қайталануы (сол немесе басқа дерматомада)
және оның
созылмалы ағымы анықталады.
Веррукозды лейкоплакияның
қатпарлы және сүйелді түрлері
бар. Этиологиялық факторы Эпштейн-Барр вирусы болып
табылатын соңғысына төмпешікті және сүйелді
ауыз қуысының
кілегейінде шеттері тегіс емес сүтті-ақ немесе ақ түсті
түзілістердің пайда болуы тән. Сүйелді лейкоплакияның
көріністері бар науқастардың 80% («түкті тіл») 7-31 айдан соң
ЖИТС дамыған.
Желшешек varicella zoster
мен
герпес
zoster
бір вируспен
шақырылады. Бірден пайда болатын
везикулезді бөртпелер
терідегі су тамшыларын еске түсіреді. Везикулалар ортасында
кіндік тәрізді батық болады, ал везикулалардың өзі 8-12 сағаттан
соң пустулаға, артынан қабыршаққа айналады. 1-3
аптадан соң
олар түсіп қалғаннан соң қызғылт, дөңгелек пішінді аздап солғын
кірігулер, кейде атрофиялық тыртықтар қалады. Алғашқы
элементтер бет пен бастың шашты бөлігінде пайда болып,
артынша дене мен аяқ-қолға тарайды.
Бөртпелер жауырын
арасында, дененің бүйір беттерінде, тізе асты және шынтақ
шұнқырында көп мөлшерде болады.
Жиі кілегей қабаттар
зақымдалады: таңдай, жұтқыншақ, көмей, кеңірдек. Қынаптың
кілегейі мен конъюнктивада да бөртпелер болуы мүмкін.
Субъективті науқастар айқын қышыну шағымданады.
Аурудың
ересек адамда дамуы, әсіресе ол қауіпті топтан болса,
серологиялық зерттеуді қажет етеді.
Сүйірұшты
кондилома,
адам
папилломасы
вирусымен
шақырылады (көбіне 6 және 11
типтерімен),
жұмсақ
сүйелді
түзілістер
болып
келеді.
Ірі
ошақтарға бірге отырып олар түрлі-
түсті
орамжапырақ немесе әтеш
айдарын еске түсіреді. Еркектер
жыныс мүшесінің ішкі бетінде және
әйелдерде
қынап кіре берісінде
кездеседі
(137-сурет)
.
Достарыңызбен бөлісу: