Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық


С ТРЕПТОКОККТЫ ПИОДЕРМИЯЛАР



Pdf көрінісі
бет71/386
Дата26.12.2023
өлшемі7,25 Mb.
#144082
түріОқулық
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   386
С
ТРЕПТОКОККТЫ ПИОДЕРМИЯЛАР 
(
СТРЕПТОДЕРМИЯЛАР
)
 
 
Стрептококктар стафилококктар тәрізді тер-шашты аппарат 
пен тер бездерін емес, көбіне жұмсақ теріні зақымдайды. 
Негізінен стрептодермия терінің үстіңгі бөлігінде орналасады. 
Біріншілік элемент – әлсіз көпіршікше (фликтена) құрамында 

 
20-сурет. Карбункул 


мөлдір сұйықтығы бар және шетке қарай өсуге бейім болады. 
Көбіне терісі нәзік балалар мен әйел адамдарда жиі кездеседі. 
Стрептококкты импетиго. 
Морфологиялық
 
элементі –
фликтена, яғни жұқа, болбыр қақпақты, терінің деңгейінде 
жатқан, серозды сұйықтықпен толған беткей эпидермальды 
пустула. Фликтена гиперемия (білік) аймағымен қоршалған, 
перифериялық 
өсуге 
бйімділігі 
бар 
(21-сурет)

Оның 
құрамындағы сұйықтық тез кеуіп, сабан-сары түсті қабыршаққа 
айналады, алып тастағанда ылғал эрозивті беткей ашылады. 
Біріншілік фликтена айналасында жаңа ұсақ, топтасқан 
фликтендер пайда болады, олар жарылғанда әшекейленген пішін 
қабылдайды. 
Процесс 
1-2 
апатада аяқталады.
Саңалау тәрізді импетиго, 
ауыздық.
 
Фликтена 
ауыз 
бұрыштарында орналасады, тез 
құрғап, қабыршақ пайда болады.
Кейде 
жарылып, 
процесс 
созылмалы ағымды болады.
Буллезді 
импетиго 
(Бокхарт импетигосы).
Бұл 
жағдайда көпіршіктің қақпағы 
кернеген, сұйықтығы серозды-іріңді, кейде –қан араласқан 
болады. Көпіршікпен бірге типті фликтендерде болуы мүмкін 
(22-
сурет).
Буллезді импетиго диаметрі 2-3 см және одан да үлкен 
көлемдегі фликтеналар шығуымен сипатталады. Көпіршік 
жарылуы орнында қалған эрозиялар біртіндеп ұлғаяды; 
айналасында жарылған көпіршік қақпақшасының қалдығы 
сақталады. Бұл түрдің жиі кездесетін орны – саусақ сырты, сирек 
– сирақ пен табан.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   386




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет