Ауру
ұзаққа созылады, жиі бірнеше ай. Екіншілік
эритродермия дамуымен
(lichen ruber planus generalisata)
жайылған дерматоздың дамуы тіркелген.
а б
в г
71-сурет. Қызыл тегіс теміреткі:
а – ауыз қуысының кілегей қабаты;
б – тілде;
в – қатты таңдай;
г – еріннің қызыл жиегі;
д – еріндер және ұрт
д
Буллезді түрінде, типті түйіндермен қатар,
мөлшері
түйіреуштен бұршаққа дейін, қақпағы қалың көпіршіктер мен
сулы бөртпелер пайда болады. Бірнеше сағаттан 2 тәуелікке
дейін сақталады. Эпителизация тез жүреді.
Келесі тағы бір түрі, ол
инфильтративті-
перигландулярлы
түрі –
сирек
кездеседі. Оған стромаға терең
кіріп,
кілігей
қабатының
рельефін
өзгертетін
перигландулярлы инфильтрат
тән. Бұдырмақты беткей пайда
болды да, тін қалыңдығы
айтарлықтай арытады.
Жалпақ
қызыл теміреткінің
бірнеше атипті формаларын
ажаратады:
атрофиялық,
пемфигоидты,
пигментті,
сүйелді, сақина тәріздес
(73-сурет).
Гипертрофиялық,
сүйелді
формасы
(lichen
planus
hypertrophicus,
seu
verrucosa)
сүйелді
гиперплазияның
нәтижесінде
дамиды
(73-сурет, г)
. Сүйелді гиперкератикалық
қабатпен қапталған көгілдір немесе күрен қызыл түсті қатпар
түрінде көрініс береді. Олардың айналасында
жекелеген ауруға
тән папулалар орналасуы мүмкін. Орналасуы- жіліншіктің
алдынғы беті, сирек тері қабатының басқа да бөліктері.
Атрофиялық
(73-сурет, а)
және склеротикалық формалар
(lichen
planus atrophicus, lichen planus sclerosus). Папула мен
бляшкалар жазылғаннан соң атрофиялық және склеротикалық
өзгерістер орын алуы мүмкін.
Аяқ-қолдың жазғыш бетінде
фолликулярлы кератоз симптомдарымен қосарланып жүретін,
pseudopelada типті бастың шашты бөлігінің атрофиялық ұсақ
ошақты
шаштың
түсуі
дамиды
(Лассюэр-Литтль
симптомокомплексі)
(74- сурет).
Пемфигоидты немесе көпіршікті формасы
(lichen ruber
pemphigoides, seu bullosus) - құрамы
серозды немесе серозды-
қанды болып келетін көпіршіктер дамуымен өтетін сирек
экссудативті форма. Көпіршіктер диаметрі 1-2 см.
Достарыңызбен бөлісу: