Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет122/386
Дата26.12.2023
өлшемі7,25 Mb.
#144082
түріОқулық
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

1-сызба.
Крем немесе кетоконазол ерітіндісін (немесе 
клотримазол, 
нафтифин, 
тербинафин, 
оксиконазол, 
циклопироксоламин) сау тырнақ өсіп шыққанша күніне 2 реттен 
жағу керек. Тазартуды кератолитикалық қоспалар көмегімен 
жасайды. Тырнақтың инфекцияланған аймағын алып тастағаннан 
кейін тазартылған тырнақ орнына саңырауқұлаққа қарсы 
препараттардың біреуін (тербинафин, кандид және т.б) жағуға 
болады. 
2-сызба.
Аморолфин, 5%-қ лак. Башпай тырнақтарына 9-12 
ай, ал саусақ тырнақтарына 6-8 ай бойына аптасына 1-2 реттен 
зақымдалған жерге жағады. 


8%-қ циклопирокс лагын 1-ші айда күнара, 2-ші айда 
аптасына 2 рет, 3-ші айда аптасына 1 рет, әрі қарай сау тырнақ 
өсіп шыкканша, бірақ 6 айдан кем емес, жағу керек. 
3-сызба.
Микоспорлар дәрілік түрі – крем түріндегі тырнақ 
еміне қолданылатын жинақ. Жинақ құрамына 10 г, 1 г-да – 0,01г 
бифоназол мен 0,4 г мочевина бар, сондай-ақ ланолин, ақ воск пен 
ақ вазелин, препаратты мөлшерлеуге арналған құрылғы, 15 жолақ 
су өткізбейтін пластырь мен егегіш (кескіш) кіреді. 1 жинақтағы 
крем мен пластырь орташа алғанда 30 процедураға жетеді. 
Микроспор-крем құрамындағы мочевинаның көмегімен тырнақты 
ерітіп, ауырсынусыз инфекцияланған тырнақ пластинкасын алып 
тастауға мүмкіндік береді. 
Бұл кремді қолданып, жұмсарған тырнақ пластинкасын жоюға 
және саңырауқұлаққа қарсы әсер алуға болады.
Тырнақтың тұтастай немесе көптеген зақымдалуында 
науқасты тексерістен өткізгеннен соң (бауыр қызметі), емді 
жүйелік әсер ететін антимикотиктермен жүргізеді. Келесі 
препараттарды тағайындайды (ересектер дозасы): 
- итраконазол 200 мг-н, 3 апталық үзіліспен, 7 күн бойына 
күніне 2 рет береді, барлығы 3-4 курс жүргізіеді; 
- тербинафин 250 мг-нан (1таблетка) күніне 1 реттен тамақтан 
соң, саусақ онихомикозында 2 ай бойына, ал табан 
онихомикозында 3-6 ай бойына қолданады. Салмағы 20 кг-нан 
төмен балалар үшін тербинафиннің ¼ таблеткасы (түймедағы) 
(62,5 мг/күніне), 20-40 кг салмақты балаларға ½ таблетка (125 мг).
40 кг-нан асатын балаларға үлкендердің дозасын береді; 
- флуконазол 150 мг-нан (балаларға 5-8 мг/кг) тамақтан соң, 
сау тырнақ толығымен өскенше аптасына бекітілген күні 1 рет 
қабылдау керек; 
- кетоконазол 200 мг-нан (15-30 кг аралығындағы балаларға – 
100 мг/күніне, 30 кг-нан асқан балаларға – 200 мг/күніне) күнде 
сау тырнақ өсіп шыққанша қабылдайды; бірінші күні балалар мен 
ересектерге қос дозаны бірден береді; 
- гризеофульвин 12,5 мг/(кг/тәул.), бірақ ересектер 1 г/тәул. –
ден көп емес 1-ай бойыны күніні 2-3 рет қабылдайды, келесі 2-ші 
ай бойына күнара, одан соң аптасына 2 рет, ары карай сау тін өсіп 


шыкканша қабылдайды. Балаларға 16/мг (кг/тәул.) дозасымен осы 
сызба бойынша бере береді.
Онихомикоздың жергілікті емі зақымдалған тырнақты бұзып, 
алып тастап, орнына сау тырнақ өсіп шыққанша фунгицидті 
заттар жағуға негізделген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   386




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет