Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет221/386
Дата26.12.2023
өлшемі7,25 Mb.
#144082
түріОқулық
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   386
Клиникалық көрінісі.
Жедел есекжем үдемелі, кенеттен 
басталады, денесінде, аяқ-қолдарында көптеген бөртпелер пайда 
болады. Күлдіреуіктер тері бетінен жоғары орналасатын терінің 
емізікшелі 
қабатының 
жедел 
ісіңуімен 
өтетін, 
седепті 
(перламутрлі) реңмен қанық қызғылт түсті, қышыйтын тығыз 
түзіліс болып келеді 
(115-сурет)
.
Егер күлдіреуіктер көп болса, олар шеттері тегіс емес 
полициклді шеттері бар кеңейген ошақтарға айналады. Бұл кезде 
қалтыраумен бірге субфебрилитет (есекжемдік қызба), асқазан- 
ішектік бұзылыстар, өт шығару жолдарының дискинезиясы
невротикалық бұзылыстар болуы мүмкін. Бөртпе элементтері 
ауыз кілегейінде пайда болып, тыныс алу мен жұтынуды 
қиындататын ісіңумен жүреді. Жедел есекжем бірнеше күн 
сақталады. 
Шектелген жедел Квинке ісігі (син.: алып (өте үлкен) есекжем, 
ангио-невротикалық ісік) – кенеттен пайда болатын тері (кілегей 
қабаты) мен беттің (ерін, ұрт, қабақ және т.б) және жыныс 
мүшелерінің шектелген ісігі. Терісі ұстап қарағанда тығыз-
эластикалық, түсі ақ, сирек қызғылт түсті болады. Көбіне 
субъективтік сезімдер болмайды, сирек күйдіру сезімі мен 
қышыну болады. 


Бірнеше сағаттан кейін немесе 1-2 күннен соң ісік қайтады, бірақ 
рецидивтер болуы мүмкін. Квинке ісігі кейде жай есекжеммен 
қосарласып жүреді. Көзшарасы ісінген жағдайда көз алмасының 
медиальды бағытта ығысып, көрудің нашарлауы мүмкін. Әсіресе 
көмей немесе жұтқыншақтың ісігі қауіпті, себебі стеноз бен 
асфиксияға әкелуі мүмкін. 
Есекжемді 
жедел
және 
созылмалы 
деп бөледі. Жедел 
есекжемге 
(116-сурет)
үлкен 
күлдіреуіктермен, 
жиірек 
қасарланып, бетте, мойында, денеде байқалатын Квинке ісігімен, 
сипатталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   386




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет