Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет225/386
Дата26.12.2023
өлшемі7,25 Mb.
#144082
түріОқулық
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

Ересектер қышымасы 


Бұл 
ауру егде тартқан 
әйелдерде жиі кездеседі. Оның 
негізінде 
асқазан-ішек 
функциясының 
бұзылысы, 
эндокринопатиялар, 
алиментарлы факторлар жатыр. 
Клиникалық көрінісі.
Аяқ-
қолдың жазғыш бетінде, кейін 
арқа, іш және бөксе терісінде 
үдемелі қышыну мен папулезді 
бөрпелер пайда болады. Аяқ-
қолдың бүккіш беті мен бет 
терісі 
бұл 
процесске 
қосылмайды. 
Папулалар 
жайылып орналасқан, қосылуға бейім емес. Олар тығыз 
консистенциялы, конус немесе жартылай шеңбер тәрізді, 
диаметрі 2-4 мм, қанық қызыл түсті. Көптеген папулалар 
экскориацияланған, геморрагиялық қабықты. Папулалар жиі 
ашық түсті эритема мен үдемелі қышынумен білінеді, уртикарлы 
түрде болады. Қышыну және экскориациядан кейін процесс 
остиофолликулиттер, 
фоликулиттер, 
полиаденопатияның 
қалыптасуымен жүретін пиодермиямен асқынады 
(118-сурет)

Қышыманың созылмалы ағымында невротикалық бұзылыстар 
болып, ұйқысының бұзылысы байқалады. Мұндай науқастарда 
лимфа түйіндері ұлғайып, қанында эозинофилия анықталады. 
Гайд қышымасы.

25-45 жастағы әйелдер жиі ауырады. Аурудың гормондық 


бұзылыстармен, 
гипофизарлы-бүйрекүсті 
байланыс 
өзгерістерімен, 
нерв 
жүйесінің 
кейбір 
бөлімдерінің 
бұзылыстарымен, аутоинтоксикациямен байланысты деген 
болжам бар.
Клиникалық көрінісі

Диаметрі 1 см-ге дейін қатты, 
шектелген, лас-сұр түсті түйін тәрізді папулалар тәрізіді 
бөртпелер; ол жиі аяқ-қолдың жазғыш бөлігінде, балтырда, қол 
басының сыртқы бетінде орналасады. Қатты биопсирлеуші қышу 
байқалады.
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   386




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет