Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық


Диагноз   клиникалық көріністерін және гистологиялық  зерттеулер нәтижелерін ескеріп қойылады. Ажырату диагнозын



Pdf көрінісі
бет236/386
Дата26.12.2023
өлшемі7,25 Mb.
#144082
түріОқулық
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

Диагноз
 
клиникалық көріністерін және гистологиялық 
зерттеулер нәтижелерін ескеріп қойылады.
Ажырату диагнозын
 
жіп тәрізді мүйізді өскінділер және 
шетінде мүйізді гипертрофиялық қабаты бар қарапайым
сүйелмен, пиогеннді гранулемамен (қою қызыл түсті, жұмсақ беті 
мацерацияланған, іріңді қабықшалармен жабылған) жүргізеді.
Емі 
– оталық жолмен зақымдану ошағын кесу.
А
БРАЗИВТІ ПРЕКАНЦЕРОЗДЫ 
М
АНГАНОТТИ ХЕЙЛИТІ 
 
Жиі 60 жастан асқан ер адамдарда пайда болады. Негізінен 
төменгі ерін зақымданады.
Клиникалық көрінісі.
 
Овальды немесе дұрыс емес формалы, 
тегіс, жылтырақ бетті, қаныққан қызыл түсті эрозия пайда 
болады. Оның бетінде, алып тастағанда қансырайтын қабық пайда 
болуы мүмкін. Эрозияның айналасында тығыздық болмайды, 
эрозияның негізінің фондық қабынуы тұрақты болмайды 
(123-
сурет)
. Залалды ісікке айналуы 1,5 жылдың ішінде байқалуы 
мүмкін.
Диагноз
 
клиникалық көріністерін және гистологиялық 
зерттеулердің нәтижесін ескеріп қойылады. 


 
Ажырату диагнозы

Манганотти хейлиті қызыл жегінің 
эрозиялық-жаралы түрінен соңғысында тоқыраулы эритема, 
гиперкератоз, тыртықты атрофияның байқалуымен ажыратылады. 
Қызыл тегіс теміреткінің эрозиялық-жаралы түрінде ақшыл-сары 
папулалар болады, олар нәзік суретті «қырыққұлақ жапырағын» 
құрайды. Көпіршектен бұл патология эрозияның бетінде Тцанк 
жасушаларының 
болуымен 
ажыратылады. 
Герпетикалық 
эрозияларда шектерінің полициклдігі, ауырсынуы анықталады.
Емі. 
Қоздырғыш факторлардың әсерін жою немесе азайту 
қажет (метеорологиялық әсерлер, протез салу, асқазан-ішек 
аурулары және басқалар). Ішуге А дәрумені, ксантинол 
никотинат, аскорутин тағайындалады.
Жергілікті ем: 
А дәруменінің майлы ертіндісі, шырғанақ 
(облепиха) майы, итмұрын майы, солкосерил (желе, жақпамай). 
Тиімділігі байқалмаса немесе залалдану белгілері байқалса, сау 
тіндер аймағында оталық кесу жүргізеді. Егер оталық ем мүмкін 
болмаса криодеструкция (сұйық азотпен) жасалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   386




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет