Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет261/386
Дата26.12.2023
өлшемі7,25 Mb.
#144082
түріОқулық
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   386
Диагностикасы.
Контагиозды жұлдыз құртты пинцетпен 
түйінді жанынан басқанда оның ортасында ботқа тәрізді, ірімшік
 

 
 
 
 
 
 
 
 

 
135-сурет. Қатынастық ұлу 
(моллюск)


сықылды ақ түсті масса шығады, мүйізделген жасушалардан және 
ерекше (овоидты) ұлу денешіктері шығады. Сүйелдерде орталық 
басылған аймақ болмайды және мөлдір-сұр (перламуторлы) түсі 
болмайды. 
Емі.
Пинцетпен сығып немесе өткір қасықпен қырып тастап,
5–10% спиртті йод ерітіндісімен майлау, малынған дәкіні түйінді 
өңдеу және диатермокоагуляция, криотерапия. 
ІІІ–БӨЛІМ 
 
3. АИТВ-ИНФЕКЦИЯ МЕН ЖҮРЕ ПАЙДА 
БОЛҒАН ИММУНОТАПШЫЛЫҚ 
СИНДРОМЫНЫҢ ТЕРІЛІК КӨРІНІСТЕРІ (ЖИТС) 
 
Адамның иммунотапшылық вирусы (АИТВ) ретровирустар 
тұқымына жатады және CD4 (Т-хелпер) лимфоциттеріне тропизмі 
бар, бұл олардың өлімі мен иммунитеттің төмендеуіне әкеледі. 
Жүре пайда болған иммунотапшылық вирусы (ЖИТВ) – 
АИТВ-инфекциясының соңғы стадиясы, бұл кезде иммунды 
жүйенің төмендеуі қайталамалы жұқпалы аурулар мен 
қатерлі ісіктерге әкеледі. 
Эпидемиологиясы.
ДДҰ мәліметтеріне сай 2005 жылдың 
желтоқсанына дейін әлемде 40,3 млн АИТВ-инфекциясын 
жұқтырғандар тіркелген, оның 4,9 млн 2005 ж анықталған. Сол 
жылы 3,1 млн адам қайтыс болған, олардың 570 000 – 15 жасқа 
дейінгі балалар. Жаңа жағдайлардың тіркелуінің өсуі жағынан 
Ресей алдынғы қатарда келеді. Тіркелген АИТВ-инфекциясын 
жұқтырғандар Ресейде 360 000, бірақ олардың негізгі саны бұдан 
бірнеше есе көп. 
Этиологиясы мен патогенезі.
АИВ ретровирутар тобына 
жатады және CD4-рецепторы бар Т-хелперлерге тропизмі бар. 
Вирустың екі типі анықталған: АИВ-1 (әлемде де, біздің елде де 
кең тараған түрі) және АИВ-2, бұл түрі көбіне Батыс Африкалық 
науқастардан анықталады. 


АИВ берілу жолы – жыныстық, қан арқылы, вертикальді. 
Негізгі жолы – гетеросексуальді және гомосексуальді байланыс 
кезінде таралады. 
Қан арқылы ортақ шприцті пайдаланғанда (нашақорларда), 
АИВ-инфицияланған 
мүшелер 
мен 
тіндерді 
трансплантациялағанда, қан мен оның препараттарын құйғанда 
жұғады. АИВ тасымалдаушыларының қанынан жасалған 
препараттарды (VIII және IX факторлар) гемофилиямен ауыратын 
науқастарға құйғанда және өлген адам роговицасын алмастырып 
салғанда, даму жағдайлары тіркелген. Вертикальді жұғу 
құрсақішілік немесе босану кезінде, сонымен қатар емшек сүті 
арқылы жүзеге асады. Басқа берілу жолдары (ауа-тамшылы, қан 
сорғыш жәндіктер арқылы) тіркелменген. 
АИВ/ЖИТС-тің негізгі қауіпті топтары: 
– инъекциялық наркотикалық заттарды қолданушылар 
– коммерциялық секспен айналысатын қос жынысты адамдар, 
гомосексуалдармен қоса. 
– төрмеде отырғандар 
– мигранттар мен көшкен жер аударылған адамдар және 
қараусыз қалған және жетім балалар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   386




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет