Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет226/386
Дата26.12.2023
өлшемі7,25 Mb.
#144082
түріОқулық
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
118-сурет. Ересектер қышымасы.


Ажырату диагностикасын
Дюрингтің герпетиформды 
дерматитпен жүргізеді, ол кезде бөртпелер полиморфизмі 
(везикулалар, көпіршіктер, уртикарлы, эритематозды, және 
папулезді элементтер), везикулезді элементтердің топтасуға 
бейімділігі, науқастардың калий йодидіне жоғары сезімталдығы, 
көпіршікті сұйықтықта эозинофилия анықталады. Қотыр 
ауруының элементтері аяқ-қолдың бүккіш бетінде және дененің 
басқа 
да 
бөліктерінде 
орналасады, 
папуло-везикулезді 
элементтерден қотыр кенесін табуға болады. 
Емі.
Атопиялық дерматипен ауыратын науқастардың емімен 
бірдей. 
Түйінді қышыма 
Жиі 50 жастан асқан адамдарда, әсіресе әйелдерде кездесетін, 
клиникалық және гистопатологиялық жағынан айқындалған 
созылмалы ағымды ауру. Өте ауыр және ұзаққа созылатын 
қышыма жүйке рецепторларының өзгеруіне әкеледі. 
Патогенезі.
Ауру 
негізінде 
созылмалы 
гепатитпен, 
гепатохолециститпен, сирек бауыр циррозымен қосарланатын 
эндокрин жүйесінің бұзылысы жатыр. Шешуші фактор ретінде 
жиі күйзелістік жағдайлар, жәндіктердің шағуы саналады. 
Клиникалық көрінісі
.
Тығыз жартылай шар тәріздес 
түйіншіктер және түйіндер пайда болады, диаметрі 5-15 мм 
немесе одан да үлкен, қанық қызыл түсті, кейде кірпішті-қызыл 
түстес, тегіс бетті немесе сәл бұдырлы (веррукозды) болады. 
Элементтер аяқтардың жазғыш беттерінде, кейде қолдардың және 
денесінің терісінде орналасады. 
Диагностикасы
.
Ауруды ажыратуды ересектердің қарапайым
қышымасымен 
жүргізеді, 
себебі 
бұл 
ауру 
түйінді 
инфильтрацияның массивтілігі мен көлемділігімен ерекшеленеді. 
Жалпақ қызыл теміреткіде элементтер жалпақ жылтыр бетті, 
полигональды пішімді, Уикхем торымен болады. 
Емі.
Қышынуға қарсы, антигистаминді препараттармен қоса 
(лоратадин, клемастин, эбастин және т.б), жергілікті қышынуға 
қарсы заттары мен димексид бар крем мен жақпамайлар 
қолданылады. 
Айқын қышынуда жақпамай жақпастан бұрын құрамында 2% 


фенол, 1-2% ментол, 5% анестезин және 2-4% лимон қышқылы 
бар спиртті ерітінділер немесе окклюзионды байламаның астына 
кортикостероидты жақпамайларды жағу қажет. Процесс қатаң 
түрде өткен жағдайда хлорэтилен, сұйық азотты себу, түйіндерді 
2% 
новокаин 
ерітіндісімен 
егу, 
лазеротерапия 
немесе 
диатермокоагуляция әдісімен жою жүргізіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   386




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет