Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет188/386
Дата26.12.2023
өлшемі7,25 Mb.
#144082
түріОқулық
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   386
Токсикалық-аллергиялық
 
түрінде жиі қозғаушы фактор 
ретінде дәрілік заттар жүреді: сульфаниламидтер, амидопирин, 
барбитураттар, тетрациклин және басқалар. Сонымен қатар 
алиментарлық факторлар мен аутоиммундық процесстің 
маңызында жоққа шығаруға болмайды.
Клиникалық 
көрінісі.
Инфекциялық-аллергиялық 
экссудативті эритема әдетте, бастың ауруымен, мазасызданумен, 
аранының, бұлшық еттердің, буындардың ауруымен білініп, 
жедел түрде басталады, 1-2 күннен кейін теріде, әсіресе, 
алақандар мен табанда, ауыз қуысының кілегей қабатында, ерінде 
және гениталияда бөртпелер пайда болады. Бөртпелер тек қана
теріде немесе тек қана ауыз қуысында анықталуы мүмкін. Ауыз 
қуысының кілегей қабатының зақымдалуы науқастардың үштің 
бірінде, ауыздың жергіліктенген зақымдануы 5% науқастарда 
байқалады. Бөртпе байқалғаннан соң 2-5 күннен кейін жалпы 
көріністер жойылып кетеді, кейде қызба мазасыздық 2-3 аптаға 
дейін сақталуы мүмкін.
Қабынулық процесстер дамуы 
нәтижесінде папулезді, пустулезді немесе папуло-пустулезді 
элементтер дамиды 
(97-сурет)
. Қабыну өзгерістерінің дерма 
құрылымы зақымсыз қалатын бұл сатысында элементтер тыртық 
түзбей жазылуы да мүмкін. Тереңге жайылған және қосылысқан 
түрлерінде олар тығыздалып, инфильтрат түзеді не абсцесстенеді, 
жазылған соң терең, көпіршелі тыртық түзіледі. 
Бөртпелер симмериялы орналасқан, жайылған, полиморфты.
Сүйікті орналасатын жері – қолдарының жазғыш беті (блек, қол 
басы). Процесске еріндер және ауыз қуысының кілегей қабаты 
араласады. Морфологиялық элемент – шектен тыс шектелген дақ 
немесе дөңгелек немесе овальды формалы, диаметрі 3 мм-ден 15 
мм-ге дейін, қызғылт-қызыл немесе ашық қызыл түсті, шетке 
өсетін және ортасында ойық бар, ісінген папула. Кейбір 
бөртпелердің ортасында жаңа папулезді элементтер пайда болады 
(98-сурет)
. Бөртпелердің қосылу салдарынан полициклдік шегі 
пайда болады. Шеткі білік көкшіл болады.
Ауру циклдік ағымды болады. Бірнеше күннің ішінде жаңа 
бөртпелер пайда болады. Әдетте, процесс 10-15 күнге созылады, 
іссіз жойылып кетеді. 


Ауыз қуысының кілегей қабатында клиникалық көрінісі 
мотондылау, бірақ ағымы бойынша терідегіден ауыр. 
Бөртпелер жиі еріндерде, ауыздың кіреберісінде, ұртта және 
таңдайда орналасады 
(98-сурет)
. Кенеттен шектелген немесе 
таралған, ісінген эритема пайда болады 1-2 күннен соң осы фонда 
көпіршіктер пайда болады да, осы мерзімдей кезінде 
ауырсынатын эрозиялар пайда болады. 
Соңғылар қосылып, барлық ауыз қуысының кілегейін және 
еріндерді толық қамтитын эрозиялық аймақтар пайда болады 
(99-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   386




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет