4 МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
4.1 Магистрлік диссертацияның негізгі нәтижелері кемінде бір жарияланымда немесе ғылыми-практикалық конференцияда жасалған бір баяндамада ұсынылуы тиіс.
4.2 Ғылыми және педагогикалық магистратурадағы ғылыми-зерттеу жұмысы:
1) магистрлік диссертация орындалатын және қорғалатын магистратураның білім беру бағдарламасының бейініне сәйкес келуі;
2) өзекті болуы, ғылыми жаңашылдығы пен практикалық маңыздылығы қамтылуы;
3) ғылым мен практиканың қазіргі теориялық, әдіснамалық және технологиялық жетістіктеріне негізделуі;
4) ғылыми зерттеулердің заманауи әдістерін пайдалана отырып орындалуы;
5) негізгі қорғалатын ережелерге сәйкес мазмұны ғылыми-зерттеу (әдістемелік, практикалық) бөлімдерін қамтуы;
6) тиісті білім саласындағы озық тәжірибеге негізделуі тиіс.
4.3 Бейіндік магистратурадағы эксперименталды-зерттеу жұмысы:
1) магистрлік диссертация орындалатын және қорғалатын магистратураның білім беру бағдарламасының бейініне сәйкес келуі қажет;
2) ғылымның, техниканың және өндірістің заманауи жетістіктеріне сүйене отырып, нақты практикалық ұсыныстарды, басқару міндеттерін дербес шешуді қамтуы керек;
3) озық ақпараттық технологияларды қолдану арқылы орындалады;
4) негізгі қорғалатын ережелер бойынша мазмұны эксперименттік-зерттеу (әдістемелік, практикалық) бөлімдерді қамтуы тиіс.
4.4 Магистрлік диссертация бойынша жұмыс күнтізбелік кесте бойынша (1-қосымша) ғылыми жетекшінің басшылығымен орындалуы тиіс.
4.5 Магистрлік жұмыс міндетті түрде университеттің сараптау комиссиясында немесе мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама ұлттық орталығында плагиаттық тексеруден өтуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |