Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет285/386
Дата26.12.2023
өлшемі7,25 Mb.
#144082
түріОқулық
1   ...   281   282   283   284   285   286   287   288   ...   386
Ажырату диагностикасы
.
Лентикулярлы сифилид жалпақ 
қызыл 
теміреткімен, 
парапсориазбен 
және 
қабыршақты 
теміреткімен ұқсас келеді. Дегенмен жалпақ қызыл теміреткіде 
папулезді 
сифилидпен 
салыстырғанда 
жалпақ, 
жылтыр, 
полигональді, ортасында кіндік тәрізді ойығы бар ливидті түсті 
папулалар түзіледі. Біркелкі емес гранулез себебінен папуланың 
беткейінде ақшыл-сұрғылт түсті торша (Уикхем торы) дамиды. 
Көбіне поцесс қатты қышынумен өтеді. 
Клиникалық жағынан парапсориаздың тамшытәрізді түрін 
мерездік папулалардан ажырату қиын, бірақ парапсориазда тек 
өзіне ғана тән симптомдар үшітігі болады. Бөртпелерді қырғанда
жасырын қабыршақтану анықталады, «қабықша» симптомы (Л.Н. 
Машкиллейсон), яғни түлеу коллоидты жұқалтыр тәріздес және 
папуланың айналасында геморрагиялар болады. Сонымен қатар, 
парапсориазда бөртпелер мерездік түйіндермен салыстырғанда аз 
инфильтратқа ие және ауыз кілегейіне сирек шығады. 


Қабыршақты теміреткі псориазформды папулезді сифилидтен 
стеаринді дақ феноменымен, псориатикалық жұқалтырмен және 
нүктелі қансыраумен, шетке қарай өсумен және қатпарлар 
түзумен қосылуға бейімділігімен, жиі рецидивті созылмалы 
ағымымен ерекшеленеді. Сонымен қатар псориатикалық 
бөртпелерге қызғылт түс тән. 
Жалпақ кондиломалар сүйірұшты кондиломалармен, ал 
көтеншек аймағында орналасса – геморроидальді түйіндерге 
ұқсас келеді. 
Сүйірұшты кондиломалар жалпақ кондиломалардан жіңішке 
аяғы бар түрлі-түсті орамжапырақты еске түсіретін бөліктік 
құрылымымен ерекшеленеді. Сүйірұшты кондиломалар жұмсақ 
консистенциялы, сонымен қоса аяғының негізінде де, әр түрлі 
көлемді, диаметрі 1 см немесе одан да көп, түсі қалыпты тері 
түстес немесе қызғылт-қызыл түсті, кейде аздап қансырап тұрады. 
Сүйірұшты кондиломалар жыныс мүшелері мен көтеншектің 
айналасында орналасатындықтан, олардың беті базданған және 
эрозияланған болады. 
Бүкіл негізімен теріде орналасатын жалпақ кондиломалармен 
салыстырғанда, геморроидальді түйінде бір беткейі болсын тік 
ішек кілегей қабатымен жабылған болады. Бұған қоса, 
геморроидальді түйін жұмсақ консистенциялы болады, жиі 
қансырайды және онда тығыз эластикалық инфильтрат болмайды. 
Геморройдың ұзақ болуын және геморроидальді түйіндердің 
үстінен мерездік папулалардың даму мүмкін екенің ескерген жөн. 
Милиарлы сифилид терінің лихеноидты туберкулезімен ұқсас 
келеді. Мерездік папулалармен салыстырғанда, туберкулез 
элементтері жұмсақ консистенциялы, сарғыш-қызыл түсті, 
топтасуға бейім, бөртпелердің бетінде қабыршақтар түзіледі, 
процесс негізінен балалық шақта басталады, туберкулин 
реакциялары оң, мерездің басқа да белгілері жоқ және мерезге 
жасалған серологиялық реакциялар теріс болады. Осы белгілердің 
барлығы дұрыс диагноз қоюға мүмкіндік береді. 
Папулезді мерездің ажырату диагностикасында науқастарды 
мерезге серологиялық зерттеу маңызды орын алады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   281   282   283   284   285   286   287   288   ...   386




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет