Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет206/386
Дата26.12.2023
өлшемі7,25 Mb.
#144082
түріОқулық
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   386
 
2.7. НЕЙРОДЕРМАТОЗДАР 
 
2.7.1.
 
Т
ЕРІНІҢ ҚЫШУЫ 
 
Бұл, біріншілік морфологиялық элементтер болмаса да қасу 
рефлексін 
шақыратын, 
субъективті 
сезім. 
Қышудың 
айқындылығына байланысты теріде қасығаннан кейін тырнақтың 
ізі 
қалуы 
мүмкін 
(экскориациялар). 
Жайылған 
(генерализацияланған)
және 
шектелген (жергіліктенген)
терінің 
қышуы болып бөлінеді.
Жайылған терінің қышуының этиологиясы мен патогенезі
Жиі жалпы аурулардың фонында пайда болады: қан 
сарысуындағы қант мөлшерінің жоғарғы көрсеткішінің немесе 


қант диабетінің, тиреотоксикоздың, ер және әйел адамдардың 
дисгармониялық бұзылыстарының, ішек-қарын жолдарының 
(ахилия, созылмалы колит, ішек дисбиозы) бауыр (гепатиттер 
және 
олардың 
салдары 
– 
цирроз) 
патологияларының, 
гельминтоздардың, бүйрек ауруларының, простатиттің, жатыр 
фибромиомасының, 
атеросклероздың, 
қан 
ауруларының, 
кезкелген жерде орналасқан қатерлі ісіктердің болуы маңызды
болып келеді.
Физикалық факторларды да есепке алу керек:
• жоғарыға көтерілгенде байқалатын (6-10 мың метрден жоғары, 
барометриялық қысымның төмендуіне байланысты); 
• мауысымдық қышу: 
- салқындық, жылылық;
- терінің үлкен аймақтары сәулелендірілгенде байқалатын күндік 
(жарықтық) қышу. Бұнда терінінің күн көзінің қысқа толқынды 
да (ультракүлгін), ұзынтолқынды да сәулелеріне сезімталдығы 
жоғарлайды.
Терінің қышуының пайда болуында нервтік-психикалық және 
вегетативтік бұзылыстар (теріс эмоциялар, күрделі саналық 
жұмыс және т.б.) маңызды орын алады. Жақында терінің 
паразитарлық ауруларымен ауырған немесе сондай науқастарды 
көрген адамдарда психогенді қышу – мнимодермия, акарофобия – 
болуы мүмкін.
Қышу кейбір тамақтарды қабылдағанда байқалуы мүмкін: 
циртусар, шоколадтар, кофе және т.б., егде адамдарда 
(қарттардың қышуы).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   386




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет