араб цифрларымен нөмірленеді. "1-кесте" сөзі (немесе басқа нөмір бойынша) кестенің үстінде абзац арқылы орналасады. Кейін кестенің атауы (4-қосымша) беріледі.
6.8 Формулалар мен теңдеулер мәтіннен бөлек жолға жазылады. Формуланың жоғары және төменгі жағынан бір бос жол қалдырылады. Формулалар мен теңдеулер барлық диссертация шегінде дөңгелек жақшада араб цифрларымен нөмірленеді.
6.9 Пайдаланылған әдеби көздерге сілтемелер араб цифрларымен шаршы жақшада реттік нөмірмен нөмірленеді.
6.10 Магистрлік диссертацияны қорғау алдында кешенді емтихан өткізіледі, ол диссертация қорғалғанға дейін 1 ай бұрын өткізілуі тиіс.
7 МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯНЫ ҚОРҒАУҒА ҰСЫНУ ТӘРТІБІ
7.1 Белгіленген талаптарға сәйкес ресімделген магистрлік диссертация алдын-ала қорғау рәсімінен өтуі және ғылыми жетекшінің "қорғауға жіберілді" немесе "қорғауға жіберілмеді" деген дәлелді қорытындысын көрсете отырып, пікір алу үшін шығарушы кафедраға ұсынылуы тиіс.
7.2 Ғылыми жетекшінің беретін қорытындысына қойылатын талаптар:
- диссертацияның ғылым саласы мен білім беру бағдарламаларына сәйкестігі;
- жұмыстың өзектілігінің сипаттамасы;
- қойылған мәселелерді шешудің толықтығы, тереңдігі мен түпнұсқалығы сипаттамасы;
- жұмыстың қорғауға дайындығын бағалау.
7.3 Магистрлік диссертация авторға және дереккөзге сілтеме жасамай-ақ магистрлік диссертацияларды плагиат тұрғысынан тексеру бойынша сараптау комиссиясында немесе ҰҒТСО міндетті түрде тексеруден өтеді.
7.4 Магистрлік диссертацияны қорғау төмендегі талаптар болған жағдайда жүзеге асады:
- ғылыми жетекшінің оң пікірі;
- диссертация тақырыбы бойынша ғылыми басылымдарда кемінде бір жарияланым немесе халықаралық немесе республикалық ғылыми конференцияда жасалған баяндама;
- бітіруші кафедраның қорғауға ұсыныстар туралы шешімі (кафедра отырысының хаттамасынан үзінді);
- диссертацияға жан-жақты сипаттама және тиісті білім беру бағдарлама бойынша магистр академиялық дәрежесін беру мүмкіндігі туралы дәлелді қорытынды берілетін, біліктілігі (ғылыми немесе академиялық дәрежесі) қорғалатын жұмыс бейініне сәйкес келетін рецензенттің бір рецензиясы;
- плагиат мәніне магистрлік жұмысты тексеру нәтижелері бойынша шешім (хаттамадан үзінді) немесе ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығының анықтамасы/сертификаты . Егер ғылыми жетекші және/немесе шығарушы кафедра "қорғауға жіберілмейді" немесе "қорғауға ұсынылмайды" деген теріс қорытынды берген жағдайда магистрант магистрлік диссертацияны қорғамайды.
7.5 Плагиатқа тексеру кезінде магистрлік диссертациялар үшін түпнұсқалық дәрежесі 75 пайыздан кем болмауы тиісті. Магистрлік диссертация осы талапқа сәйкес келмеген жағдайда магистрант кейбір көшіріп алынған материалды жойғаннан кейін немесе тексеру кезінде көрсетілген көшіріп алу көзіне сілтеме енгізілгеннен кейін тағы бір қайта тексеруге құқылы.
Егер екі тексеруден кейін магистрантқа дереккөзге сілтеме жасалмай, көшіріп алу деңгейі жоғарылығы туралы анықтама берілсе, онда магистрант қорғауға жіберілмейді. Магистрантты қайта қабылдау ақылы негізде қорытынды аттестаттау кредиттерін игеру арқылы келесі оқу жылына ғана мүмкін болады.
7.6 Магистрлік диссертацияны қорғау кестесі академиялық күнтізбеге сәйкес бекітіледі. Бұл ретте күніне 6-8 магистрант қорғауға жіберіледі.
Магистрлік диссертацияны қорғау МАК-тың ашық отырысында оның кемінде 2/3 мүшелерінің қатысуымен өткізіледі.
Магистрлік диссертацияны қорғау үшін магистрант МАК алдында кемінде 10 минут баяндама жасайды.
7.7 Диссертацияны қорғау ғылыми пікірталас сипатында болуы және жоғары талапшылдық, принципшілдік және ғылыми этиканы сақтау жағдайында өтуі тиіс.
7.8 Магистрлік диссертацияны комиссия келесі критерийлерді ескере отырып бағалауы тиіс:
- орындалған жұмыс көлемі;
- зерттеудің дербестігі;
- әдеби шолудың толықтығы және қолданылған дереккөздердің барынша жаңа, соңғы жылдардағы мерзімді қамтитындығы;
- алынған нәтижелерді ғылыми зерттеулерде, практикалық жұмыста немесе оқу процесінде қолдану мүмкіндігі;
- материалдарды баяндаудың сауаттылығы мен айқындығы;
- диссертацияны қорғаудағы баяндама сапасы (айқындылығы, сауаттылығы, кәсіби терминдерді қолдана білу, демонстрациялық материалдың сапасы және т. б.).);
- қорғау кезінде қойылған сұрақтарға және рецензенттің ескертулеріне жауаптардың дұрыстығы мен толықтығы.
7.9 Магистрлік диссертацияны қорғау нәтижелері 5-қосымшаға сәйкес, әрбір магистрантқа жеке хаттамамен ресімделеді. МАК шешімі 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хаттамамен ресімделеді.
7.10 Магистранттарды қорытынды аттестаттау аяқталғаннан кейін МАК төрағасы магистранттарды қорытынды аттестаттау нәтижелері туралы есеп жасайды және екі апта мерзімде оны ЖОО басшысына ұсынады.
7.11 Магистранттарды қорытынды аттестаттау нәтижелері туралы есепке кестелер мен түсіндірме жазба кіреді.
Кестеде осы Ереженің 7-қосымшасында келтірілген көрсеткіштер көрсетіледі.
Түсіндірме жазбада:
1) жоғары оқу орнындағы осы білім беру бағдарламасы бойынша магистранттардың дайындық деңгейі;
2) кешенді емтиханда анықталған білім алушылардың білім сипаттамасы;
3) осы білім беру бағдарламасы бойынша магистранттарды дайындау сапасын талдау;
4) магистрлерді даярлаудағы кемшіліктер;
5) магистрлік диссертациялар тақырыбының ғылымның, техниканың, мәдениеттің қазіргі жағдайына және өндіріс сұраныстарына сәйкестігі;
6) магистрлік диссертацияларды орындау сапасы;
7) ғылыми жетекшінің пікірінің, ресми рецензенттің рецензиясының магистрлік диссертацияларды қорғау деңгейіне сәйкестігі;
8) магистранттарды даярлауды одан әрі жетілдіру бойынша нақты ұсынымдар.
7.12 Магистранттарды қорытынды аттестаттау нәтижелері туралы есепке МАК төрағасы қол қояды, ЖОО ғылыми кеңесінің отырысында талқыланады және бекітіледі.
7.13 Университет магистратурада білім алушыларды қорытынды аттестаттау аяқталғаннан кейін бір ай мерзімде білім беру саласындағы уәкілетті органға магистранттарды қорытынды аттестаттау нәтижелері туралы есеп береді.
7.14 МАК төрағасының есебіне магистратура бағдарламасын бітірген түлектер тізімі қоса беріледі және берілген дипломның нөмірі көрсетіледі.
7.15 МАК жұмысы аяқталғаннан кейін барлық хаттамалар белгіленген тәртіпте ЖОО мұрағатына сақтауға ұсынылады.
7.16 Магистрлік диссертациялық жұмысты бағалау туралы, сондай-ақ тиісті білім беру бағдарламасы бойынша "магистр" дәрежесін беру және мемлекеттік үлгідегі диплом беру туралы шешімдер МАК шешімімен және магистрлік диссертацияны қорғаған күннен бастап отыз күндік мерзімде қабылданады.
Достарыңызбен бөлісу: |