Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет117/386
Дата26.12.2023
өлшемі7,25 Mb.
#144082
түріОқулық
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

Онихомикоздың емі. 
Этиотропты ем
 
(жергілікті, жүйелі, 
қосарланған) – тырнақтардың сакырауқұлақтық инфекциясының 
бірден-бір тиімді әдісі.
Жергілікті емі.
 
Топикалық антимикотиктер, жүйелі дәрілерді 
қолданғанда байқалатындай, жүйелі айналымға сорылмайтын 
болғандықтан, оның басымдылығы жағымсыз және токсикалық 
әсерінің болмауында.
Жергілікті ем көрсеткіштері:
- орташа тырнақастылық гиперкератоз; 
- бір немесе екі тырнақтың зақымдалуы.
Жергілікті емнің кемістігі препаратты тырнақ пластинкасы 
бетіне жаққанда, ол тырнақ ұсында және (немесе) матриксінде 
орналасқан саңырауқұлаққа кезкелген уақытта жете бермейді.
Соңғы жағдайда жергілікті дәрілермен емдеу тиімсіз, ал 
зақымдалған жерге дәріні жеткузу үшін, тырнақ пластинкаларын 
кератолитикалық пластырь көмегімен бұзу немесе механикалық 
жолмен алып тастау керек. Тырнақтарды алып тастау және 
емдеуге арналған арнайы жиынтық бар – бифоназол – микоспор. 


Оның ішінде, дерматофиттерге, өңезделгендерде (плесеньге), 
ащытқы 
тәрізді 
саңырауқұлақтарға 
кең 
әсерлігімен
ерекшелінетін, 
активті 
заттарды 
бифоназол, 
имидазол 
қосымшалары құрайды. Жиынтыққа 1% жақпамай тюбикте 10,0 
мл дозатормен, суға берік пластырьлер және қырғыш кіреді.
Жақпамай кератолитикалық әсер етеді (10-15 күнге созылады). 
Содан соң 4-6 апта бойына 1% бифоназол кремін жағады. Ең тімді 
және ыңғайлы дәрілік заттарға, әсіресе онихомикозды емдеуде, 
батрафен, аморолфин (лоцерил) лактары жатады. Оларды 
тырнақты алып тастамай-ақ немесе жартылай істеп те, 
пайдалануға болады.
Жүйелі ем.
 
Емдеу тәжірибесіне замануи антимикотиктерді 
енгізу 
нәтижесінде 
онихомикоздарды 
емдеуде 
үлкен 
жетістіктерге жету мүмкін болды. Таңдамалы дәрілер болып, 
тербинафин, итраконазол, флуконазол есептеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   386




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет