Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық


-сурет. Актиникалық хейлит



Pdf көрінісі
бет243/386
Дата26.12.2023
өлшемі7,25 Mb.
#144082
түріОқулық
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   386
 
127-сурет. Актиникалық хейлит


келеді. Кейбір науқастарда еріннің жиегінде мүйізденген 
бөліктері немесе веррукозды өсу байқалады. Карциноманың даму 
қаупі жоғары болғандықтан, инфильтрация, көпке дейін 
жазылмайтын жарылу немесе жараларда биопсия алған дұрыс. 
Актиникалық хейлиттің экссудативті формасы жедел өтеді 
және көктем-жаз мезгілінде төмеңгі еріннің қызыл жиегінің 
ісінген фонында ашық қызыл түсті гиперемиямен білінеді. 
Процесс өршіген жағдайда ерінде ұсақ көпіршіктер пайда болады, 
олар ашылып артынан қабыршақпен қапталатын жайылған эрозия 
қалдырады. Субъективті жағынан науқастар қышыну мен күйдіру 
сезіміне шағымданады. Күз-қыс мезгілінде жағдайы жақсарады. 
Актиникалық хейлит диагнозын қойған жағдайда ауру қатерлі 
процесстің көрінісі екенін ұмытпаған жөн, демек бұл науқастарға 
бақылау мен емдеу қажет. Ұзақ уақыт кетпейтін эрозиялар
сызаттар, негізі тығыздалған немесе мүйізгектелген жаралар 
қатерлі ісікті жоққа шығару үшін гистологиялық зерттеу 
жасалады. 
Актиникалық хейлиттің экссудативті формасының ажырату 
диагностикасын 
аллергиялық 
(атопиялық) 
хейлитпен, 
эксфолиативті хейлитпен, қызылжегімен жүргізеді. Атопиялық 
хейлит тек төмеңгі ерінмен шектелмейді, жыл мезгіліне 
байланысты емес. Диагностикада мұқият жиналған анамнез бен 
мұқият теріні қарау маңызды, себебі терісінде ауруға тән белгілер 
болуы мүмкін. Эксфолиативті хейлит актиникалық хейлиттің 
құрғақ формасынан еріннің қызыл жиегінің тек төменгі ғана емес, 
жоғарғы 
да 
қызыл 
жиегінің 
зақымдалуымен 
жүреді. 
Қызылжегідегі 
төменгі 
еріннің 
зақымдалуы 
ажырату 
диагностикасында үлкен қиындықтар туғызады. Қиын жағдайда 
диагностикалық биопсия жасау қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   386




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет