Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет299/386
Дата26.12.2023
өлшемі7,25 Mb.
#144082
түріОқулық
1   ...   295   296   297   298   299   300   301   302   ...   386
Клиникалық 
көрінісі
гумманың 
орналасқан 
жеріне 
байланысты болып келеді. Тілдің зақымдалуы бөлек гумма 
(түйінді глоссит), сирек диффузды склерозирлеуші глоссит 
түрінде болуы мүмкін. Бұл формалары қосарлануы мүмкін. 
Алдымен тілдің ішінде (қалыңдығында) негізінен плазматикалық 
клеткалармен диффузды инфильтрация пайда болады, тіл аздап 
ұлғаяды, бірақ бұл жағдайда ешқандай түйіндер түзілмейді. Тіл 
тығыз, көптеген аумақтарында кілегей қабығы қалыңдаған 
болады. Кейін инфильтрат тілді тартып тұратын тыртықты тінмен 
алмастып, нәтижесінде ауыр трофикалық бұзылыстар пайда 
болып, тіл кішірейіп, одан сайын тығыздалып, беті кедір-
бұдырланып, емізікшелері тегістеледі. Тілдің арқасында 
ауырсынатын жарылулар, трофикалық жаралар, олардың шеттері 
кейде қатерлі ісікке айналуы мүмкін. Диффузды склерозирлеуші 
глосситтің фонында бөлек гуммалар (аралас глоссит) түзілуі 
мүмкін. 
Қатты таңдайда 
гумма ортаңғы сызықта орналасады. 
Мұндағы кілегей қабық жұқа болғандыықтан, таңдайдың 
сүйегімен байланысып, гуммозды процесс өте тез сүйек қабымен 
пен сүйекке өтуі мүмкін. Гумманың инфильтраты тез ыдырап, 
сүйек ашылып, некрозданып, секвестрленіп, ауыз бен мұрынның 
ортасында жол пайда болады.
Жұмсақ таңдайдың мерездік зақымдалуында
барлық таңдай 
пердесі 
мен 
оның 
бөліктерінде 
диффузды 
гуммозды 
инфильтрация пайда болып, диффузды гуммозды инфильтрация 
фонында ірі түйінді гуммалар түзіледі. Жұмсақ таңдайда 
арнамалы процесс қызару және ісіну ретінде перифокальды 
қабынумен қосарланып жүреді. Тілшіктегі гуммалар әдетте тез 
ыдырап, тілшіктің бұзылуына алып келеді. Жұмсақ таңдайдағы 


зақымдалудың тыртықтануында, жұмсақ таңдайдың қысқаруы, 
жұтқыншақтың қабырғасының бітелуі сияқты деформациялар 
пайда болады. Жұмсақ таңдайдағы гуммозды процессті кілегей 
қабықтың қоңыр-қызғылт түсі, таңдайдың инфильтрациясы, 
фонация кезінде таңдайдың бір жақ жартысы қалыс қалады, 
барлық таңдайдың қозғалысы шектеледі. Ерінде орналасқан 
гуммада, қан тамырлардың көп болуына байланысты, басқа 
аумақтарға қарағанда ісіну айқынырақ болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   295   296   297   298   299   300   301   302   ...   386




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет