Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет69/386
Дата26.12.2023
өлшемі7,25 Mb.
#144082
түріОқулық
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   386
 

 18-сурет. Фурункул 


конус тәрізді ісікке ұқсас болып келеді 
(18-сурет)
. Бұл аралықта 
ауырсыну 
күшейіп, 
дене 
қызуы 
37-38°С-қа 
көтеріліп, 
интоксикация белгілері пайда болады (жалпы әлсіздік, бас ауруы). 
Әрі қарай пустула қақпағы жарылып, фурункулдан ірің, кейде қан 
аралас бөлініс ағады, соңынан сары-жасыл түсті некротикалық 
”тығын” (некротикалық серіппе) түзіледі. Серіппе түскен соң 
ісіну, инфильтрация және ауырсыну жойылып, фурункул қуысы 
грануляцияланып, 2-3 күннің ішінде тыртыққа айналады. Тыртық 
алғашында көк-қызыл түсті болады, уақыт өте ақ түске айналып, 
кейде тіпті білінбей кетеді. Әдетте фурункулдың даму процессі 
ағымы 8-10 күнге созылады.
Жасырын ағымында іріңдеу мен некрозсыз ауырсыну сезімін 
туғызатын инфильтрат түзіледі.
Әлсіреген, басқа аурулармен де ауыратын немесе фурункулды 
дұрыс емдемеу нәтижесінде ол абцесске айналуы мүмкін 
(абсцедирлеуші не флегмонозды фурункул). 
Фурункулдар терінің алақан мен табаннан басқа түгі бар кез-
келген аймағында орналасуы мүмкін. Бірен-саран фурункулдар 
жиі шүйде, иық, бел, эпигастрий, жамбас, аяқтың терісінде 
кездеседі. Сыртқы есту жолының фурункулы өте қатты 
ауырсынумен жүрсе, жоғарғы еріннің фурункулы өте қауіпті, 
себебі ми тамырының септикалық флебиті мен жалпы сепсистің 
түзілуіне әкелетін лимфатикалық және веноздық жолдардың 
тромбозын туғызу мүмкіншілігі жоғары. Фурункул мойын, кеуде, 
сан, лимфатикалық түйіндерге жақын орналасса, жедел бағандық 
лимфангит пен лимфаденит дамуы мүмкін. Фурункул кезінде 
бауыр, бүйрек, т.б. ішкі мүшелерге көшіктер болуы мүмкін. Бұл 
асқынулардың барлығы кей жағдайларда фурункулға аса назар 
аудару қажеттілігін көрсетеді. Оны қысып шығаруға әрекет 
жасау, қырыну кезінде жарақаттап алу, жеткіліксіз жергілікті ем 
және оның бет терісі мен мұрын кілегейінде орналасуы 
фурункулдың асқынуына себепші болады.
Гидраденит
(итемшек 
– 
Hydroadenitis

– 
орталық 
некротикалық серіппесі жоқ апокринді бездердің (қолтықасты, 
шап қыртыстары, кеуде емізіктері аймағы, анальді тесік) іріңді 


қабынуы 
(19-сурет)
. Трихофитиялық гранулема жиі бастың 
шашты бөлігі мен сақал шығатын иекте орналасады.
Шамалы қышу байқалады, содан соң тері асты шел майында, 
инфильтрат аймағында аурсыну байқалады. Инфильтраттың 
үстінде (үлкен түйін немесе бірнеше түйін түрінде) терінің 
қызаруы байқалады да, іріңдік (абсцесс) қалыптасады. Олрадың 
ортасында 
флюктуация 
белгіленіп, 
жақында 
олар 
жарылып, қою, жасыл-сары ірің 
бөліне бастайды. Содан соң 
қабыну 
көрінісі 
азайып, 
инфильтрат біртіндеп сорылып 
кетеді. Гидрадениттың даму 
шыңында дене қызуы көтеріліп, 
дәмкәстік 
байқалады. 
Эволюциясы 10-15 күн жүреді, 
кейде созылып кетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   386




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет