Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет284/386
Дата26.12.2023
өлшемі7,25 Mb.
#144082
түріОқулық
1   ...   280   281   282   283   284   285   286   287   ...   386
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
145-сурет. Екіншілік жаңа 
сифилистегі бөртпелену


Кейбір уақыттан соң папуланың орталық бөлігіндегі мүйізді 
қабат жарықшақтанып, папула қабыршақтана бастайды да 
біртіндеп Биеттің «жағалығын» түзеді. Алақан мен табандағы 
мұндай папулалар жаңа да болуы мүмкін, бірақ жиі қайталамалы 
екіншілік мерез кезінде болады. Мерездің «жасы ұлғайған сайын» 
бөртпелердің ассиметриялылығы арыта түседі, алақан мен 
табанды қоса, олардың сақина, доға түрінде топнануы, ірі 
фестонды құрылымды бляшкаларға бірігуі, кейде айқын 
қабыршақтану, жарықшақтанудың болуы кеш қайталамалы 
мерезде болады. 
Кейде папула беткейіндегі қабыршақтану айқын болғаны
сондай, онда мүйізгекті қатпары қалындау түзіледі. Дегенмен 
олар әрқашан шектелген іркілісті-қызыл түсті ашық емес түсті 
қоршаумен қоршалып жатады. 
Суланған папулезді сифилид лентикулярлы папулалар тер көп 
бөлінетін және қажалуға көп ұшырайтын жерлерде дамиды 
(жыныс мүшелері, анальді аймақ, шап-сан, бөксеаралығы, 
қолтықасты қатпары, аяқтың башпайаралық қатпары, әйелдердегі 
сүт бездерінің астындағы тері және т.б.). Сонымен қоса, 
папуланың беткейінен мүйізді қабықтың мацерациясы мен 
ажырауы болады, соның нәтижесінде дұрыс дөңгелек пішінді 
суланған эрозия түзіледі. Эрозивті папулалардың серозды 
бөлінісінде бозғылт трепонемалардың көп мөлшері болады. Ұзақ 
уақытты тітіркендіру нәтижесінде суланған папулалар ұлғайып, 
іріфестонды шекттері бар қатпарларға қосылады. Екіншілік 
инфекция қосылған жағдайда эрозивті папула ойық жараға 
айналады. Элементтердің қоршап жатқан сау теріден бөлек 
орналасуы, эрозияның қоршаған беткейден жоғары орналасуы 
мен әлсіз білінетін субъективті белгілер (қышыну, күйдіру) 
диагноз қоюға мүмкіндік береді. 
Жалпақ кондиломалар (вегетирлеуші папулалар) үлкен жыныс 
еріндері мен оған жақын жатқан теріде, көтен аймағында, 
бөксеаралық 
және 
шап-сан 
қатпарында, 
қолтық 
асты 
шұнқырында, башпайаралықта, кіндік аймағында, ұмада, шап-ұма 
қатпарында, еркек жыныс мүшесінің түбінде орналасқан 
эрозиялық папулалардан түзіледі. Бұл папулалар ұзақ уақытты 


тітркендіру әсерінен вегетирленеді, олардың беткейі төмпешікті, 
тегіс емес, серозды немесе серозды жабысқақ қақпен қапталады, 
оның құрамында бозғылт трепонемалар көп мөлшерде болады. 
Вегетирлеуші папулалар немесе жалпақ кондиломалар 
ұлғаюға бейім және үлкен көлемдерге жетуі мүмкін. Жалпақ 
кондиломалар негізінен екіншілік қайталамалы мерезге тән және 
кей сатыларда аурудың кеш кезеңінің жалғыз көрінісі болуы 
мүмкін. 
Милиарлы папулезді сифилид өте сирек кездеседі. Негізінен 
адам денесінің бетінде топталған қою қызыл немесе мыс тәріздес 
– қызыл түсті, конус тәрізді, көлемі бидай немесе арпа дәні 
тәрізді, тығыз папулалар түзіледі. Бөртпелер сақина, доға, 
бляшкалар түзеді, олардың шеттері тісті, ал беткейі ұсақ 
түйіршікті болады. Түйіндер май-шаш фолликулаларының 
саңылауларының маңында орналасады. Жекелеген папулалардың 
беткейінде қабыршақ немесе мүйізді тікенектер болады. 
Милиарлы папулалар кейде бозғылт және ұсақ болғаны сондай, 
милиарлы сифилид кейде қаз терісіне ұқсас келеді. 
Көп мөлшердегі милиарлы сифилид мерездің ауыр ағымы 
туралы ақпарат береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   280   281   282   283   284   285   286   287   ...   386




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет