Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет100/386
Дата26.12.2023
өлшемі7,25 Mb.
#144082
түріОқулық
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   386
Қотырдың 
клиникалық 
түрлері: 
типті, 
жоғарыда 
берілгендер; 
«тазалардың 
қотыры» – клиникалық көрінісі 
өте аз болатын түрі; асқынған 
түрі 
– 
алапеспен 
ауратын 
науқастарда, 
қотырдың 
клиникалық 
көрінісін 
бетперделейтін 
пиодермиялардың қосарлануы; 
норвегиялық – қышу болмайды, 
үлкен қабыршақтар, папуланың, 
везикуланың, 
пустулалардың, 
эритродермияның 
(АИТ-
инфекциясы 
және 
басқалар) 
болуымен 
сипатталады. 
Қотырлық 
лимоплазия 
иммуноаллергиялық 
сипатты 
болады, қатты түйінмен білінеді. 
Жиі ұмада, жыныс мүшесінде, 
құйрықта, шынтақта орналасады 
(41-сурет).
Емі.
Емінде мүйізгекті қабатты 
болбырлайтын, қотыр қақпасына 
енетін, 
кенелерді 
жоятын 
препараттар 
қолданады. 
Паразиттерге 
қарсы 
препараттардың түрлері өте көп. 
Бірақ, терапияның әсері жиі 
препаратпен емес, оны қолдану 
дұрыстығы 
және 
еміне 
байланысты. 
Науқасқа 
қотырға 
қарсы 
препаратты жағу алдында тері 
беткейінен кенелер және болбырланған мүйізгекті қабатын 
механикалық жою үшін ыстық душ қолдану қажет. Пиодермия 
39-сурет. Баладағы қотыр 
41-сурет. Қолтық астында 
орналасқан қотырлық 
лимфоплазия 
40-сурет. Баладағы қотыр 
41-сурет. Қолтық астында 
орналасқан қотырлық 
лимфоплазия 


немесе 
экзематозды 
үрдісте 
емнің 
алдында 
душ 
тағайындалмайды. Ем кезінде де жуынуға болмайды. Қотырға 
қарсы препараттарды бас терісінен басқа дене терісіне және аяқ-
қолдарына, әсіресе қотыр кенелерінің орналасатын жерлеріне 
жағады. Экзематизация немесе импетигинизацияда паразиттерге 
қарсы препараттарды сылап сіңірмейді, тек қана зақымдалған 
ошақтарға жағады. Сонымен қатар асқыну емінде жүргізеді. 
Теріге бензилбензоат ерітіндісін (бензой қышқылының бензил 
эфирі) сылап сінірудің әсері тиімді. Ересектерге 20%, ал 
кішкентай 
балаларға 
10% 
сулы-сабынды 
бензилбензоат 
эмульсиясы қолданылады. 20% эмульсияны дайындау: 780 мл 
қайнаған суға 20 г ұнтақталған сабын және 200 мл 
бензилбензоатты ерітеді.
Эмульсияны 10 минуттан 2 рет (10 мин үзіліспен) сылап 
сіңдіріп жағады. Содан кейін науқас таза киімдерін киіп, төсек 
жабдықтарын ауыстырады. 2-ші және 3-ші тәулік науқас 
жуынбайды, бірақ әрбір қол жуғаннан кейін препаратты 
саусақтарына жағады. 4-ші күні түнде жуынғаннан кейін 
процедураны қайталайды. Сіңіріп жағудың бұндай интервалы 2 
тәулік ішінде жұмыртқаның шығу әсеріне байланысты. Келесі 
таңда науқас моншада немесе душтың астында жунады және іш 
киімдерін ауыстырады.
Қотырдың емінің соңында аталған әдістердің кез келгенінде 5 
–7 күн ішінде қалдық көріністер сақталып қалуы мүмкін. 
Науқасты емнен кейін 10–12 күн бақылайды, ал тексеріп, бақылау 
1,5 айға созылады. Ем аяқталғаннан кейін бірінші тексеріс 3 
күннен кейін, ал келесілері – әрбір 10 күннен кейін жүргізіледі. 
Қатынаста болған адамдарды әрбір 10 күн сайын 1,5 ай бойына 
тексеру қажет. 
Қотырдың емі үшін аэрозоль формасында спрегаль тиімді 
болып табылады. Бірақ, препаратты анамнезінде бронхиальды 
астмасы бар пациенттерге, ауыр қауіп тобына және летальды 
бронхоспазмға байланысты тағайындауға болмайды. Спрегаль бір 
рет қолданады, егер 8–10 ішінде симптомдары сақталса, оны 2-ші 
рет жағады. Бетіндегі тырнаған іздерді спрегальға малған
мақтамен сүртеді. Қазір жаңа препарат ұсынылған, ивермектин, 


ішуге 200 мг/кг есебімен тағайындалады. Препаратты аптасына 
біреттен 2 рет қолданғаннан кейін жазыла бастайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   386




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет