Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық


-сурет. Сифилистің екіншілік кезені



Pdf көрінісі
бет293/386
Дата26.12.2023
өлшемі7,25 Mb.
#144082
түріОқулық
1   ...   289   290   291   292   293   294   295   296   ...   386
 
147-сурет. Сифилистің екіншілік кезені: 
а) тіл мен қатты таңдай 
папулалары; б) бадамша бездер папулалары
 
148-сурет. Сифилитикалық баспа 
(ангина)


байқалады. Ауыздың кілегей қабығындағы папулалар кез-келген 
жерде пайда болып, бір-бірімен бірігуге бейім келеді. 
Папулалардың түрі пайда болу ұзақтығына байланысты. 
Папула ауырсынбайтын, қалыпты кілегей қабықтан айқын 
шектелген, көтеріңкі дөңгелек немесе сопақша формалы, қанық 
қызыл түсті, кейде аздаған көкшіл, диаметрі 1 см дейін, беткейі 
тегіс, 
негізінде 
кішкентай 
тығыздау 
инфильтратымен 
сипатталады. 2-3 күн өткен соң қабыну әсерінен түзілетін 
экссудат папуланы жауып тұрған эпителийге сіңіріліп, типті сұр-
бозғылт түсті шеткі аймағында қабыну гүләтжімен (гүлдің 
әртүрлі әсем түстігі бөлігі), қалыпты кілегей қабықтан шектеліп 
тұрады. Папула айналасындағы кілегей қабықтан шығып тұрмауы 
да мүмкін («жылтыр түсті қатпар»). Егер папула 7-8 күннен артық 
тұрса, папуланы жауып тұрған жабынды шпательмен алынып, 
орнында ет тәрізді қызыл түсті эрозия, ал бөліндіде бозғылт 
трепонемалар анықталады. 1-3 апта өткен соң папула пайда 
болып, оның беті эрозияланады. Бұл папулалардың тағаммен, 
тістермен, 
темекі 
түтінімен, 
алкогольмен 
жарақаттану 
нәтижесінде папула бетінде мацерацияланған эпителий бөлініп, 
орнында эрозиялар пайда болады. Эрозивті папулалар әлсіз 
ауырсынатын, жұқпалы болып келеді. Кілегей қабықтағы 
папулалар жараға айналуы мүмкін. Мұндай жаралар кішкентай 
беткейлі жаралардан басталып, ірі сарғыш-сұр жабындымен 
немесе іріңмен жабылатын, ірі жараларға айналады. Егер 
екіншілік инфекция қосылса, ауырсыну күшейіп, жараның 
айналасындағы гиперемия аймағы ұлғаяды. 
Ауырсыну сезімі папуланың эрозиялануына, әсіресе ауыз 
бұрышында орналасқанда, байланысты байқалады (мерездік
ауыздық). Папулалар ұзақ байқалса, жарақаттаунға ұшырап, 
кейде шетке қарай өсіп қана қоймай, гипертрофияланады. Бұл 
олардың ауыз бұрышында, ауыспалы қатпарларда, ұрт пен 
тістердің қосылатын жерлерінде, тілдің бүйір беткейінде 
орналасқанда байқалады.
Ауыз қуысының әр түрлі анатомиялық құрылысы тілдің 
арқасында орналасқан сифилидті, ауыз қуысының басқа 
бөліктерінде орналасқан сифилидтерден ажыратады. Кейде тілдің 


жіпті емізікшелері папула аймағында айқын көрініп, ал 
папалулалар айналасындағы кілегей қабықтан тегіс емес сұр 
ошақтар түрінде шығып тұрады. 
Алайда бөртпелер аймағында емізікшелер болмайды. Бұл 
жағдайда папула беті тегіс, жылтыр, қызғылт-көк түсті, бұрыс 
(дұрыс емес) немесе сопақша реңді болып келеді. Мұндай 
папулалар тілдің кілегей қабығында орналасып, зақымдалған 
аймақ айналасындағы кілегей қабықтан төмен орналасқандай 
болып тұрады. 
Тілдің арқасының папулезді зақымдалуы көрнекті. Мұндай 
жағдайда тілдегі папулалар гребеньда, тілдің сайында тереңделіп, 
жиектері тығыздалып, терең жарықтар сияқты болады.
Мерездік папулалар екіншілік рецидивті мерез кезінде 
бадамша бездерінде жиі орналасып, олардың зақымдалуы 
папулезді мерезді баспа деп аталады. Зақымдалу көрінісі әртүрлі 
болып, бөртпенің орналасуына, бөртпенің түріне және зақымдалу 
интенсивтілігіне тәуелді болып келеді. Папулалар тікелей 
лакуналарда ақ жабынды ретінде орналасып, арнамалы баспаға 
ұқсайды. Бірақ көп жағдайда бұл ұсақ папулалар бір-бірімен 
үлкен ошақтарға бірігіп, бадамша бездің бос беткейін жауып
доғаларға, айналасындағы кілегей қабыққа ауысады (жұмсақ 
таңдай, жұтқыншақтың бүйір бағаналары, ретромолярлы 
кеңістік). Доғалардағы бірігіп кеткен папулалар мерездік баспаны 
лакунарлы баспадан ажыратады. Бұл кезде папулалар алдыңғы 
доғалардың жиектерінде, кейін бадамша бездеріне тарап, 
жоғарыда жұмсақ таңдай мен қатты таңдайға дейін жетеді. 
Папулалар алдыңғы таңдай доғасымен бадамша без 
қатпарында немесе таңдайдың артқы бетінің пердесінде 
орналасады. Бұл жағдайда папулаларды мұрынжұтқыншақ 
айнасы арқылы артқы риноскопия кезінде немесе алдыңғы 
доғаны шпательмен тартқанда анықтауға болады. Папулезді 
мерезді баспаны папулалар қосылғанда және олардың жұмсақ 
таңдай мен тілшік, доғаларға таралғанда, әсіресе созылмалы 
тонзиллитпен ауырғанда, әсіресе, айналасындағы кілегей қабық 
ісіңкі және гиперемияланған болса, дифтерияны еске түсіреді. 
Бірақ, күшті ауырсыну сезімдерінің, токсикоз көрінісінің 


болмауы, мацерацияланған сұры-ақшыл зақымдалу аймақтары-
ның алынуы, сонымен қатар лабораторлық зерттеулерде бозғылт 
трепонеманың немесе күлдің коринебактериясын анықталуы, 
дұрыс диагноз қоюға мүмкіндік береді. 
Папулезді мерездік баспаны 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   289   290   291   292   293   294   295   296   ...   386




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет