Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық


-сурет. Микотикалық экзема



Pdf көрінісі
бет116/386
Дата26.12.2023
өлшемі7,25 Mb.
#144082
түріОқулық
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

 
46-сурет. Микотикалық экзема


идентификациялау үшін микроскопиялық және культуральды 
зерттеулер жүргізіледі.
Ажырату диагнозын тырнақтың жарақаттық зақымдалуымен, 
псориазбен, экземамен, қызыл тегіс теміреткімен, Рейтер 
ауруымен, онихопатиялармен; аяқ-қол бастарында байқалса – 
экземамен, туа болған гиперкератозбен жүргізіеді.
Емі. 
Шамалы білінетін түрі. 
Кез-келген дәрілер түрін 
қолдануға болады: құрамында экзодерил, ламизил, кетоконазол 

47-сурет. Қол басының
онихомикозы 
(тотальды түрі) 
а
 

б
 

в 
 
 
48-сурет. Аяқ басының онихомикозы:
а – тотальды түрі; б – онигрифоз; в – онихолизис


(низорал), циклопирокс (батрафен), бифоназол, нафтифин, 
фунготербин, залаин бар ертінділер, спрейлер, кремдер, 
жақпамайлар.
Препараттарды күніне 1 рет тазалап, кептірілген теріге 
жағады, емдеу ұзақтығы орта есеппен 2 апта құрайды. 
Ертінділерді, кремді және жақпамайларды кекзектестіріп 
қолдануға болады.
Изоконазол, эконазол, циклопирокс, ундацилен қышқылы, 
миконазол сияқты антимотикалық дәрілерді клиникалық 
көріністері жойылып кеткенше күніне 2 рет қолданады, содан соң 
емді 1-2 аптаға жалғастырады, бірақ оларды күніне 1 рет 
қолданады.
Сквамозды-гиперкератотикалық 
түрі. 
Мүйізделген 
қабаттарды жою үшін табанға 5, 10 немесе 15% салицил 
вазелинін тәуілігіне 1-2 рет (түнге май сормайтын қағаз астына) 
мүйізді масса толық жойылып кеткенше қолданады.
Ариевич бойынша сылып алу тиімдірек: ауруханада 2 тәуілік 
бойына табанға (үйде емделсе 4-5 күн қатарынан түнде жасайды) 
жылытқыш астына құрамында 12 г салицил қышқылы, 6 г сүт 
қышықылы және 100 г дейін вазелин бар жақпамайды жағады. 
7 күн бойна таңертең және кешке табанға жағатын сүтті-
салицилді коллодий (сүт және салицил қышқылдары – 10 
граммнан, 100 граммға дейін колодий) ыңғайлы, содан кейін 
түнге қарай жылытқыш астына 5% салицил вазелинын, ертеңгісін 
аяғына сабынды-содалы ванна жасайды; сылынған эпидермисті 
пемзамен қырып тастайды. Одан әрі жоғарыда көрсетілген 
антимикотикалық кремдерге, жақпамайларға ауысады.
Интертригинозды түрінде – спрей ламизил, травокорт, 
мырышты паста қолданылады. Баздану, мацерация жойлып, 
жарықтар эпителизацияланғаннан кейін, әдетте, сыртқы әсерлі 
саңырауқұлаққа қарсы дәрілер (экзодерил, ламизил, циклопирокс-
батрафен және басқалар) қолданады.
Аяқ 
басы 
терісінде 
жедел 
қабыну 
көріністерінде 
(дисгидротикалық түрі, жедел түрі) экземадегідей жүргізеді. 
Гипосенсибилизациялық ем ретінде келесілердің бірін қолданады: 
кальций хлориді (10%), натрий тиосульфаты (30%) көктамырға, 


кальций 
глюконаты 
(10%) 
бұлшықетке; 
антигистаминді 
препараттар (хлоропирамин – супрастин, мебгидролин – 
диазолин, кетотифен – задитен, цетиризин, лоратадин, 
дезлоратадин және бесқалар). 
Сыртқа қолданылатын дәрілік заттардан бор қышқылы (2%), 
резорцинол (2%), күміс нитраты (0,25%), 0,01% мирамистин 
және 
басқалар 
қолданады; 
бактериальды 
инфекциялар 
қосарлағанда 1: 6000 калий пермманганат ертіндісімен, содамен 
(200 мл қайнаған суға 1 ас қасық сода салады) ванна жасайды. 
Қабықтарды алып тастап, көпіршіктерді стерильді қайшымен 
жарып, зақымдалған ошақтарды метилен көгінің сулы немесе 
бриаллиант көгінің (1%) ертіндісімен өңдейді. Содан соң 
нафталанмен 3-5% АСД қолданады. Ламизил спреясын қолдануға 
болады. Саңырауқұлаққа қабынуға қарсы және (немесе) 
антибактериальды әсері бар басқа да дәрілерден қолдану тиімді 
деп есептеледі: травокорт, травоген, пимафукорт, 1% экзодерил 
кремі, 1% ламизил кремі, банеоцин (ұнтақ, жақпамай) және 
басқалар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   386




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет