Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет121/386
Дата26.12.2023
өлшемі7,25 Mb.
#144082
түріОқулық
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

49-сурет. Руброфития:
а – қызыл жегі типтес; б – жайылған түрі. 
Руброфитияны 
эпидермофития, 
трихофития, 
кандидоз, 
микробты 
экзема, 
псориаз, 
аяқ 
басы 
және 
тырнақ 
эпидермофитиясымен, 
интертригинозды 
кандидоз 
және 
дисгидротикалық экземамен екшеу диагнозын жүргізеді.
Рубромикоздың 
фолликулярлы-түйінді 
формасын 
терең 
пиодермотиттерден 
(фурункул, 
терең 
фолликулит), 
инфильтративті-іріңді трихофитиядан, түйінді терең васкулиттен, 
терінің индуративті туберкулезінен (Базен), папулонекротикалық 
туберкулезден 
ажыратады. 
Жайылған 
рубромикоздың 
эритродермиялық 
формасын 
экземадан, 
псориаз 
тәрізді 
эритродермиядан, терінің Т-лимфомасының эритродермиясынан 
ажырату керек. 
Емі.
Тері микозының емі сыртқа қолданатын дәрілермен 
жүргізеді. Сквамозды формасында кремдер немесе жақпамайлар 
қолданылады: кетоконазол, клотримазол, нафтифин, тербинафин, 
эконазол немесе салицил-күкіртті (3 немесе 10%). Емдеу мерзімі 


жекелеп қарастырылады және аурудың клиникалық көріністерінің 
жойлу (шешілу) уақытына байланысты.
Содан кейін компресстік қағаздың астына 2-5% салицилды 
жақпамай жағады, одан кейін тәңертең оны алғаннан кейін, жылы 
мүйізгекті қатпарлану жұмсартатын, оларды жеңіл алып тастауға 
болатын сабынды-содалы ванна жасайды.
Аяқ басының микозында жедел екіншілік аллергиялық 
бөртпелердің еміне ерекше көңіл аудару қажет. Негізінен 
гипосенсибилизацияланған антигистамин препараттар (кальций 
глюконат, натрий тиосульфат, магний сульфат, диазолин, 
кларотадин 10-15 күн аралығында) қолданылады. Дозалар мен 
қолдану ұзақтығы эритемада ісіктің айқындылығы және аурудың 
ағымына байланысты. Тамырлардың интерорецепторлерінің 
тітіркенуі және қабынудың өршуінде кальций хлорид қолдануды 
ұсынбайды.
Екіншілік 
инфекция 
қосылған 
кезде, 
саңырауқұлақ 
инфекцияларын белсендірмейтін антибиотиктер (эритромицин, 
тетрациклин, линкомицин, фузидин-натрий және т.б.) немесе 
сульфаниламидтық препараттар тағайындалады.
Жедел қабыну көріністері бар микоздың бірінші сатысында 
2% бор қышқылы еріндісін (немесе калий перменганатын 1:6000, 
немесе 0,5% резорцин ерітіндісін) тәулігіне 2-3 рет 1-2 тәулік 
аралығына қолданады. Сыртқа антисептикалық, бактерицидты 
фукорцин тәрізді, 2% анилин бояғыштары бар 2% спиртті 
ерітіндісі, 0,25-0,5% күміс нитраты ерітіндісі тағайындалады. 
Қабыну симптомдары азайып, сулану тоқтағаннан кейін
саңырауқұлаққа қарсы пасталар және жақпамайлармен таңу 
жасалады. Оларға 2-3% күкіртті-салицил, 5% қарамай, 2-5% 
борлы-нафталинды жақпамай, Теймуров пастасы 5-7 күн 
аралығына, немесе құрамында саңырауқұлаққақарсы және 
глюкокортикоидты препараттар бар жақпамай (натамицин + 
неомицин + гидрокортизон немесе мазипредон + миконазол) 
тәулігіне 2 рет 7-10 күн аралығында қолданылады. Екіншілік 
бактериальды 
инфекцияда 
құрамында 
антибиотиктер, 
кортикостериодтар және антимикотиктер (акридерм ГК, тридерм, 


пимафукорт) бар препараттар тәулігіне 2 рет 3-5 күн аралағына 
қолданылады. 
Сыртқы терапияның нәтижесі болмаған кезде жүйелі әсер 
ететін 
антимикотикалық 
препараттар 
тағайындалады: 
итроконазол (тамақтан кейін 200 мг/тәулігіне 7 күн, содан кейін 
100 мг/тәулігіне 14 күн); немесе тербинафин (сонымен қатар 
тамақ ішкеннен кейін 250 мг/тәулігіне 3-4 апта аралығында); 
немесе флуконазол (аптасына 1 рет 150 мг 4 апта аралығына); 
немесе низорал (алғашқы 2 күн 0,2 г 2 рет, содан кейін тамақтан 
кейін немесе тамақтан соң 1 тб 1 рет, курс – 2-6 апта). 
Жасөспірімдер бастапқыда Уайтфилд жақпамайымен жеңіл 
қабыршақтанады, ересектерде – Ариевич жақпамайымен 
жасайды. 
Қабыршақ түскен соң жас мүйізделген тері үстіне 
гризеофульвин, канестон жақпамайларын, тербинафин, кандид, 
клотримазол кремдерін жағады. 
Балаларға салицил мазі, бор қышқылының ерітінділерін 
дымқылдаушы (ауырған жерге дәрілі дымқыл дәкі басу) түрінде 
қолдануға болмайды. Себебі, бұл абсорбция нәтижесінде уытты 
әсер беруі мүмкін. 
Тырнақтың 1/3-ін немесе жартысын алып жататын бір 
саусақтың дистальды немесе қаптал жиектерінің зақымдалуын 
жақпалар мен тазартулар көмегімен-ақ емдеуге болады. 
Емдеудің бірнеше сызбасы ұсынылады (Ж.В. Степанова). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   386




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет